Сенбі, 4 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Уақыт – мұсылманның ең үлкен нығметі

04.04.2026
- Ислам
0
5
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алла Тағала адам баласына сансыз нығметтер сыйлады. Сол нығметтердің ішіндегі ең қымбаты – уақыт. Ол қайта айналып келмейтін, орны толмайтын, қадірін білмеген жан опық жейтін баға жетпес қазына.  Уақыт – адам өмірінің өзегі, ғұмырдың өлшемі. Ұлы Жаратушы Құран Кәрімде уақытпен ант етеді. Бұл уақыттың қаншалықты ұлы нығмет екенін білдіреді. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

وَالْعَصْرِ. إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِي خُسْرٍ.  إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ.

«Ғасырға серт! Шынында, адам баласы зиян ішінде. Тек иман келтіргендердің, соған сай игілікті істер атқаратындардың, бір-біріне ақиқатты насихаттайтындардың және бірін-бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек», – деген («Аср» сүресі, 1-3-аяттар).

Имам Найсабури (Алла оны рақымына алсын): «Уақытпен ант етілуінің өзінде бір ишара бар: адам басына түскен қиындықтар мен қайғыларды уақытқа жауып қояды. Ал Алланың уақытпен ант етуі – оның қадірі мен абыройының дәлелі. Негізінде, бақытсыздық пен зиян уақыттан емес, адамның өз бойындағы кемшіліктен туындайды. Сондықтан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болын): «Заманды балағаттамаңдар», – деген», – дейді.

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана

03.04.2026
Адал қоғам құру – ортақ мақсатымыз

Адал қоғам құру – ортақ мақсатымыз

02.04.2026

Дүниедегі мал-мүлік жоғалса, оның орнын толтыруға болады, ал босқа өткен бір сәтті ешкім қайтара алмайды. Асыл дініміз адам өмірінің әрбір мезетін мәнді де берекелі өткізуді үйретеді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

نِعْمَتَانِ مَغْبُونٌ فِيهِمَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ: الصِّحَّةُ وَالْفَرَاغُ

«Адамдардың көпшілігі қадірін біле бермейтін екі нығмет бар: денсаулық және бос уақыт», – деген (имам Бұхари).

Осы хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың көпшілігі қадірін білмейтін екі ұлы нығметті баяндайды. Көп адамдар бұл нығметтердің шынайы бағасын түсінбей, оларды дүниелік әрі ақыреттік пайдасына жаратпайды. Денсаулық – адамның тәні мен жанының амандығы, күш-қуаты. Ал бос уақыт – адамның тіршілік қамынан, өмірдің уайым-қайғысынан уақытша босап, тыныштық пен қауіпсіздік жағдайында болуы. Бұл – өте үлкен нығмет. Бірақ адамдардың көбі олардың қадірін лайықты деңгейде бағалай алмайды.

Хасан Басри (Алла оны рақымына алсын) былай деген: «Уа, Адам баласы! Сен тек күндерден тұрасың. Әрбір өткен күнің сенің бір бөлшегіңнің кеткені», – деген.

Сондықтан уақытты босқа өткізу жеңіліске алып келеді. Уақытты мәнсіз нәрселермен өлтіру ешқашан жеңіс әкелмейді. Өйткені бос уақытпен бірге табыс та, жетістік те келмейді. Ендеше уақытымыз:

  • не өсіп-өркендеуге,

– не құлдырау мен күйреуге себеп болады.

Осы ақиқатқа ой жүгіртсек, адам баласының ең үлкен қателігі – уақыттың өтпелі екенін елемей, оны мәңгілік секілді қабылдауы. Ал шын мәнінде, уақыт ешкімді күтпейді, ешкім үшін тоқтамайды. Бұл туралы қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаев жүрекке жетер сөзбен былай дейді:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Бірінші: мұсылманның міндеті – уақытты тиімді жоспарлау

Ислам – тәртіп пен жүйеге негізделген кемел дін. Мұсылманның өмірі де бейберекет емес, жоспар мен жауапкершілікке құрылған. Өйткені уақыт – Алланың аманаты, ал оны дұрыс пайдалану – пенденің міндеті. Уақытты жоспарлау тек дүниелік жетістікке жетудің құралы емес, ол – мұсылман мәдениетінің бір бөлігі. Намаздың белгілі уақыттарға бекітілуі, оразаның нақты мерзімде орындалуы, қажылықтың белгілі күндермен шектелуі мұның бәрі исламда уақыттың жүйелі әрі мәнді қолданылатынын көрсетеді.

Шынайы мұсылман баласы өз күнін босқа өткізбейді. Ол әрбір сағатын, әрбір сәтін мақсатпен өткізеді:

– құлшылыққа уақыт бөледі,

– білімге көңіл аударады,

– еңбектенеді,

– отбасы мен қоғам алдындағы міндетін орындайды.

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

فَإِذَا فَرَغۡتَ فَٱنصَبۡ

«Ендеше, бір істі бітірген соң, бірден басқа іске кіріс», – деген («Шарх» сүресі, 7-аят).

Хасан Басри (Алла оны рақымына алсын): «Әрбір таң атқан сайын былай деп үн қатады: «Уа, Адам баласы! Мен – жаңа бір жаратылыспын (яғни, жаңа күнмін). Сенің амалдарыңа куәмін. Сондықтан менен азық ал (яғни, жақсы амал жаса). Өйткені мен қиямет күніне дейін қайта оралмаймын», – деген.

Бүгінде көпшілігіміздің уақытты қалай өткізіп жатқанымызға назар салсақ, уақытты босқа өткізу, ысырап ету секілді көріністерді байқаймыз. Бұл ғұмыр нығметін тиімді пайдалану, уақыттың қадірін білу секілді үлкен игіліктен мақұрым қалғанын көрсетеді. Сондықтан да кейбіреулер уақыттарын пайдасыз нәрселерге жұмсап, өз өмірлерін өздеріне ешбір пайда әкелмейтін істермен рәсуа етуде. Бір таңғаларлығы көптеген адамдар осы күндер мен жылдардың өтіп жатқанына қуанады. Ал шын мәнінде, уақыттың әрбір сәтін бағалай білген жандар бұған мүлде кереғар өмір сүрді. Соның айқын мысалы имам Әбу әл-Уафа Ибн Ақил әл-Ханбали (Алла оны рақымына алсын): «Өмірімнің бір сағатын да бос өткізуге хақым жоқ. Егер тілім пікір алмасудан, көзім кітап оқудан шаршаса, тынығып жатқан кезімде де ойымды іске қосамын. Орнымнан тұрған сәтте жазып қоятын жаңа оймен тұрамын. Тіпті сексен жасымда да ілімге деген ынтам жиырма жасымдағыдан артық», – дейтін.

Уақытты дұрыс жоспарлау – оны тиімді пайдаланудың шарттарының бірі. Өйткені уақытын жүйелей білген және өз уақытына ұқыпты қарайтын жандар өмірде көп жетістікке жеткен адамдар.

Қисса  

Бір күні бір адам Амир ибн Абул Қайсқа (Алла оны рақымына алсын) келіп, онымен біраз отырып әңгімелескісі келеді.

Сонда Амир оған былай дейді:

  • Күнді тоқтата тұр, мен сенімен сөйлесейін.

Әлгі адам таң қалып:

  • Күнді қалай тоқтатамын? – дейді.

Сонда Амир ибн Абул Қайс:

  • Егер күнді тоқтата алмасаң, онда уақыт босқа өтіп жатыр. Мен әрбір сәтімді босқа өткізгім келмейді, – деп жауап береді.

Екінші: жастық шақ – уақытты босқа өткізетін кезең емес

Жастық шақ – адам өмірінің ең жарқын, ең қуатты әрі ең жауапты кезеңі. Бұл – күш-қайрат тасып тұрған, арман мен мақсат және өмірдің бағыты айқындалатын шақ. Жастық шақ – тек көңіл көтеріп, уақыт өткізетін кезең емес, керісінше, болашақтың іргетасы қаланатын маңызды белес. Алайда көп жағдайда адам жастықтың қадірін дер кезінде түсіне бермейді. Уақыттың қалай өтіп жатқанын аңғармай, оны бос әңгіме, пайдасыз істермен өткізіп алады. Бірақ жастық шақ – қайта келмейтін мүмкіндік. Ол өткен соң ғана оның қаншалықты қымбат болғанын сезінеміз. Өйткені әрбір сәт, әрбір кезең –  Алланың белгілеген өлшемі. Алла Тағала қасиетті Құранда:

إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ

«Шүбәсіз, Біз барлық нәрсені белгілі бір өлшеммен жараттық», – деген («Қамар» сүресі, 49-аят). Яғни адамның өмірі де, жастық шағы да белгілі бір уақытпен шектелген.

Расында да, жастық шақ көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді. Ал сол кезеңде жасалған амалдар адамның бүкіл ғұмырына әсер етеді. Сондықтан жастық шақ – мүмкіндік пен үлкен аманат. Жастық шақ – білім алатын, өзін тәрбиелейтін, иман мен мінезді қалыптастыратын алтын уақыт. Егер адам осы кезеңде өзін дұрыс жолға салса, оның болашағы да жарқын болады. Сондықтан әрбір жас өз жастығын бағалап, уақытын тиімді пайдаланып, ізгі амалдарға ұмтылуы қажет. Жастық шақ Алланың берген үлкен сыйы, ал сол сыйдың есебі міндетті түрде сұралады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

لَا تَزُولُ قَدَمَا الْعَبْدِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ أَرْبَعٍ: عَنْ عُمُرِهِ فِيمَ أَفْنَاهُ، وَعَنْ شَبَابِهِ فِيمَ أَبْلَاهُ، وَعَنْ مَالِهِ مِنْ أَيْنَ اكْتَسَبَهُ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ، وَعَنْ عِلْمِهِ مَاذَا عَمِلَ بِهِ

«Қиямет күні төрт нәрседен сқралмайынша пенденің екі аяғы орнынан жылжымайды: өмірінқайда жұмсағандығы, жастық шағын қалай өткізгендігі, мал-дүниесін қайдан тауып, қайда жұмсағандығы және білген ілімімен қандай амал жасағандығы», – деген (имам Табарани).

Қисса

Бірде ибн Журайх бір топ адамдардың ойнап жүргенін көреді.

Оларға:

  • Неге ойнап жүрсіңдер? – деп, сұрайды.

Олар:

  • Босап қалдық, – деп, жауап қатады.

Сонда ол:

  • Бос уақыт осылай өткізіле ме? – деп,

فَإِذَا فَرَغۡتَ فَٱنصَبۡ . وَإِلَىٰ رَبِّكَ فَٱرۡغَب

«Ендеше, бір істі бітірген соң, бірден басқа іске кіріс. Сондай-ақ (қандай іспен айналыссаң да)әрдайым Раббыңа, Оның разылығына қарай ұмтыл!» – деген аятын еске салған екен («Шарх» сүресі, 7-8-аяттар).

Үшінші: қарттық – уақыттың үнсіз насихаты

Уақыт – Алла Тағаланың адам баласына берген ең ұлы нығметтерінің бірі. Ол тоқтаусыз ағып жатқан өзен секілді: бір сәт тоқтамайды, бір сәт кейін қайтпайды. Кеше ғана балалық шақта асыр салып жүрген адам, бүгін есейіп, ертең қарттықтың белесіне жетеді. Абай Құнанбайұлы өлең жолдарында:

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.

Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа.

Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық, артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек, – деп, адам ғұмырының өткіншілігін, уақыттың қайтымсыз және бұл дүниенің тұрақсыз екенін терең баяндайды. Міне, осы өзгеріс – уақыттың ең айқын белгісі. Қарттық жай ғана жас ұлғаю емес. Ол өткен ғұмырдың қорытындысы, жүріп өткен жолдың айнасы, үнсіз сөйлейтін насихат.

Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын) былай деген: «Күн батып, өмірім қысқарып, бірақ амалдарым артпаған бір күнге қатты өкінемін». Ал Али ибн Әбу Талиб (Алла оған разы болсын): «Адам өмірінің қалған бөлігі – баға жетпес қазына», – деген.

Белгілі ақын Әбу Усман әл-Жахиз қартайып, ауруға шалдыққан шағында жастықтың қадірін аңсап, өкінішпен: «Қартайғанда жастықтағыдай боламын деп үміттенесің бе? Бұл – өз-өзіңді алдау, ескі киім ешқашан жаңа киімдей болмайды», – деген екен.

Құрметті жамағат!

Адам баласының бақыты мен бақытсыздығы, жетістігі мен өкініші – бәрі де уақытты қалай пайдаланғанына байланысты. Себебі иманды жан уақыттың қадірін біліп, оны құлшылыққа, пайдалы іске, білімге, ізгі амалға және қоғамға қызмет етуге жұмсауға тырысады. Өйткені әрбір өткен сәт – адамның пайдасына куә болатын немесе өзіне қарсы айғақ болатын ғұмыр бөлшегі. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:

أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ 

«(Уа, адамдар!) Сонда Біз сендерді (ермек үшін) құр босқа жараттық әрі Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» – деп ескертіп («Мүминун» сүресі, 115-аят), адам өмірінің әрбір сәті мақсатсыз емес, керісінше, жауапкершілікпен өткізілетін аманат екенін білдіреді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уақыттың қадірін ерекше ескертіп:

لَيْسَ يَتَحَسَّرُ أَهْلُ الْجَنَّةِ إِلَّا عَلى سَاعَةٍ مَرَّتْ بِهِم لَمْ يَذْكُرُوا اللهَ تَعَالى فِيهَا

«Жәннат тұрғындары тек Алла Тағаланы еске алмаған сәттеріне ғана өкініш білдіреді», – деген (имам Термизи).

Адамның уақыты – оның ғұмыры, осы өмірдегі ең басты құндылығы. Сол себепті даналар: «Күндер үшеу: кеше – өтті де кетті, ертең – оған жетер-жетпесің белгісіз. Ал шын мәнінде сенде бар – бүгінгі күнің. Ендеше, осы күніңде барынша тырыс», – деген.

Біз көбіне жұмысқа бара жатқанда, демалыс күндері немесе қоғамдық көлікте болған сәттерде бос уақытқа тап боламыз. Бұл уақыт қысқа көрінгенімен, оны елемеуге болмайды. Өйткені сол аз ғана уақыттың өзін ақыретке азық болатын игі амалдарға арнауға болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде:

منْ قَالَ: سُبْحانَ اللَّهِ وبِحَمدِهِ، غُرِسَتْ لهُ نَخْلَةٌ في الجَنَّةِ

«Кімде-кім: «Субханаллаһи уә бихамдиһи», – десе, оған жәннатта бір құрма ағашы отырғызылады», – деген (имам Термизи).

Міне, осындай қарапайым амалдардың өзі бос уақытты берекелі етіп, оны сауапқа толы сәттерге айналдырады. Уақыт – пенденің Алламен сауда жасайтын капиталы. Ол арқылы адам дүние мен ақырет бақытына ұмтылады. Мұсылман адам қаншалықты уақытын Аллаға құлшылық етумен өткізсе, ақыретте бақытқа кенеледі. Өйткені уақыт – алтын мен күмістен де қымбат. Оны ақшаға сатып та, арманмен қайтарып та ала алмайсың.

Хасан Басри (Алла оны рақымына алсын): «Мен сондай адамдарды көрдім: олар уақыттарына сендердің ақшаға деген құмарлықтарыңнан да қатты қарайтын еді», – деген.

Алла Тағала бізге аманат еткен уақыт нығметін қадірлей білуді нәсіп етсін! Уақытымызды босқа өткізіп, ғапылдықтан сақтасын, әрбір сәтімізді Өзінің разылығына жеткізетін игі амалдарға толтырсын! Қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: басты тақырыпнығметуақыт
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мүфтият Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Мүфтият Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады

01.04.2026
Ақиқат жалғаннан неге жеңіледі?
Видео

Ақиқат жалғаннан неге жеңіледі?

31.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақстандағы діни және мәдени қауымдастықтарды біріктіру стратегиясы

Қазақстандағы діни және мәдени қауымдастықтарды біріктіру стратегиясы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122218 бөлісті
    Бөлісу 48887 Твитерге 30555
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1604 бөлісті
    Бөлісу 642 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    528 бөлісті
    Бөлісу 211 Твитерге 132
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    451 бөлісті
    Бөлісу 180 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Қоғамдық құрылымдар этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді
Жаңалықтар

Қоғамдық құрылымдар этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

04.04.2026
Қазақстан мен Ватикан арасындағы рухани ынтымақтастық келешегі талқыланды
Жаңалықтар

Қазақстан мен Ватикан арасындағы рухани ынтымақтастық келешегі талқыланды

04.04.2026
Қазақстандағы діни және мәдени қауымдастықтарды біріктіру стратегиясы
Сұхбат

Қазақстандағы діни және мәдени қауымдастықтарды біріктіру стратегиясы

04.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00