Сәрсенбі, 4 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шындықтың панасы

04.03.2026
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
Хасан Басридің кесенесі

Хасан Басридің кесенесі

2
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қалада үрей билеген күндердің бірі еді. Билігіне мастанған залым әкім әділ сөзден қорқатын. Ал әділдіктің үні – халық жүрегінде, ал халық жүрегінің шамшырағы – хазреті Хасан Басри әулие болатын.

Бір күні әкім ашуға булығып, нөкерлеріне бұйрық берді:

– Оны, яғни Хз.Хасан Басриді тауып әкеліңдер! – деді.

Сол сәтте Хасан Басри бұрынғы шәкірті, ықыласты жан – Хабиб Ажамидің қарапайым лашығына келіп паналады. Лашықтың іші жұпыны: бір төсеніш, бір құмыра су, қабырғаға сүйенген ескі аса таяқ. Бірақ бұл мекеннің тынысы бөлек еді – мұнда дүние емес, иман салтанат құрған болатын.

Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

04.03.2026
Маңғыстау: «Рамазан сыйы» марафоны жалғасын тапты

Маңғыстау: «Рамазан сыйы» марафоны жалғасын тапты

04.03.2026

Көп ұзамай есік тарсылдап, уәлидің нөкерлері сау ете түсті.

– Хасан Басриді көрдің бе? – деді олар өктем үнмен.

Хабиб хазірет жүзін өзгертпестен:

– Иә, көрдім, – деді жай ғана.

– Қайда?

– Осы лашықта.

Нөкерлер ішке лап қойды. Төсенішті аударды, бұрыштарды тінтті, лашықтың ішінің шаңын басына көтерді. Бірақ көздеріне ешкім көрінбеді. Ашуға булығып сыртқа шықты.

– Әй, шейх! Неге өтірік айтасың? – деп зекіді бірі.

Хабиб сабырмен былай деді:

– Мен өтірік айтқан жоқпын. Егер сендер көрмесеңдер, оған мен кінәлі емеспін.

Олар тағы да кіріп іздеді. Тағы да таппады. Ақыры күңкілдесіп, кері қайтты.

Үй ішін тыныштық басты. Сол сәтте жасырынған жерден Хасан Басри шықты. Жүзінде терең ой бар.

– Уа, Хабиб, – деді ол жұмсақ үнмен:

– Раббым мені сенің құрметің үшін оларға көрсетпегенін білемін. Бірақ орнымды неге айттың? Ұстаздық хақым жоқ па еді? – деді.

Хабибтің жанары төмен түсті. Дауысы дірілдеген жоқ, бірақ сөзінде шынайылық бар еді.

– құрметті Ұстазым, – деді ол.

– Олар сізді таба алмағаны менің құрметімнен емес. Бұл – шындықтың құрметі. Біз өтірік айтпадық. Өйткені шыншылдардың жәрдемшісі – Алла. Егер өтірік айтсам, сізді де, мені де алып кетер еді…

Сол сәтте Хасан Басри шәкіртінің жүрегіндегі тәуекелді көрді. Лашықтың жұпыны қабырғалары арасында ұлы бір ақиқат асқақтап тұрды:
шындық – қорғансыз көрінгенімен, ең мықты қорған.

Сыртта зұлымдықтың дауысы қатты естілгенімен, іште иманның тыныштығы бар еді. Ал иман бар жерде – қорқыныштың билігі жүрмейді.

Сол күннен бастап бұл оқиға ел арасында бір сырлы шындық болып тарады:
адамды жасырған қабырға емес, адамды қорғаған – ақиқат.

Шыншылдық – құнды адами қасиет, шындықты айту, алдамау, растау қабілеті. Шыншылдық болу адамгершіліктің ең маңызды талаптарының бірі болып табылады. Шыншыл болу ар-ұжданмен байланысты, қоғамдық нормаларды сақтау негізінде қалыптасады және адамдар арасындағы сенімнің негізі болып табылады.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: ҒибратШыншылдық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Құрма ағашының көлеңкесіндегі халифа
Ғибратты әңгімелер

Құрма ағашының көлеңкесіндегі халифа

08.02.2026
Үш ұлы ақиқат
Ғибратты әңгімелер

Үш ұлы ақиқат

21.01.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120152 бөлісті
    Бөлісу 48061 Твитерге 30038

Соңғы жарияланымдар

Шындықтың панасы
Ғибратты әңгімелер

Шындықтың панасы

04.03.2026
Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі
Жаңалықтар

Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі

04.03.2026
Діни экстремистердің мақсаты – қоғамды күйрету
Жаңалықтар

Діни экстремистердің мақсаты – қоғамды күйрету

04.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00