Сенбі, 28 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Құрма ағашының көлеңкесіндегі халифа

08.02.2026
- Таңдаулы
0
66
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мәдина таңғы тыныштыққа бөленген шақ еді. Күннің алтын сәулесі құм төбелерді сипап, қаланың үстіне жұмсақ нұр төгетін. Сол күні қалаға алыстан – Рум елінен келген бір елші ат басын тіреді. Оның мақсаты – ұлы халифа Омар ибн әл-Хаттабпен жүздесу, саяси сөз байласу болатын.

Елші сән-салтанатты сарай іздеді. Әдеттегі патшалардай алтынмен апталған қақпа, айбынды күзет, мәрмәр қабырғалар күтті. Бірақ Рум елшісінің сұрағына мәдиналықтар жай ғана жымиып жауап берді:

– Біздің халифаның сарайы жоқ. Оның сарайы – әділ жүрегі. Ал өзі болса, қарапайым халықпен бірге өмір сүреді…

Бұл жауап елшінің көңіліне күмән мен таңданыс ұялатты. Ол жүгін де, сыйлығын да қараусыз қалдырып, Халифаны іздеуге шықты. Қаланың тар көшелерін аралап жүріп, іштей күбірледі:

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026

– Қалайша билеуші көзден тасада жүреді? Мұндай патша бар ма өзі?..

Сол сәтте алдынан жолыққан бір араб әйелі алыста тұрған құрма ағашын нұсқап:

– Анау құрма ағашының түбіне бар. Іздеген адамың – сонда, – деді.

Елші жақындай бергенде, қарапайым киінген бір адамның құм үстінде алаңсыз ұйықтап жатқанын көрді. Қасында күзетші де, қару да жоқ. Тек тыныштық пен терең бір айбар сезіледі.

Оның жүрегін түсініксіз күй билейді: бір жағынан – құрмет, бір жағынан – қорқыныш. Бұрын талай патшаны көрген, сарайларда болған адам едім. Бірақ дәл мұндай рухани салмақты ешқашан сезінбеппін – дейді. Ол

– Бұл қандай айбар? – деп ойлады.

Шынында бұл адамның емес… бұл – ақиқаттың айбыны еді.

Осы кезде Халифа Омар оянып, елшіге қарады. Көзқарасы жылы, жүзі сабырлы еді. Елші құрметпен сәлем берді. Халифа да қарапайым ғана жауап қатты. Сосын оны жанына отырғызып, әңгімеге тартты.

Олардың әңгімесі ұзаққа созылды. Халифаның әр сөзі – терең, әр ойы – жүрекке жетерлік еді. Елшінің бойындағы күмән сейіліп, көңілі жайланды. Ол келгендегі миссиясын да, алып келген саяси хабарын да ұмыта бастады. Себебі бұл жерде ол билеушіні емес, әділеттің тірі бейнесін көрген еді.

Сол күні Рум елшісі Мәдинаға жат адам болып келіп, құрма ағашының көлеңкесінде ол жаңа бір әлемді танып, жүрегімен өзгеріп қайтқан екен…

Омар ибн әл-Хаттаб – Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейін екінші халифа болған кісі, көзі тірісінде Жәннатпен сүйіншіленген сахаба. Пайғамбарымыз Хазіреті Омардың әділдігіне, ақиқатты адасудан ажырата білетін қасиетіне орай «әл-Фаруқ» деп атаған екен.

Омар ибн әл-Хаттаб (оған Алла разы болсын) мұсылмандар әміршісі болған жылдары байлық пен салтанатқа берілмей, азға қанағат еткен халифаның бірі

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: ҒибратРум елшісіхалифа
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Шөлдегі сынақ
Ғибратты әңгімелер

Шөлдегі сынақ

10.03.2026
Шындықтың панасы
Ғибратты әңгімелер

Шындықтың панасы

04.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121791 бөлісті
    Бөлісу 48716 Твитерге 30448
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    524 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    444 бөлісті
    Бөлісу 178 Твитерге 111

Соңғы жарияланымдар

Білім алмайтын екі адам
Видео

Білім алмайтын екі адам

27.03.2026
Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
«Отанның қадірін кеш түсіндік…»
Видео

«Отанның қадірін кеш түсіндік…»

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00