Қасиетті Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы көпбалалы отбасының шаңырағына арнайы барып, мүбәрак аймен құттықтады.
Жүздесу барысында Бас мүфти отбасы мүшелерімен сұхбаттасып, қасиетті Рамазан айының рухани мәні мен тағылымына тоқталды.
Іс-шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан аталған отбасыға «Рамазан сыйы» ретінде 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды.
Сондай-ақ, Бас мүфти отбасы мүшелерімен бірге ауыз ашып, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп дұға жасап, ақ батасын берді.
Кездесу соңында отбасы иелері көрсетілген қолдау мен ықылас үшін алғыстарын білдірді.









