Сәрсенбі, 1 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Салт-дәстүр – ұлттың рухани қазынасы

01.04.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ халқы – дүниеге келген әрбір сәбиді Алланың аманаты деп танып, оны ерекше қуанышпен қарсы алған, әрі өмірге келген сәтінен бастап баланың әр басқан қадамына мән беріп отырған. Ел ішінде «Бала – бауыр етің» деген сөз бекер айтылмаған.

Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында баланың дүниеге келуі, өсуі мен тәрбиесіне қатысты сан алуан жоралғылар мен ырым-тыйымдар бар. Олардың барлығы ғасырлар бойы ұлттың тәрбиелік жүйесінің өзегіне айналған.

Нәресте дүниеге келгенде ең алдымен «шілдехана» тойы жасалады. Бұл — өмірге келген сәбиді қуанышпен қарсы алып, оның өмір жолы жарқын болсын деген ниетпен жасалатын алғашқы дәстүр. Шілдеханадан кейін баланы қырқынан шығару рәсімі орындалады. Бұл 40 күнге дейінгі ананың да, сәбидің де әлсіз екенін ескере отырып, оларға күтім жасау кезеңі. Қырқынан шығару рәсімінде сәбиді 40 қасық сумен шомылдырып, тырнағы мен шашы алынады. Бұл – баланың бір белестен өтіп, өмірге толық бейімделе бастағанының белгісі.

Сәбиді бесікке бөлеу де – қазақтың қастерлі салттарының бірі. Бесікке салу рәсімі кезінде ауылдың қадірлі анасы немесе енесі балаға бата беріп, оны бесікке бөлейді. Бесік – жай ғана ұйықтайтын орын емес, ол баланың тыныш ұйқысы мен денсаулығының кепілі. Бесікке салынған бала таза әрі жинақы жатады, анасы да тынығады. Сонымен қатар, бесік жыры айтылып, сәбидің бойына мейірім, жылулық дариды.

Алла мақтаған қауым

01.04.2026
«Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті

«Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті

01.04.2026

Қазақ халқында балаға қатысты айтылатын ырым-тыйымдардың да тәрбиелік мәні зор. Мысалы, «нәрестеге көз тимесін» деп оның мойнына тұмар тағып, «ұл болсын» деп ұл баланың жейдесін кигізіп қоятын ырымдар бар. Бұл — жаңа туған сәбиді тіл-көзден сақтау, аман-сау өсуіне ниет білдіру. Көп жағдайда баланың болашағына қатысты жоралғылар ат қою рәсімінен басталады.

Ат қою — жай ғана атау таңдау емес, болашаққа үміт артып, жақсы қасиеттер дарысын деген тілекпен қойылатын мәнді рәсім. Қазақта «есіміңе лайық бол» деген сөз бар. Ат қою кезінде ел ішіндегі сыйлы, батыр, дана адамдардан бата алынып, сәбиге есім беріледі. Кейде «тәуіп баласы», «күшік иті» деп теріс есімдер де қойылып жатады. Бұл — баланың шетінеуін тоқтату үшін жасалатын амал. Атын жаман қойса, жамандық айналып өтеді деген сенімнен туған.

Тағы бір терең мәні бар тыйым – «баланы босағаның астынан өткізбе». Бұл – баланың төмен, әлсіз болмауын тілеуден туған. Ал «баланың басынан сүйме» – оның маңдайынан бақ тайып кетеді деген сенім. Мұндай тыйымдар естілуі оғаш болғанымен, әрқайсысының артында өмірлік тәжірибе мен тәрбие жатыр.

Бала өсе келе оның алғашқы қадамы да үлкен қуанышпен аталып өтеді. Тұсаукесер – бала алғаш аяқ басқан кезде орындалатын салт. Бұл кезде баланың аяғына ала жіп байланып, «ақ жол, адал жолмен жүрсін» деген тілекпен тұсауы кесіледі. Тұсаукесерді өмірде жолы болған, елге сыйлы адам жасайды деген сенім бар. Мұнда да балаға тілек, ниет, бағыт беру басты мақсат.

Кейбір өңірлерде тілашар дәстүрі де кең таралған. Бұл — баланың алғаш мектепке баруына арналған мерекелік рәсім. Ата-анасы баласына қалам-дәптер, оқулықтар алып береді, ақ тілектерін айтып, білім жолына батасын береді. Мұндай салттар – білім мен тәрбиеге ынталандырудың бір жолы. Қазақ халқының балаға қатысты салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдарының барлығы бір мақсатқа — ел болашағы саналатын ұрпақты дені сау, тәртіпті, еңбекқор, иманды етіп өсіруге бағытталған. Бұл дәстүрлердің әрбірінде ұлттық тәрбиенің терең тамыры, рухани құндылықтар жатыр.

Бүгінгі таңда жаһандану мен заманауи өмір салтына бейімделу барысында кей салт-дәстүрлер ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. Алайда ұлттың ұлт болып қалуы – ең алдымен, өзінің тілі мен дәстүрін сақтауға байланысты. Жастар осы дәстүрлерді білу арқылы тек ата-бабасының рухани мұрасын ғана емес, ұлттық болмысын таниды. Бұл – олардың дүниетанымын кеңейтеді, тарихи сана қалыптастырады. Жас ұрпақ ата-баба аманатын қадірлеп, дәстүрдің төркінін терең ұғынып, оны күнделікті өмірде қолдана білсе, ұлттық рухтың оты ешқашан өшпейді.

Қазақтың салт-дәстүрлері – ұлттың баға жетпес байлығы, тәрбие мен тағылымның қайнар көзі. Әрбір ырым мен тыйым – ата-бабамыздың өмірден түйген даналығы. Сондықтан біз, жастар, бұл мұраны ұмытпай, жаңғыртып, келер ұрпаққа аманаттауымыз қажет. Бала тәрбиесі – отбасы мен ұлт болашағының іргетасы. Ал сол іргетас мықты болуы үшін бізге ата салтымыз ауадай қажет.

Жасұлан ТӨРЕТАЕВ,

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

«Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ

теолог маманы

Таңбалар: әдет-ғұрыпқазақ дүниетанымысалт-дәстүр
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Алла мақтаған қауым

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122028 бөлісті
    Бөлісу 48811 Твитерге 30507
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    526 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 132
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    449 бөлісті
    Бөлісу 180 Твитерге 112

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Алла мақтаған қауым

01.04.2026
Қоғам

Салт-дәстүр – ұлттың рухани қазынасы

01.04.2026
«Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті
Жаңалықтар

«Балуан тас сапары» экспедициясы жоғары деңгейде өтті

01.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00