«30 күнге – 30 игі шара» жобасы аясында «Шейх Кунта қажы мешіті» мен «Зекет және қайырымдылық» қорының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігі елордадағы №20 орта мектептің ұстаздарына құрмет көрсетіп, ауызашар себеттері мен «Рамазан сыйлығын» табыстады.
Мешіт бас имамы Ибрагим Сматаев Ұстаздар қауымына құттықтау лебізін білдіріп, қасиетті Рамазан айы жайында аз-кем насихат айтты. Ұрпақ тәрбиесі жолындағы ұстаздардың еңбегі ерекше екенін атап өтіп, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «30 күнге – 30 игі шара» жобасын іске асыруда.