Сенбі, 14 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысы мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға баса мән беріп келеді

13.02.2026
- Жаңалықтар
0
4
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламның жаңа кітабы көпшілікке таныстырылды. «Рим Папасы Франциск пен Әл-Азһардың Жоғарғы имамы: күрделі жол – адамзаттың бауырластығы туралы құжаттың дүниеге келуі» деп аталатын бұл еңбек қазақ тілінде жарық көріп отыр. Іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев, аталған кітаптың авторы, Парламент депутаттары, дипломаттар, дін өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Мәулен Әшімбаев салтанатты рәсімге қатысушыларға ілтипат білдіре келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам жаһандық деңгейде конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен мақсаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ, Қазақстан мен Әл-Азһар университеті арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі мен осы жолдағы табанды әрі жүйелі еңбегі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын атап өтті. Іс-шарада бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламды қабылдағаны сөз болды.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы қазір адамзат бұрын-соңды болмаған сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын, геосаяси ахуал, мәдени және діни алауыздық, климаттық дағдарыс пен әлеуметтік теңсіздік ушыға түскенін бірнеше рет атап өткеніне назар аударды. Осыған байланысты бүгінде бауырластыққа бастайтын диалог пен рухани дипломатияның маңызы арта түскені айтылды.

«Қазақстанда адамзаттың ынтымағын көздейтін бастамаларға үнемі баса мән беріліп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға үлкен көңіл бөліп отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, сындарлы және өзара құрметке негізделген диалог – орнықты дамудың кепілі. Сондықтан еліміз әлемдегі бейбітшілікті және сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға арналған бастамаларды дәйекті түрде қолдайды. Бұл ретте, бейбітшілік пен диалог мәдениетін ілгерілетуге және өзара түсіністік пен қоғамдық келісімді нығайтуға үндейтін жобалардың маңызы зор», – деді Мәулен Әшімбаев.

Қазақстан ұсынған номинациялар ИСЕСКО-ның Ислам әлемінің мұралары тізіміне енді

Қазақстан ұсынған номинациялар ИСЕСКО-ның Ислам әлемінің мұралары тізіміне енді

13.02.2026

Ертең жаңа Конституция жобасына байланысты «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтеді

13.02.2026

Сонымен қатар Сенат Төрағасы 2019 жылы қабылданған «Адамзаттың бауырластығы туралы құжат» барша адам баласын ортақ құндылықтарға табан тіреп, бейбіт қатар өмір сүруге шақырған бірегей үндеу болғанын атап өтті. Көпшілікке таныстырылған кітапта сол тарихи құжаттың мән-маңызын терең түсіндіретін тың ойлар, сараптамалық тұжырымдар және философиялық пайымдаулар жүйеленіп берілген.

Еңбектің қазақтілді оқырмандарға алғаш рет ұсынылып отырғанын да атап өткен жөн. Мәулен Әшімбаев бұл қадам Қазақстанның жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісімді нығайту жолында маңызды рөлге ие екенін көрсететінін тілге тиек етті. Бұған еліміздің бастамасымен тұрақты өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі және қазақ жерінде көптеген этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп отырғаны айқын дәлел болады. Сондықтан жаңа кітап Қазақстанның дінаралық диалогты нығайту бағытындағы тәжірибесін дәріптейтін маңызды қадам екені анық.

Іс-шара барысында кітап авторы Мұхаммед Әбделсалам адамзаттың бауырластығын көздейтін бастамаға қолдау білдіргені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Сондай-ақ кездесуде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, Қасиетті Тақтың Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциі Джордж Панамтундил және Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма Төрайымы Гүлсана Қожабай сөз сөйледі.

Таңбалар: Мәулен Әшімбаевөркениетаралық диалог
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Діндер съезінің маңызын атап өтті
Жаңалықтар

Діндер съезінің маңызын атап өтті

05.02.2026
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

23.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Өмірден өткен ата-бабаларымызға қандай Құран сүрелерін оқығанымыз дұрыс?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Марказдардың мақсаты не?
Видео

Марказдардың мақсаты не?

14.02.2026
Ислам

Ықыласты болу жолы

14.02.2026
Сұрақ-жауап

Өмірден өткен ата-бабаларымызға қандай Құран сүрелерін оқығанымыз дұрыс?

14.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00