Сұрақ: Қазіргі таңдағы «нақшбандия» сопылық тариқаты дұрыс па?
Жауап: Бахауддин Нақшбанди 1318-1389 жылдары өмір сүрген. Орталық Азиядағы ең ықпалды сопылық «Нақшбандия» тариқатының негізін қалаушы ұстаз. Өз дәуірінде халықтың рухани өмірінен орын тапқан сопылық жол.
Қазіргі таңда «нақшбандия» сопылық жолын насихаттап жүрген пірлер қоғамда кездеседі. Сонымен қатар, өздерін ханафи мәзһабы мен матуриди ақидасының өкілдері ретінде көрсетеді, іс-әрекетінің белгілері мен әдістері, соның ішінде Нақшбандия жақтаушыларының ғибадат ету рәсімдері ҚМДБ қолданатын ханафи мәзһабынан өзгеше оқшауланады. Сондай-ақ, осы үрдісті ұстанушылар «тақлидті» (көзсіз еру) қатаң ұстанады, соқыр еліктейді және «татулықты» (рухани көшбасшы) ұстанады.
Нақшбандиялықтар транс және окульттік-мистикалық рәсімдерімен жиі көзге түседі. Олар «пірінің» айтқанын сөзсіз орындайды. Кейбір топтар немесе жеке ұстаздар дінді бұрмалап нәпсіге ыңғайлап түсіндіруі мүмкін.
Сондықтан нақты бір топты, «пірді» немесе шейхты жеке қарастыру бұрыс түсінік. Осы бағыттың жақтаушылары өз қызметін жүзеге асыруда жабық жамағаттар қағидасы бойынша ҚМДБ-дан бөлек құлшылықтарымен оқшауланады. ҚМДБ тұрғанда, басқа діни танымға еліктеу адасушылыққа соқтыратынын еске тұтқан жөн.
Икрам АЙТАЕВ









