Жұма, 3 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әйел әдебі – көркем мінездің бастауы

03.04.2026
- Қоғам
0
3
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әр дәуірдің, әр заманның ардақты аналары, ару қыздары қилы кезеңдерді бастан кешсе де, әйелге тән ұлылықты биік ұстаған. Әйел әдебі – қоғамның ең маңызды құндылықтарының бірі. Ол тек бір адамның жеке мінез-құлқын сипаттайтын ұғым емес, тұтас бір әулеттің, ұрпақтың, тіпті қоғамның болашағына тікелей әсер ететін рухани негіз. Әйел – отбасының өзегі, тәрбиенің қайнар көзі, баланың өмірдегі алғашқы ұстазы. Сондықтан оның бойындағы әдеп, көркем мінез, сабыр мен парасат баланың санасына ерте сіңіп, оның болашақта қандай адам болатынын айқындайды. Әдеп бар жерде тәрбие бар, тәрбие бар жерде ұлттың болашағы жарқын.

Өткен тарихымызға көз жіберсек, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай ханымдар, ұлт анасына айналған Айбике, Зере, Ұлжан сынды әжелеріміздің орны ерекше. Олар ақыл-парасатымен, қайтпас қайсарлығымен елге үлгі бола білді.

Қандай заман болса да, әйел адам ұрпағының қамын ойлап, ұлттық рухты бойына сіңірді. Ғасырлар бойы даналықтың дара үлгісін көрсетіп, ана есімін биіктетті. Парасаттылықтың, ар-ұяттың, әдептіліктің, имандылықтың дәнегін ұрпақ бойына еге білді. Әйел – отбасының өзегі, тәрбиенің қайнар көзі, баланың өмірдегі алғашқы ұстазы. Сондықтан оның бойындағы әдеп, көркем мінез, сабыр мен парасат баланың санасына ерте сіңіп, оның болашақта қандай адам болатынын айқындайды.

Әйелдің әдебі ең алдымен оның сөзі мен ісінен, қарым-қатынасынан, өзіне және өзгеге деген құрметінен байқалады. Әдепті әйел – артық сөзге бармайтын, сабырмен ойлап, парасатпен әрекет ететін тұлға. Оның әрбір қадамы, әрбір айтқан сөзі бала үшін тәрбие мен өнеге. Анасының әрекетін көріп өскен бала әдепсіздікке, дөрекілікке, жауапсыздыққа бармайды. Өйткені, әдепті күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қабылдайды. Осы тұрғыдан алғанда, әйел әдебі – ұрпақ тәрбиесінің ең мықты құралы.

Салт-дәстүр – ұлттың рухани қазынасы

01.04.2026
Қазақтың әскери өнері қандай болған?

Қазақтың әскери өнері қандай болған?

17.03.2026

Әдеп ұғымы имандылықпен тығыз байланысты. Халық даналығында «Әдеп бар жерде – иман бар, әдеп жоқ жерде – иман жоқ» деп бекер айтылмаған. Әйел әдебі иманмен ұштасқанда ғана шынайы көркем мінез қалыптасады. Мұндай әйел отбасында тыныштық пен бірлікті сақтайды, қиын сәттерде сабыр танытады, жақындарына мейірім мен жанашырлық көрсетеді. Ол отбасының рухани тірегіне айналып, берекенің сақталуына себепші болады. Иманды әрі әдепті әйел бар жерде ұрыс-керіс азайып, түсіністік пен сыйластық артады.

Әйел әдебі тек отбасы шеңберінде ғана шектелмейді, ол қоғамға да тікелей әсер етеді. Әдепті әйел – қоғамдағы мәдениеттің, адамгершіліктің айнасы. Оның жүріс-тұрысы, киім киісі, сөйлеу мәнері, үлкенге құрметі мен кішіге ізеті қоғамдық ортада да үлгі болады. Осындай әйелдер көбейген сайын қоғамда тәртіп нығайып, рухани құндылықтар алдыңғы орынға шығады. Ондай қоғамда ұят, ар-намыс, жауапкершілік секілді асыл қасиеттер сақталады.

Әйел әдебінің тағы бір маңызды қыры ол отансүйгіштік пен ұлттық сананың қалыптасуына әсер етеді. Ана баласына ең алдымен туған тілін үйретеді, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бойына сіңіреді. Өз ұлтының мәдениетін құрметтеп, оны баласына жеткізеді. Нәтижесінде ұлттық болмысын сақтайтын, елін сүйетін, тамырынан ажырамаған ұрпақ өсіп шығады. Бұл – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса қажет негіз.

Қазіргі заманда әйел әдебінің маңызы одан әрі артып отыр. Ақпарат ағыны көп, ықпалы күшті, түрлі теріс әрекеттер тез тарайды. Осындай кезеңде әйел әдебі – баланы жат әсерлерден қорғайтын қалқан. Ана бойындағы парасат пен жауапкершілік баланың дұрыс жолды таңдауына көмектеседі. Әдепті әйел баласына тек сөзбен емес, өз ісімен тәрбие береді. Бұл тәрбие ең әсерлі, ең берік тәрбие болып саналады.

Әдеп – еңбекке, табысқа, жетістікке де жол ашады. Әдептілік пен жауапкершілік бар жерде тәртіп орнайды да нәтижеге жету жеңіл болады. Осындай ортада өскен бала ерінбей еңбек етуге, адал жолмен жетістікке жетуге ұмтылады. Ол қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасады. Сондықтан әйел әдебі – тек рухани құндылық емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да ықпал ететін фактор. Халық қаһарманы, қазақтың батыры Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыздың көп еңбектерінде, сұхбаттарында ұлтты сүю, ұрпақты тәрбиелеу, халықтың перзенті болу жолындағы ойлар айтылады. Бауыржан атамыздың бойындағы асыл қасиеттерін насихаттай жүріп, келін, әйел, ана ретінде өз міндетін адал атқарып жүргеніне куәміз.

Зейнеп апамыз бір сұхбатында: «Ата: «Балам, ұлттық құндылықтарды, ұлттың қадір-қасиетін мен саған айтам, сен балаңа айтасың. Ол өзінің баласына айтады. Сөйтіп, бір әулетте қазақтың қадір-қасиеті сақталады», – дейтін. Үстелді тарс еткізіп ұрып: «Көзіме тура қара. Алдыңда қазулы көр тұрса да шындықты айтқын. Жақсы адамның жақсылығын айт, бірақ, жағымпазданба. Жаман адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа. Қатарыңнан ассаң да, халықтан аспайсың, халықтың алдында басыңды иіп жүр», – дейтін. Сол өсиетпен шамам келгенше ел-жұрттың алдында басымды иіп, үйде отырып-ақ қазаққа, халыққа қарлығаштың қанатымен су сепкендей септігімді тигізіп, ұлттық рухтың өзегінен жастарға нәр беріп, солар білсе екен деп жүрмін», – дейді.

Міне, біздің ұрпағымыз бүгінгі күні осындай асыл аналарымыздың өмірлік тәжірибесінен үлгі алуы тиіс. Қорытындылай келе, әйел – көркем мінездің бастауы, имандылықтың айнасы, ұрпақ тәрбиесінің өзегі. Сондықтан әдепті болсақ, отбасымыз берекелі, қоршаған ортамыз мәдениетті, болашағымыз жарқын болмақ. Әдепті әйел – үйдің шырағы, саналы ұрпақтың негізі, кемел қоғамның кепілі.

Керімбек СӘРСЕМБАЙҰЛЫ,
Жетісу облысының бас имамы

«Иман» журналы, №3, 2026 жыл

Таңбалар: әдепәйелдеркөркем мінез
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Адамда оразадан кейін қандай өзгеріс болуы керек?

05.03.2026
Әйел әуретінің толық түсінігі мен үкімдері
Сұрақ-жауап

Исламда әйел мәртебесі жайлы айтылған ба?

20.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Тірісінде жәннаттық болған төрт ана

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122157 бөлісті
    Бөлісу 48863 Твитерге 30539
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1604 бөлісті
    Бөлісу 642 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    527 бөлісті
    Бөлісу 211 Твитерге 132
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    450 бөлісті
    Бөлісу 180 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана
Ислам

Тірісінде жәннаттық болған төрт ана

03.04.2026
Әйел әуретінің толық түсінігі мен үкімдері
Қоғам

Әйел әдебі – көркем мінездің бастауы

03.04.2026
Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді
Жаңалықтар

Биыл балаларға арналған 42 мың кітап жарық көреді

03.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00