Бейсенбі, 2 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Адал қоғам құру – ортақ мақсатымыз

02.04.2026
- Ислам, Таңдаулы
0
1
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Әлемдердің Раббысы Аллаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымызға салауат пен сәлем болсын! Қоғамның орнықты дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығы адалдық қағидаттарының сақталуымен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, адал қоғам қалыптастыру ең алдымен рухани құндылықтарға негізделуі тиіс. Өйткені Қасиетті Құран мен сүннетте адалдық, шыншылдық, әділдік, аманатқа берік болу сынды құндылықтар ерекше орын алады.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Нахл» сүресінің 90-аятында: «Расында, Алла әділдікті, ихсанды және туған-туысқа қол ұшын беріп қарайласуды бұйырады. Сонымен қатар арсыздықтан, жамандық атаулыдан және зұлымдықтан мүлдем тыяды. Ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп Алла Тағала сендерге осылайша насихат айтып, жол сілтейді», – деген. Ислам діні адалдықты, әділеттілік пен аманатқа беріктікті қоғам тұрақтылығының негізгі шарты ретінде бекіткен. Құрандағы тағы бір аятта: «Алла сендерге аманаттарды иелеріне қайтаруды және адамдар арасында билік айтқандарыңда әділ үкім шығаруды бұйырады…» («Ниса» сүресі, 58-аят) делінген.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Кім бізді алдаса – ол бізден емес», – деген. Адалдық заң талаптарын орындаумен ғана шектелмейді. Ол жеке тұлғаның мінез-құлқынан, еңбекке көзқарасынан, қоғамдық міндеттерге жауапкершілігінен және өзгенің құқығына құрметпен қарауынан көрініс табады. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани мұрасында толық адам, адал ұрпақ, шынайылық, кемелдік сынды идеялар терең қамтылған. Қожа Ахмет Ясауи – тек қазақ халқының ғана емес, барша түркі мұсылман жұртының ортақ рухани тұлғасы. Оның ілімі Орталық Азиядан бастап, Анадолы мен Қапқазға дейін кеңінен тарады. Ясауи ілімінің басты ерекшелігі – Алланы махаббат арқылы тану концепциясында. Ол өз хикметтерінде шынайы махаббатсыз Жаратушыны танудың мүмкін еместігін айқын көрсетті. Ғашықтық пен махаббатты адамның рухани кемелденуінің негізі ретінде ұсынды.

Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық

Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық

02.04.2026
Дінді қиындатып түсіндіретін кейбір бейресми «уағызшылар» бар. Оларды тыңдауға бола ма?

Дінді қиындатып түсіндіретін кейбір бейресми «уағызшылар» бар. Оларды тыңдауға бола ма?

02.04.2026

Бабамыз даналық сөздерінің бірінде:

«Ғашықтық жол саған бастар, Бір және Бар,

Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар.

Қолым жайып дұға қылам, Ием Жаббар,

Не қылсаң да ғашық қылшы, Пәруардигар» деп, Жаратушы мен пенденің арасындағы иләһи махаббатқа ерекше назар аударған. Сондай-ақ, тағы бір хикметтерінде: «Сәлік қылма, абид қылма, ғашық қылғын», «Ышық (махаббат) болмаса, танып болмас Мәулім Сені» деп, шынайы махаббатсыз Алланы танып білудің мүмкін еместігін алға тартқан.

Бұл рухани бағыт кейін Хакім ата, Мәуләнә Руми, Бабарахым Машраб секілді ойшылдар арқылы дамып, қазақ руханиятында Абайдың «толық адам» ілімімен сабақтасты. Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй» қағидасы Ясауи іліміндегі махаббат пен әділет түсінігінің көрінісі деуге болады.

Жаратушы мен жаратылысты махаббатпен тану – кемелдік ұстындарының басты шарты. Мұндай рухани кемелдік орныққан жүректе жасандылық пен рияға орын қалмайды. Керісінше, шынайылық, әділет, мейірім мен жауапкершілік үстемдік етеді. Осы қасиеттер қоғамдық әдептің, яғни адал қоғамның қалыптасуына негіз болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Адам ағзасында бір бөлшек ет бар. Егер ол түзу болса, бүкіл дене дұрыс болады. Ал егер ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек!» – деген.

Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» еңбегінде ізгі қоғам адалдық пен әділдік негізінде қалыптасатынын жазған. Мұндағы «қала» ұғымы тек белгілі бір аумақ емес, тұтас қоғамды, отбасынан бастап, мемлекетке дейінгі әлеуметтік құрылымды қамтиды. Ал Ясауи іліміндегі кемел адам, яғни толық адам – рухани және зияткерлік тұрғыдан жетілген тұлға. Ортағасырлық ойшылдар мұны «Инсан әл-камил» деп атаса, Абай оны «Толық адам» ұғымымен айқындады. Бұл таным Ясауидің «Хәл» ілімінен бастау алып, Шәкәрімнің «Ар» іліміне дейін жалғасқан ұлттық рухани желіге айналды.

Толық адам мен адал қоғам – өзара тығыз байланысты ұғымдар. Әрбір адамның әдебі мен жауапкершілігі ізгі қоғамның қалыптасуына негіз болады. Сондықтан адал қоғам құруда ғылым мен діннің өзара ықпалдастығы ерекше маңызға ие. Ғылым қоғамдық үдерістерді талдаса, дін адамгершілік бағдар мен рухани құндылықтарды ұсынады. Осы екі бағыттың үйлесуі ғана ұзақ мерзімді әрі тұрақты нәтиже береді.

Халық ауыз әдебиетінде мынадай бір хикая бар. Өздеріңізге мәлім, Ясауи бабаның өмірі тұтастай құлшылық пен қызметке толы болды. Күндіз-түні Алла Тағалаға ғибадат жасап, шәкірттеріне ілімнің сыртқы (заһири ілім) мен ішкі (батыни ілімнің) сырларын үйретті. Ешқашан біреуге алақан жайып, дүниелік пайда іздемеді. «Ризық – Алладан, бірақ еңбек – құлдан» деп, өз нәпақасын адал еңбекпен табуды жөн көрді.

Ясауи бабамыз ағаш жонып, қасық пен ожау жасайды екен. Ол кісінің бір момын өгізі бар екен. Баба сол өгіздің үстіне қоржын артып, ішіне өзі жасаған қасықтары мен ожауларын салып, базарға жібереді. Өгіз базарға барып, бір бұрышта үнсіз тұра қалатын көрінеді. Келген жұрт қасық пен ожауды алып, ақысын, яғни ақшасын қоржынға салып кетеді екен.

Бірде бір адам алған затының ақысын төлеместен кетіп қалады. Сонда әлгі өгіз, сол адамның артынан ілесіп, қайда барса да соңынан қалмайды. Әлгі адам таңғалып, неге бұлай екенін түсінбей жүре береді. Ақыры істеген ісін аңғарып, ақысын қоржынға салған сәтте ғана өгіз тынышталып, кері бұрылып кете беріпті.

Кеш түскенде өгіз Бабаның шаңырағына өзі келеді екен. Сонда Ясауи бабамыз қоржындағы ақшаны санамастан түгелдей шәкірттерінің қажетіне жұмсайды. Яғни өзіне артық дүние жинамай, қолындағы барын шәкірт тәрбиелеуге, ілім жолына сарп етеді. Міне, осы хикая Ясауи бабамыздың адал еңбекке берік екендігін паш етеді. Аллаға толық бағынған әулие құл болғанын кейінгі ұрпаққа, яғни біздерге өнеге етіп қалдырды.

Ислам адамды тек Алла алдында ғана емес, қоғам алдында да жауапты болуға тәрбиелейді. Әрбір іс-әрекетіміз үшін есеп беретінімізге сену – адалдықтың ең биік көрінісі. Қазіргі заманда бүкіл адамзат алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – әділетсіздікпен күресіп, адал қоғам құру.

Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы киелі Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда қоғамда әділеттілік орнатудың, адал азаматтарды тәрбиелеудің маңызына айрықша тоқталып, былай деген еді: «Арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс». Президентіміздің бұл бастамасы дін қызметкерлеріне де үлкен жауапкершілік жүктейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни-ағартушылық қызметті жүйелеу мақсатында әр жылға мазмұндық атау беріп келеді. Осыған орай біз биылғы жыл атауын діни қызмет аясында «Ислам және адал қоғам» жылы деп жарияладық. Бұл бастама қоғам өмірінің барлық саласында адалдық қағидаттарын жүйелі түрде орнықтыруды көздейді. Адал еңбек мәдениетін қалыптастыру, әділеттілік пен жауапкершілікті күшейту, аманатқа қиянат жасамау және қоғамдық сенімді нығайту – жылдың басты басымдықтары болмақ. Бұл – әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам деп санаймын.

Адам заң алдында ғана емес, ар-ұяты мен Жаратушы алдында да жауапты екенін сезінеді. Бұл – қоғамда тәртіп пен сенімді қамтамасыз ететін ішкі рухани бақылау жүйесі. Адал қоғам қалыптастыру бір реттік науқандық шара емес. Ол жүйелі тәрбие мен тұрақты рухани жауапкершілікке негізделген жұмыстардың негізінде қалыптасады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауы – осы ортақ мақсатты жүйелі түрде нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама Ясауи бабамыздың мұрасындағы «Инсан әл-камил», яғни «Толық адам» ілімін қазіргі қоғаммен сабақтастыра отырып, ел ішінде адалдық пен әділет мәдениетін орнықтыруға нақты үлес қосады деп сенеміз.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

Таңбалар: адал қоғамБас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Хельсинки орталық мешіті жұмысымен танысты
Жаңалықтар

Хельсинки орталық мешіті жұмысымен танысты

31.03.2026
Ағаш отырғызу шарасына қатысты
Жаңалықтар

Ағаш отырғызу шарасына қатысты

23.03.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122105 бөлісті
    Бөлісу 48842 Твитерге 30526
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    527 бөлісті
    Бөлісу 211 Твитерге 132
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    450 бөлісті
    Бөлісу 180 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Адал қоғам құру – ортақ мақсатымыз
Ислам

Адал қоғам құру – ортақ мақсатымыз

02.04.2026
Руна жазулары және Абай мұрасы: Қазақстан ЮНЕСКО-да жаңа номинацияларды насихаттауда
Жаңалықтар

Руна жазулары және Абай мұрасы: Қазақстан ЮНЕСКО-да жаңа номинацияларды насихаттауда

02.04.2026
Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық
Сұхбат

Юрген Боос: Қазақстан Франкфурт кітап көрмесіне қонақ болуға лайық

02.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00