Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
- Қоғам, Таңдаулы
0
© Fotolia / pogonici

© Fotolia / pogonici

4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ресми статистика жыл сайын елімізде жаңадан 3 мыңға жуық асқазан обыры тіркелетінін айтады. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың үштен екісі ауруы әбден асқынған кезде медициналық көмекке жүгінеді екен. Өкінішке қарай, бұл кезде емделіп шығу мүмкіндігі тым аз болады.

Асқазан қатерлі ісігінің пайда болу себебі көп. Бүгінгі әңгімеміз, сол көп себептің бірі – үнемі тойып тамақ жеу әдеті. Дәрігерлер ұзақ уақыт қарны «жарылғанша» тамақтанудың соңы артық калория мен салмақ жинаудан бөлек, асқазан обыры мен басқа да қатерлі ауруларға шалдығу қаупін арттыратын патологиялық үдерістерге алып келетінін айтады. Бұл, әсіресе, ораза кезінде назар аударатын маңызды мәселе.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының хирург-онкологы Абай Жұмановтың айтуынша, артық тамақтануды денсаулыққа зиянсыз, қалыпты нәрсе деп қабылдау қате.

«Үнемі тыңқия тойып алу асқазанның моторикасын бұзып, оның шырышты қабығының, рефлюкстің және қатерлі ісік алдындағы өзгерістердің пайда болуына әкеп соқтырады. Бұл әдет ұзақ уақыт жалғасын тапса, одан әрі обырға ұласу қаупі зор. Сондықтан дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, қандай да бір ауру белгілері байқалса, оның себебін дер кезінде анықтау керек», дейді ол.

Қадірі жоғары түн

Қадірі жоғары түн

16.03.2026
Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026

Дәрігердің айтуынша, асқазан – созылмалы орган болғанымен, оның да өз мүмкіндіктері бар. Үнемі артық тамақтану салдарынан ол біртіндеп созылып-жиырылу және тамақты ас қорыту жолымен әрі қарай жылжыту қабілетінен айырылады.

«Бұдан кейін тамақ асқазанда қалыпты мерзімінен ұзақ уақыт жатып қалады. Біртіндеп ас қорыту үдерісі бұзылып, сіз тіпті аз тамақтансаңыз да, асқазаныңызда ауырсыну сезімі пайда болады», дейді ол.

Бұған қоса, дәрігер үнемі тамаққа толып, лықсып тұратын асқазандағы қысымның салдарынан асқазан мен өңеш арасындағы «бұлшықет сақинасы», яғни өңеш сфинктері әлсіреп, қышқыл мен қорытылмаған тамақтың жоғары көтерілуіне, салдарынан қыжыл мен өңештің күюіне алып келетінін ескертеді. Бұл тұрақты қайталанып отырған жағдайда, рефлюкс өңештің шырышты қабығын зақымдайды екен.

Онколог А.Жұбанов қыжыл, рефлюкс, тәбеттің төмендеуі, тамаққа тез тойып қалу сезімі, іштің жоғары бөлігіндегі ауырсыну, салмақтың өзінен-өзі төмендеуі, анемия, әлсіздік пен тез шаршау сезімдері пайда болса, бұл дереу арада дәрігерге көрінуді қажет ететін белгілер екенін айтады.

«Тамақты мөлшермен ішіп, қанағат дегенді білу керек. Апыл-ғұпыл тез тамақтанудан да сақтанған дұрыс. Сондай-ақ дастарханнан тұрған кезде тоймай қалғандай сезім болғаны жөн. Кешкі уақытта көп тамақ жеуден аулақ болу керек. Мұндай жақсы әдеттерді қалыптастыру – тек асқазан емес, барлық ағзаның саулығына салынған инвестиция», дейді дәрігер.

Жалпы, медицинадан бөлек, Ислам дінінде де тамақтану мәселесіне қатысты маңызды ескертулер бар екенін айта кету керек. Мәселен, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Біз қарнымыз ашпайынша дастарханға отырмайтын, ал дастарханға отырсақ, тоймай жатып орнымыздан тұратын қауымбыз», деген. Тағы бір хадисте асқазанның үштен бірін тамаққа, үштен бірін сусынға толтырып, үштен бірін ауаға қалдыру жайында да айтады.

Осы орайда ораза кезіндегі тамақтану мәселесіне назар аударған жөн. Шыны керек, көп адам қарным ашып қалады деп, сәресінде тыңқия тойып алып, ұйқыға жатады. Сосын күні бойы аш жүреді де, кешке ауызашарда отырған орнынан тұра алмай қалғанша тойып тамақ жейді. Ал дәрігерлер мұндай әдет оразаның пайдасынан гөрі зиянын арттыратынын ескертеді.

Астана медициналық университеті жанындағы Е.Д.Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, дәрігер-диетолог Жанна Нұрбергеннің айтуынша, оразаны дұрыс әрі талапқа сай ұстау ағзадағы май қорларының азаюына, зат алмасу өнімдерінің шығарылуына және иммунитеттің нығаюына ықпал етеді.

Алайда, күні бойы ашығудан кейін үнемі артық тамақтану, майлы әрі қуырылған тағамдарды, нитриттері бар өңделген өнімдерді және тәтті сусындарды шамадан тыс тұтыну асқазанның шырышты қабығына жүктеме түсіріп, қабыну үдерістерін қоздырады және уақыт өте келе асқазан обырының пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.

«Таңнан кешке дейін аш жүргеннен кейін оразадан біртіндеп шығу маңызды, яғни алдымен су мен құрма жеп, сосын араға 10-15 минут уақыт салып, үзіліс жасап, одан кейін тағамдық талшыққа бай салаттан ауыз тиіп, сосын ғана негізгі ыстық тамаққа көшкен жөн. Оның ішінде ақуыздарға (балық, майсыз ет, бұршақ тұқымдастар, жұмыртқа), күрделі көмірсуларға және пайдалы майларға басымдық беріп, кешкі уақытта 2-2,5 литрге дейін таза су ішіп, тәтті және энергетикалық сусындардан бас тарту керек. Өйткені аз мөлшерде, бөліп-бөліп тамақтану, тым қатты тоюдан бас тарту – асқазан ауруларының алдын алудың және денсаулықты сақтаудың кепілі», дейді дәрігер.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: артық тамақтануоразатамақтану әдебі
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Рамазан айы ең ұзақ уақыт ауыз бекітетін шілде айына қанша жылдан кейін келеді?

13.03.2026
Ораза – отыз күндік медресе
Ғибратты әңгімелер

Оразаның сырлары

12.03.2026
Тағы жүктеу

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121011 бөлісті
    Бөлісу 48404 Твитерге 30253
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?
Қоғам

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Қадірі жоғары түн
Видео

Қадірі жоғары түн

16.03.2026
Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00