Жұма, 10 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды

10.04.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Алматы қаласында материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету мәселелеріне, сондай-ақ 2003 жылғы Конвенцияны іске асыру барысына жүргізілген орта мерзімді бағалауға арналған ұлттық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ЮНЕСКО Хатшылығының, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, сарапшылар қауымдастығы мен еліміздің өңірлерінің өкілдері қатысты. Іс-шара 2025-2026 жылдарға арналған ЮНЕСКО-ның Техникалық гранты аясында жүзеге асырылып жатқан екі күндік бағдарламаның алғашқы күні шеңберінде өтті. Қазіргі уақытта грант пилоттық режимде Қазақстанның бес өңірінде – Жетісу, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында іске асырылуда. Аталған өңірлерде грантты тиімді басқаруды қадағалап, оның орындалуына тұрақты мониторинг жүргізетін арнайы жұмыс топтары құрылған.

Жиында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ұлттық мәдени дәстүрлерді жүйелі түрде мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтіп, осы бағытта нақты практикалық шешімдер әзірлеу қажеттігіне тоқталды. Өңірлер алдында қазақтың дәстүрлі мәдениетінің ұмыт қалған элементтерін жаңғырту және оларды кеңінен насихаттаудың заманауи тәсілдерін, соның ішінде цифрлық медианы енгізу міндеті тұр.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында атап өткендей, шынайы отаншылдық нақты істен, туған жерге деген сүйіспеншілікпен және қоғамға қызмет етуге дайын болудан көрінеді. Отбасында ұқыптылықпен сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірегей мұра мемлекет тарапынан нақты қолдауға ие болып, заманауи мәдени ортада толыққанды дамуы қажет. 2003 жылғы Конвенция материалдық емес мұра тұжырымдамасы ретінде Қазақстан қоғамының құндылықтарымен толық үндеседі», – деді Аида Балаева.

ЮНЕСКО-ның 2003 жылғы Конвенция Хатшылығының басшысы Фумико Охината халықаралық көмек тетігінің Конвенцияны іске асырудағы негізгі құралдардың бірі ретіндегі маңызын ерекше атап өтті.

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026

«Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізімі жаңартылып, елдің әртүрлі өңірлеріндегі жергілікті қауымдастықтардың әлеуеті нығайтылғанын көру – қуанышты жайт. Біз қазақстандық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың жұмысын жоғары бағалаймыз және бұл тәжірибе өзге елдерді де халықаралық көмек тетігін белсендірек пайдалануға ынталандырады деп сенеміз», – деді Фумико Охината.

Талқылау қорытындысы бойынша дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстар жүйелендіріліп, алдағы жұмыста ескерілетіні атап өтілді. Бүгінде ЮНЕСКО жобасының бірінші кезеңін іске асыру аясында қолданыстағы Ұлттық тізімдегі 79 элементтің 56-сы құжатталған, материалдық емес мәдени мұраның 277 иесімен сұхбат жүргізілген. Сонымен қатар бес пилоттық өңірде оқыту семинарлары өткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның материалдық емес мәдени мұра иелерінің интерактивті деректер базасын жасау жұмысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ екі салалық секция өтіп, онда ауызша және эпикалық мұра мәселелері, бейінді мамандар даярлау, құжаттық мұраны дамыту, оны цифрландыру және қорларға қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде дәстүрлі ойындар мен фольклорлық сайыстарды пайдалану мәселелері талқыланды. Бағдарламаның екінші күніне пилоттық өңірлердің облыстық буын басшыларына арналған жабық оқыту семинары, жергілікті деңгейде материалдық емес мәдени мұра элементтерін айқындау және дамыту жөніндегі семинар-брифинг, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Техникалық грантын іске асыруға арналған жұмыс кеңесі жоспарланған.

Таңбалар: Аида Балаеваматериалдық емес мұра
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Дастан Сәтбаев – «Дарын» жастар сыйлығының иегері
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев – «Дарын» жастар сыйлығының иегері

10.04.2026
Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді
Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

10.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дастан Сәтбаев – «Дарын» жастар сыйлығының иегері

Дастан Сәтбаев – "Дарын" жастар сыйлығының иегері

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122463 бөлісті
    Бөлісу 48985 Твитерге 30616
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1604 бөлісті
    Бөлісу 642 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    530 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    452 бөлісті
    Бөлісу 181 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы
Видео

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026
Рұқсатсыз қажылыққа барғандарға айыппұл салына бастады
Жаңалықтар

Биыл үлкен қажылық 15 мамырда басталады

10.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00