Сұрақ: Адамның тақуалығы намазбен өлшене ме?
Жауап: Тақуалық құлшылық амалдарын үзбей, халал мен харамның өлшемімен жүрген адамдарға тән дүние. Оларды тақуа немесе діндар деп айтады.
Қазіргі таңда кейбір ағым өкілдерінің намаз оқып жүріп те, жағымсыз түрлі іс-әрекеттерге баруы қоғамда намазхандарға деген бұрыс көзқарасты қалыптастыруда. Негізінде кемшілік дінде емес, адамда.
Исламда тақуалық сыртқы көрініспен немесе сөзбен өлшенбейді. Керісінше ішкі ниет пен іс-әрекет арқылы өлшенеді. Тақуалық дегеніміз – әрбір амалдың Алланың разылығы үшін жасалуы, жаман істер мен жаман ойлардан бойды аулақ ұстау, сабырлылық пен кішіпейілділік сынды қасиеттер болуы, құлшылық амалдарының шынайы ықыласпен жасалуы, басқа адамдарға зиян тигізбей, дұрыс қарым-қатынас жасау сынды дүниелер.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды», деген.
Демек, тақуалық – сыртқы форма емес, ол адамның жүрегіндегі Алладан қорқу сезімі мен соған сай дұрыс өмір сүруі.
Икрам АЙТАЕВ










