Сенбі, 7 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Айнагүл БАЙЖІГІТОВА: Алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын қамал жоқ

07.03.2026
- Сұхбат, Таңдаулы
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Жуырда Дубайда өткен «UAE SWAT Challenge 2026» халықаралық арнайы бөліністер жарысында қазақ аруларынан құралған «Tomiris» командасы ел намысын абыроймен қорғап, жеңіске жетті. Туған жерге оралған соң жеңімпаздарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, құттықтады. Біз команда капитаны, полиция подполковнигі Айнагүл Байжігітовамен арнайы жолығып, қызметтік және спорттық мансабы тура­лы білген едік.

– Айнагүл, әңгімемізді жуырда өткен жарыстан бастайықшы. Бұл өзі қандай турнир? Әлемнің қанша елінен команда қатысты?

– Бұл – жыл сайын арнайы мақсаттағы бөліністер арасында ұйымдастырылатын беделді жарыс. Биыл оған 48 елден 109 команда қатысты. Соның ішінде 9 әйелдер құрамасы өнер көрсетті. Бес күнге созылған жарыс­та бес түрлі жат­­тығудан сынға тү­стік. Оның бәрі – өзі­міздің күнделікті қызметімізге арналған айрықша жаттығулар. Атап айтқанда, ғимарат ішін қылмыскерлерден тазарту, кепілге алынғандарды құтқару деген секілді тапсырмаларды орындадық.

– Соның бірі үлкен доңғалақты көтеру тапсырмасы болғанын дүйім ел көрді. Қазақ қыздарының алып доңғалақты қалай көтеріп алғанына қайран қалып, тамсанбаған адам жоқ. Бұл жарыстағы ең қиын тапсырма болды ма?

Рамазан: 534 263 адамға ауызашар берілді

Рамазан: 534 263 адамға ауызашар берілді

07.03.2026
Құрмет пен мейірім мерекесі

Құрмет пен мейірім мерекесі

06.03.2026

– Иә, рас, ең қиыны осы болды. Жалпы, бұл жарысқа 6 ай дайындалдық. Оның ішінде шыдамдылықты, күш-қуатты, жылдамдықты арттыру мақсатында физикалық дайындық пен ату, мергендік тұрғысынан тактикалық дайындыққа баса көңіл аударылды. Бұған қоса команданың психологиялық дайындығы да назардан тыс қалған жоқ. Өйткені мұндай турнирде командалық рух, өзара түсіністік те маңызды рөл ойнайды. Тиянақты дайындықтың, сондай-ақ үйлесімді командалық жұмыстың арқасында жарыста жеңіске жеттік. Иә, доңғалақты көтеру кезінде аздап қиналдық. Негізі оны төрт қыз көтеруіміз керек еді. Алайда жарыста уақытты үнемдеу үшін бір қыз басқа тапсырманы орындауға жүгіріп кетті де, доңғалақты үшеуміз көтердік. Оны да біз алдын ала әбден пысықтаған едік. Жалпы айтқанда, жарыс өте қарқынды әрі қызықты өтті.

– Жеңімпаз болған кездегі сезіміңіз қандай еді?

– Отаныңның атынан әлемдік жарысқа шығып, елдің намысын жыртып, бірінші орын алудың әсері тым бөлек екен. Осы биіктен көріну жолында қаншама тер төктік десеңші. Бабымыз тұрғысынан талапқа сай болдық. Жарыста бағымыз да қоса ша­уып, діттеген мақсатымызға қол жеткізгенімізге қуаныштымын.

– Өзіңіз туралы бірер сұрақ қойсам. Қазір қандай қызмет атқарасыз? Ішкі істер саласына қашан келдіңіз?

– Қазіргі қызметім – Ішкі істер министрлігіне қарасты Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың взвод командирімін. Бұл жарысқа «Tomiris» командасының капитаны ретінде екінші мәрте қатыстым. Аталған салаға келуіме бала күнімнен полиция киіміне қызығушылығым, осындай оқалы киім кисем деген арманым себепші болды. Маған дейін отбасымда құқық қорғау органдарында жұмыс істеген ешкім жоқ. Ресейдің Омбы облысында дүниеге келгенмін. Сол жақта жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін атажұртқа қоныс аударып, жұмысқа тұрдым. Алғашқы еңбек жолым ІІМ дипломатиялық өкілдіктерді қорғайтын полиция полкінде басталды. 2019 жылы тұңғыш рет әйелдердің Жедел қимылдайтын арнайы жасағы құрылған соң, бірден осы жерге қызметке ауыстым. Содан бері осы саланың ыстығы мен суығына төзіп, еңбек етіп жатырмын.

– Арнайы жасақта қызмет ету әйел адамға қиын емес пе?

– Алдыңа мақсат қоя білсең, қиын емес. Өзімнің жұмысымды мақтан тұтамын. Білік пен білектің күшін талап ететін қызметіміз арқылы кейінгі жастарға, соның ішінде балаларымызға да үлгі боламыз. Менің де отбасым, балаларым бар. Оларды еліміздің абыройлы, Отанын қорғайтын азаматы етіп тәрбиелеуіме осы қызметімнің қосар үлесі зор.

– Сіз секілді құқық қорғау органдарына қызметке тұрғысы келетін сіңлілеріңізге қандай кеңес берер едіңіз?

– Спортпен шұғылдану керек. Саламатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Атап айтқанда, тамақтану жағына, зиянды әдеттерден аулақ болуға мән беру қажет. Өз-өзіңізді дамытып, қабілетіңізге сене білсеңіз, алынбайтын асу жоқ.

– Спорт демекші, сіз спортпен де шұғылданатыныңызды білеміз. Астанада өткен V Көшпелілер ойындарына қатысып, жүлделі орыннан көріндіңіз. Сол жайында айтып берсеңіз.

– Иә, мен Көшпелілер ойын­дарында арқан тартудан қыздар құрамасы сапында болдым. Бұл жарысқа да 8 ай бойы дайындалдық. Алдымен қалалық, облыстық жарыстарда топ жарып, Көшпелілер ойындары қарсаңында республикалық турнирдің соңғы кезеңінде жеңіске жеттік. Ал ойындарда, өздеріңіз білесіздер, фи­налға дейін жетіп, өкінішке қарай, соңғы тартыс­та Ресей құрамасынан ұтылып, күміс медальға ие болдық. Қазіргі таң­да арқан тартудан жарыстарға қатысып жүрген жоқпын. Алайда жаттығу жасап тұрамын.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Айнагүл БайжігітоваЖедел қимылдайтын арнайы жасақКөшпелілер ойындары
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рамазанның алғашқы онкүндігінің есебін тыңдады

Рамазанның алғашқы онкүндігінің есебін тыңдады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120391 бөлісті
    Бөлісу 48156 Твитерге 30098

Соңғы жарияланымдар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Конференцияда әйелдердің Орталық Азиядағы рөлі талқыланды
Жаңалықтар

Конференцияда әйелдердің Орталық Азиядағы рөлі талқыланды

07.03.2026
Рамазан: 534 263 адамға ауызашар берілді
Жаңалықтар

Рамазан: 534 263 адамға ауызашар берілді

07.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00