Жұма, 3 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана

03.04.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
6
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам – әйел затының, ананың қадірін биік қойып, нәзік жандылардың ар-намысы мен абыройын қорғаған дін. Әйел затының қоғамдағы рөлі, отбасындағы орны туралы қасиетті Құран Кәрімде және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде көп айтылған. Асыл дініміз әйел затына тек мейіріммен, махаббатпен және сыйластықпен қарауды бұйырады. Елдің болашағы, ұрпақ тәрбиесі нәзік жандылардың қолында екенін ескертіп, үлкен жауапкершілік жүктейді.

Есімдері ерекше құрметпен еске алынатын аналарға келсек, олар – Мәриям, Әсия, Хадиша және Фатима (оларға Алла разы болсын) аналарымыз.

Мәриям бинт Имран (оған Алла разы болсын) – Иса пайғамбарды өмірге әкелген асыл жан. Мәриям анамыз екі дүниеде де пәктіктің символы саналады. Яғни, өмірінде ер адаммен жақындаспағанымен Алла Тағаланың құдыретімен бойына бала бітіп, оны өмірге әкелген. Ол жастайынан Алланың үйінде тәрбиеленіп, құлшылыққа ерекше берілген жан еді. Мәриям – Құранда аты аталған жалғыз әйел. Қасиетті Құранның «Мәриям» сүресінде оның пәк, Аллаға толықтай бойұсынған жан болғаны баяндалады. Алла Тағала оны: «Сені әлем әйелдерінен үстем етіп таңдады» («Әли Имран» сүресі, 42-аят) деп сипаттайды.

Мәриям – Алланың сүйікті құлы, ерекше құрметке лайық жан. Оның тақуалығы бірнеше аятта нақты сипатталған: «(Ей, Мұхаммед!) Кітаптағы Мәриямды еске ал! Сол уақытта ол отбасынан бөлініп, шығыс жақтағы орынға кеткен еді» («Мәриям» сүресі, 16-аят).

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді

03.04.2026
Шымкент: ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарға арналған танымдық семинар өтті

Шымкент: ҚМДБ қабылдаған концептуалды құжаттарға арналған танымдық семинар өтті

03.04.2026

Әсия бинт Музахим – иман мен сабырдың белгісі. Ол – мұсылман қауымының хас дұшпаны Перғауынның жары. Соған қарамастан, жүрегіне иман нұры ұялаған тақуа жан еді. Ол Мұса пайғамбарды бала кезінде асырап алып, қамқорлық жасады. Перғауын өзінің зұлымдығымен Әсия анамызды иманынан қайтаруға тырысты. Бірақ ол сабыр сақтап, иманын жоғалтпады. Қатты азап кезінде Алладан: «Раббым! Маған жәннатта жаныңнан бір үй сал…» («Тахрим» сүресі, 11-аят) деп дұға етті. Алла оның тілегін қабыл етті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай деген: «Әлемдегі әйелдердің ең абзал төртеуі: Имранның қызы Мәриям, Хуайлидтың қызы Хадиша, Мұхаммедтің қызы Фатима және Перғауынның әйелі Әсия» (Термизи).

Тірісінде жәннаттық болған төрт әйелдің бірі – Хадиша бинт Хуайлид. Екі дүниедегі ең үлкен атағы – Алланың елшісі болған Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғашқы жары. Ол кісі ақылдылығымен, парасаттылығымен және даналығымен тарихта қалды. Ол Исламның ең ауыр, қысымға толы алғашқы жылдарында Пайғамбарға рухани тірек болды. Ел-жұрт теріс айналғанда, Хадиша анамыз қолдап, жаны мен малын дін жолына арнады. Алланың ризашылығы үшін бүкіл байлығын Исламның дамуына жұмсады. Оның бұл ісі – тақуалықтың үлкен белгісі.

Хадиша анамыздың Ислам тарихындағы орны ерекше. Ол кісінің есімі көптеген оқиғалармен байланысты әрі ғұмыр жолы ғибратқа толы. Себебі, Хадиша бірінші болып мұсылмандықты қабылдады.

Ислам тарихында таңғажайып құбылыстардың бірі – Хира үңгірінде Пайғамбарымызға уахи келгенде алдымен жұбайы Хадиша анамызға айтқан. Сонда ол ешбір күмәнсіз сеніп: «Сізді Алла ешқашан қор етпейді» – деп жұбатты. Пайғамбарымыз хадисінде: «Маған ешкім сенбегенде, ол сенді. Ешкім қолдамағанда, ол қолдады. Ешкім ештеңе бермегенде, ол мал-дүниесін берді», – деп Хадиша анамызды ерекше бағалаған.

Алла Тағала Жәбірейіл періште арқылы Пайғамбарымызға: «Хадишаға жәннатта інжуден салынған үй бар, онда уайым мен қиындық болмайды», – деп сүйінші хабар жіберген (Бұхари, Мүслим).

Хадиша анамыздың асыл бейнесін, ғибратты ғұмыр жолын бүгінгі қоғамда кез-келген әйел адамға үлгі етіп көрсетуге болады. Оның тақуалығы, сабырлығы, жомарттығы, отбасы мен дінге деген шынайы жанашырлығы сынды қасиеттері «Мүмин әйел қандай болуы керек?» деген сұраққа ең әдемі жауап.

Ислам тарихында есімі ерекше аналардың бірі – Пайғамбарымыздың сүйікті қызы Фатима (Алла оған разы болсын). Оның анасы – жәннатпен сүйіншіленген Хадиша бинт Хуайлид. Фатима анамыз да – тақуалығымен көпке үлгі болған Алланың сүйген құлы. Ол – асыл мінездің, тақуалықтың, қарапайым өмірдің және шынайы құлшылықтың көркем үлгісі. Фатима бала күнінен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында жүріп, Исламның алғашқы ауыр кезеңдерін бастан өткерді. Ол сабырлы, қанағатшыл, Алланың бұйрығына толық мойынсұнған жан болып өсті. Ислам тарихындағы атақты сахабалардың бірі Әли ибн Әбу Тәліпке тұрмысқа шықты. Ол үйде диірмен тартып, су тасып, барлық шаруаны өзі атқаратын. Қолы күстеніп қатты шаршаған соң Пайғамбарымыздан қызметші сұрағанда Алла елшісі: «Қызым, егер қаласаң, саған қызметші беремін. Бірақ одан да жақсысын айтайын ба? Ұйықтар алдында 33 рет «Субханаллаһ», 33 рет «Әлхамдулилләһ», 34 рет «Аллаһу әкбар» айт. Бұл – қызметшіден де артық», – деп жауап береді. Фатима анамыз бұл насихатты қуана қабыл етті. Бұл оның Алла разылығын дүниеден жоғары қойғанын көрсетеді. Фатима анамыз үнемі ғибадатпен, түн ортасына дейін Алланы зікір ететін. Ол өмірін шүкір мен құлшылыққа арнады.

Ислам дінінде ең мәртебелі және тірі кезінде жәннат уәде етілген төрт мұсылман ананың әрқайсысының ғұмырында мол ғибрат, әр сөзінде өнегелі өсиет бар. Сондықтан, келер ұрпағымызға осы жандардың өмірбаянын үлгі ретінде айтып отырсақ және болашақта осы кісілердей тақуа, кішіпейіл, қанағатшыл, адамгершілігі мол етіп тәрбиелейтін болсақ, Алланың сүйген құлдарының қатарынан орын алатынына күмән жоқ.

Ақерке ТҰРҒЫНБАЙ,
ҚМДБ Әйел-қыздар секторының
Павлодар облысындағы жауапты маманы

«Иман» журналы, №3, 2026 жыл

Таңбалар: жәннаттық төрт анафатимаХадиша
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қоғам

Сауытын сыйға тартып үйленген Әли

30.09.2019
Ғибратты әңгімелер

Әкелер мен балалар!

28.03.2019
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122159 бөлісті
    Бөлісу 48864 Твитерге 30540
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1604 бөлісті
    Бөлісу 642 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    527 бөлісті
    Бөлісу 211 Твитерге 132
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    450 бөлісті
    Бөлісу 180 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана
Ислам

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана

03.04.2026
Әйел әуретінің толық түсінігі мен үкімдері
Қоғам

Әйел әдебі – көркем мінездің бастауы

03.04.2026
Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді
Жаңалықтар

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді

03.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00