Сұрақ: Исламда көрші ақысы жайлы не айтылған?
Жауап: Ислам – адамдармен қарым-қатынас мәселесін айқындап берген дін. Дінде көршімен қарым-қатынасты дұрыс жасау – өте маңызды мәселелердің бірі. Көрші ақысын ескеріп, жақсылық жасауды иманның бір бөлігі ретінде қарастырып, көршіге қатысты бірнеше ақылар мен әдептер айтылған.
Атап айтқанда: көршіге сөзбен де, іспенде зиян тигізбеу, қиын кезде көмектесу, қуанышта құттықтап, қайғыда көңіл айту, жеке өміріне қол сұқпау, үйіне рұқсатсыз кірмеу, кейбір кемшіліктеріне түсіністікпен қарау, дініне қарамай жақсы қарым-қатынаста болу, т.б.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, көршісіне зиян етпесін, кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, қонағына құрмет көрсетсін, кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін, не болмаса үндемесін», деген.
Демек, көршімен дұрыс қарым-қатынас жасау, көршісіне мейірімді, сабырлы және қамқорлық таныту әр адамға міндет екен.
Икрам АЙТАЕВ










