Дүйсенбі, 6 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отыз жыл сал болған сахаба

06.04.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Белгілі өзбекстандық ғалым, шейх Рахметолла Термизи кезекті бір дәрісінде былай деген еді:

«Сахабалардан Имран ибн Хусейн (Алла одан разы болсын) деген кісі болған еді. Өте мәшһүр сахабаларға жатады.

Осы сахаба отыз жыл сал болып жатқан екен. Аспанға қарап, қимылдамай жататын көрінеді. Сахабалар арқасына батпасын деп, оңға-солға бұрып қоятын деседі. Төрт тарапынан жіппен тартылған, құрма ағашынан төсек жасап берген еді.

Аспанға қарап отыз жыл жатса да, ешбір мезет ауыруына шағымданбайды және бекер де жатпапты. Отыз жыл бойы шәкірттеріне хадистер риуаят етіп жатыпты.

Исламда көрші ақысы жайлы не айтылған?

06.04.2026
Қоғамдық құрылымдар этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

Қоғамдық құрылымдар этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

04.04.2026

Бір күні оның үлкен шәкірттерінің бірі ұстазына інісін алып келеді. Белгілі сахабаның осындай күйде отыз жыл бойы төсек тартып жатқанын көріп, мейірімі түсіп жылайды.

Сахаба Имран ибн Хусейн (Алла одан разы болсын) оның жылағанын көріп, оған: «Неге жылайсың? Бері кел маған. Алла Тағаланың маған махбуб (жақсы көрген) көрген нәрсесі, мен үшін де махбуб. Осы жатысымды Алла қаласа, мен үшін бұл махбуб амал болады, разымын», дейді.

Оны естіген әлгі бала одан қатты жылап жібергенін көріп:

«Бері кел, құлағыңа бір сөз айтамын, мен өлгенше ешкімге айпайсың», дейді.

Сахаба әлгі жігітке: «Мен осылай жатқанымда, маңайыма періштелер келіп, маған сәлем береді. Мен олармен сөйлесемін», деп айтады.

Ол жігіт сахаба Имран ибн Хусейн (Алла одан разы болсын) дүниеден өткенше, оның сырын ешкімге айтпады. Тек қайтыс болғаннан кейін бұл нәрсе айтылып, барлығына мәлім болады.

Ғұламалалар айтады екен, сахаба Имран ибн Хусейн (Алла одан разы болсын) отыз жыл бойы дертіне сабыр еткені үшін, шағым жасамағаны үшін Алла Тағала осы сыйлықты берді.

Негізінде пайғамбарлар ғана періштелермен, Жебірейілмен (Алланың оған сәлемі болсын) сөйлеседі. Бірақ, қарапайым адамдардың арасынан сахаба Имран ибн Хусейн (Алла одан разы болсын) ғана періштелермен сөйлесіпті.

Сондай-ақ ғұламалар осы сахабаның аты Қияметке дейін айтылса, періштелер оған сәлем береді дейді. Бұл – үлкен дәреже.

Бұл дәрежеге осы сахаба дертіне сабыр еткені үшін жеткен екен.

Менің әкем өте еңбекқор адам болатын. Өмір-бақи бізді, балаларын адал еңбегімен асырайтын еді. Төсегінің басында, оң жағында Құраны, сол жағында кетпені тұратын. Кетпені сондай ауыр болатын, екінің бірі көтере алмайтын.

Бізге: «Сендер жалқаусыңдар, әлсізсіңдер. Сендердің жастарыңда біз жұмыс істегенде, табанымыздан от шығатын», деуші еді.

Қартайған шағында қатты науқастанып қалды. Ауруханаға барып, халын сұрағанда, ауруын айтып, шағымданды.

Мен әкем ауыруына сабыр етсін деген ниетпен сахаба Имран ибн Хусейннің (Алла одан разы болсын) оқиғасын айтып бердім. Ауыруына сабыр етуге шақырдым.

Оқиғаны тыңдаған әкем сабыр етеді ме десем: «Е, ондай болса оны отыз жыл бойы балалары күтіп-бағып, қараған екен ғой», деді. Сол кезде қате сөйлегенімді түсініп, әкемнен кешірім сұрадым.

Үйге барып, кітаптарды ашып қарасам, жасы келген адамдардың дертіне шағымдануына рұқсат бар екен.

Айша анамыздың (Алла одан разы болсын) апайы, белгілі сахаба Әсма бинт Әбубәкір (Алла одан разы болсын) Мәдинада ең алғаш дүниеге келген сахаба Абдулла ибн Зубейрдің (Алла одан разы болсын) анасы болатын.

Баласы Меккені Хажжаж залымнан қорғап, соғысып жатқанда, анасы жасы тоқсаннан асып, зағип, науқас болып қалады. Сол кезде баласына қиналғанын айтып, шағымданған екен.

Осы оқиғаны ғұламалар дәлел етіп келтіріп, қария адамдардың науқас болып қалғанда, дертіне шағымдануы дұғадан үміт етулері болады, сол себепті бұл нәрсе оларға жайыз (рұқсат) дейді.

Былайша айтқанда, қария дертін айтқанда, басқа адам оны естіп: «Алла оған шипа бере гөр» дұға жасаса, ауруынан айығамын деген үміт оты  оянатын көрінеді.

Сондықтан науқас адамның ауруын айтуы – шағымдану емес, бәлки дұғадан үміт қылу мағынасы бар деген екен.

Өмірімізде әке-шешеміз қартайса, науқастанса оларға деген құрметіміз жұбайымыздан да, балаларымыздан да, достарымыздан да жоғары болуы қажет.

Алла Тағала Өзінің разылығы мен ашуын ата-анамызға байлаған. Алла Тағала ата-анамыз дүниеден өткен болса, рақымына бөлесін, өмірде болса, ұзақ та бақытты өмір сыйласын!», деп сөзін аяқтады.

Дайындаған Қуат ҚАБДОЛДА

Таңбалар: Қуат Қабдолдасахабатақуалық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мешітті нұрландырған сахаба
Ғибратты әңгімелер

Мешітті нұрландырған сахаба

16.03.2026
Ислам

Тақуалық – иман айнасы

02.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар

Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122284 бөлісті
    Бөлісу 48914 Твитерге 30571
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1604 бөлісті
    Бөлісу 642 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    528 бөлісті
    Бөлісу 211 Твитерге 132
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    451 бөлісті
    Бөлісу 180 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Исламда көрші ақысы жайлы не айтылған?

06.04.2026
Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар
Жаңалықтар

Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар

06.04.2026
Ислам

Отыз жыл сал болған сахаба

06.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00