Биыл 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбет айтты.
«Жыл басынан бері қандастарға азаматтық беру мерзімі 2 есеге, 6 айдан 3 айға дейін қысқартылды. Шамамен 225 қандасымыз жеңілдетілген тәртіппен азаматтығын рәсімдеді. Реттелмейтін құқықтық мәртебемен анықталған 45 тұлға Қазақстан азаматы деп танылып, құжаттарын алды», – деді Арман Баймұхамбет.
Сонымен қатар ол елімізде төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдеу мерзімі оңтайландырылғанын атап өтті. «Жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеу тетіктері де жетілдіріліп жатыр. Осы жылдың 9 айының ішінде 143 мың төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп, берілді», – деді басқарма басшысы.