Жұма, 10 Сәуір, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлттық орталық музейде сирек киножәдігерлер көрмесі ашылды

24.02.2026
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
Фото: Александр Павский / Kazinform

Фото: Александр Павский / Kazinform

16
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сарғайған плакаттар мен ашық хаттар. Үнсіз тұрған ескі камералар мен проекторлар. Ұлттық орталық музей кеңістігі бұл күндері кино алаңына айналғандай.

Бұл жәдігерлер арқылы қазақ киносының қалай қалыптасқанын, қандай ізденістер мен белестерден өткенін аңғартады.

Ұлттық орталық музейде «Ұлы мұра — ұрпаққа өсиет» фестивалі өтті. Фестиваль Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм ұлттық киностудиясы және Меңтай киномузейі бірлесуімен ұйымдастырылып, Қазақ КСР-нің халық әртісі, актер, опера әншісі Кәукен Кенжетаевтың 110 жылдығы мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, киноактер Меңтай Өтепбергеновтің 80 жылдығына арналды.

Көрме залына кірген сәттен-ақ өткен ғасырдың лебі сезіледі.

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026

Меңтай киномузейі қорынан ұсынылған 1930-1940 жылдардағы киноплакаттар, сирек кинокамералар, кино туралы коллекциялық монеталар, ашық хаттар, күйтабақтар, 1930 жылғы Kodak проекторы, 1960-1970 жылдардың кинопленкалары, 1925-1998 жылдары жарық көрген «Советский экран» журналдарының тігінділері — бәрі де кино тарихының үнсіз куәгеріндей.

Әрбір жәдігерде тұтас дәуірдің табы, әр пленкада — тұтас бір тағдырдың ізі бар.

Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі — Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Досхан Жолжақсыновтың естелігі болды. Ол Кәукен Кенжетаев туралы тебірене отырып, оның болмысын тұтас бір дәуірдің бейнесіндей сипаттады.

— Кәукен ағаның өнері сан салалы еді. Опера театрындағы қызметі, Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясындағы ұстаздығы, қаншама операны жаңғыртуға қосқан үлесі — бәрі бөлек әңгіме. Бірақ соның ішінде сүбелі орын кинода бұйырды. Кинодағы кейіпкерлері тіпті бөлек болатын. «Қыз Жібектегі» Төлегеннің әкесі… Құдай-ау десеңізші, бір көзқарастың өзі тұтас тарих еді ғой, — деп еске алды ол.

Досхан Жолжақсынов үшін ең құнды естелік — Кәукен Кенжетаевпен «Гауhартас» фильмі алаңында бірге өткізген сәттер. Ол марқұмның бойындағы қазақы мінез пен сөзге деген мінәжатты ерекше атап өтті.

— Ол кісі өмірге үлкен байсалдықпен қарайтын. Сөздің де, істің де адамы екені бірден сезілетін. Кәукен ағамның ақындығы мені ерекше тәнті етті. Туған жердің сұлу табиғаты оған тек күш-қуат емес, ұлы өнер дарытқандай еді, — деді Жолжақсынов.

Актердің сөзінше, Кәукен Кенжетаевтың бойындағы сабырлық — өзгелерге үлгі болған қасиет.

— Біз кейде шыр-пыр болып жатамыз. Сондай сәтте Кәукен ағам бір-екі ауыз сөзбен сабамызға түсіретін. Сабырлығы, шешендігі, әнге деген құмарлығы ғана емес, оның дауысының өзі қайталанбас еді. Ерен еді, ерекше еді. Қалжыңдарының өзі қандай десеңізші. Жалпы қалжың айта білетін адам — ұлы адам. Қалжың деген — адамның жанындағы безбен. Озығы мен тозығын таразылап, сарасын алдыңа тартатын қасиет. Бұл — бұл күні біз естіп жүрген емес, қазақы, дархан қалжың еді. Адамды өсіретін, бағыт-бағдар беретін, өсиеті бар қалжың. Кәукен ағам бұған қоса өте қарапайым еді. Баламен балаша, үлкенмен үлкендей сөйлесе білетін. Бойындағы қанағатшылдық бірден көрінетін. Мұндай қасиеттер — ғажап тұлғаға ғана тән, — деді ол.

Көрме Қазақстанның жас кинематографистеріне, студенттерге, режиссерлерге, жас операторларға, суретшілерге, опера әншілері мен музыканттарға және өнерсүйер көпшілік қауымға арналды.

Көрмеге келгендердің қатарында Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының 1-курс студенті Жансая Әділғазина да бар.

— Өзіме өте ұнады. Көп мәлімет алдым. Осында келіп, Кәукен Кенжетаевтың шығармашылығымен алғаш рет жақын таныстым. Бұған дейін тек есімін естігенмін. Енді алдағы уақытта оның өнері мен адамдық болмысы туралы тереңірек ізденгім келеді. Ұлы тұлға екеніне көзім жетті, — деді ол.

Шара барысында Кәукен Кенжетаевқа арналған кітаптың таныстырылымы өтті. Алматының мемлекеттік архиві «Біздің замандастар» айдарының жалғасы ретінде әзірлеген «Кәукен Кенжетаев» атты жинақты басып шығарған. Кітапта Кәукен Кенжетаевтың жеке қор құжаттары негізге алынған.

Жинақта оның Ұлттық консерваториядағы алғашқы әншілік жолы, қырық жылға жуық опера сахнасындағы шығармашылығы, әлемдік опералардан орындаған партиялары, режиссерлік және ұстаздық қызметі кеңінен қамтылған.

Сонымен қатар қазақтың халық ауыз әдебиеті негізінде жазылған опера либреттолары мен әлемдік операларды қазақ тіліне аударудағы еңбегі де көрініс тапқан.

Кітапта Кәукен Кенжетаевтың Шәкен Айманов, Амангелді Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Шәріп Бейсенбаев, Сұлтан Қожықов сынды режиссерлермен жұмыс істеген кезеңі, 30-ға жуық фильмдегі рөлдері арқылы ұлттық киноның дамуына қосқан үлесі де баяндалады.

Сондай-ақ жинаққа Кәукен Кенжетаевтың әріптестері мен шәкірттерінің естеліктері енгізілген. Атап айтқанда, өнер қайраткерлері С. Тәуекел, Р. Рымбаева, Т. Мұхамеджанов, О. Жүніс, А. Құлбаев, Р. Машурова, О. Сарбосовтардың жүрекжарды лебізі топтастырылған.

Сондай-ақ фестиваль аясында көрермен назарына 1975 жылы түсірілген «Гауhартас» фильмі ұсынылды.

https://kaz.inform.kz/news/ulttik-ortalik-muzeyde-sirek-kinozhadgerler-kormes-ashildi-5bbc9a/

Таңбалар: киножәдігеркөрмеұлттық орталық музей
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды
Жаңалықтар

Елордада қазақтың байырғы өмір салтын паш ететін көрме ашылды

14.03.2026
Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады
Жаңалықтар

Ұлттық орталық музейде «Алтын Орда» жаңа көрме залы ашылады

22.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Заңсыз миссионерліктің залалы

Заңсыз миссионерліктің залалы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    122471 бөлісті
    Бөлісу 48988 Твитерге 30618
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1605 бөлісті
    Бөлісу 642 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    530 бөлісті
    Бөлісу 212 Твитерге 133
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    452 бөлісті
    Бөлісу 181 Твитерге 113

Соңғы жарияланымдар

Ислам

Алладан кешірім тіле…

10.04.2026
Орта Азия – діни білім ошағы
Видео

Орта Азия – діни білім ошағы

10.04.2026
Рұқсатсыз қажылыққа барғандарға айыппұл салына бастады
Жаңалықтар

Биыл үлкен қажылық 15 мамырда басталады

10.04.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00