Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үш ұлы ақиқат

21.01.2026
- Таңдаулы
0
68
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Абдулла ибн Омардан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.ғ.с.) мынадай ғибратты оқиғаны баяндаған екен:

«Сендерден бұрын өткен қауымнан үш адам сапарға шыққан екен. Кеш түсе олар түнеу үшін бір үңгірге кірді. Сол сәтте таудың жоғары жағынан домалап келген үлкен бір тас үңгірдің аузын жауып қалыпты. Сонда олар бір-біріне:

– Бізді бұл тастан тек жасаған игі амалдарымызды себеп етіп, Аллаға жалбарыну ғана құтқарады, – деді.

Алдымен олардың бірі сөз бастап былай деді:

Харам деген не?

Харам деген не?

10.03.2026
Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

10.03.2026

– Уа, Аллам! Менің әке-шешем кәрі еді. Олар тамақ ішпей тұрып, мен балаларым мен қызметшілеріме ас-су бермейтінмін. Бір күні малға жем іздеп кетіп, үйге кеш оралдым. Үйге келгенімде, әке-шешем ұйықтап қалыпты. Оларды оятуға да, олардан бұрын үй ішін тамақтандыруға да дәтім бармады. Қолымда сүт құйылған ыдыспен таң атқанша олардың оянуын күттім. Балаларым аштықтан ыңырсып жатты. Ақыры ата-анам оянып, сүттерін ішті. Уа, Раббым! Егер мен мұны тек Сенің разылығың үшін істеген болсам, мына қиындықтан бізді құтқара гөр! – деп жалбарынды.

Сол кезде тас сәл ғана жылжыды, бірақ шығатындай кеңістік әлі пайда болмады.

Екіншісі сөз алып былай деді:

– Уа, Аллам! Менің көкемнің бір қызы бар еді. Мен оны бәрінен де қатты жақсы көрдім. Оған қосылғым келді, бірақ ол көнбеді. Бір жылы жұт болып, ашаршылық келді. Сол кезде әлгі қыз маған өзі келді. Мен оған өзіме берілуі шартымен жүз жиырма алтын бердім. Амалсыздан келісті. Бірақ оған жақындаған сәтімде ол:

– Алладан қорық! Мені харам жолмен иемденбе! – деді.

– Мен оны қатты сүйіп қалағаныма қарамастан, одан бас тарттым әрі берген алтындарымды да қайтарып алмадым. Уа, Аллам! Егер мұны Сенің разылығың үшін істеген болсам, басымыздағы қиындықты жеңілдете гөр! -деп дұға етті.

Тас тағы да жылжыды, бірақ әлі де шығуға жеткіліксіз еді.

Үшіншісі де сөз алып:

– Уа, Аллам! Мен бір кезде бірнеше жұмысшы жалдадым. Біреуі ақысын алмай кетіп қалды, ал қалғандарының еңбекақысын толық өтедім. Әлгі кетіп қалған адамның ақысын мен іске жараттым. Уақыт өте ол ақша үлкен бір байлыққа айналды. Бір күні әлгі адам келіп:

– Ей, Алланың құлы! Маған еңбекақымды бер! – деді.

– Мына көріп тұрған түйелер, сиырлар, қойлар мен құлдар – сенің ақыңның есебінен шыққан, – дедім.

Ол болса:

– Мені мазақ етпе! – деді.

– Мен сені мазақ етіп тұрған жоқпын, – дедім.

Сонда ол ештеңе қалдырмай, барлығын айдап алып кетті. «Уа, Раббым! Егер мен мұны тек Сенің разылығың үшін істеген болсам, бізді осы қиындықтан құтқара гөр!» – деп жалбарынды.

Сонда үңгірдің аузын жапқан тас мүлде ашылып, үшеуі де сыртқа шығып, аман-есен кетті»

(Бухари, Бүйү’, 98; Мүслим, Зикр, 100)

Бұл хадисте Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұрынғы үмметтерден мысал келтіре отырып, ата-анаға қызмет етудің, нәпсіні тыюдың және адам ақысын құрметтеудің діндегі айрықша маңызын айқын көрсеткен.

Бұл қисса бізге үш ұлы ақиқатты үйретеді:

ата-анаға қызмет – береке,

нәпсіні тыю – құтқару,

адам ақысын сақтау – аманат.

Кімде-кім осы амалдарды Алла разылығы үшін шынайы атқарса, тығырықтан шығар жолды Алла Тағала Өзі ашып береді.

Алла баршамызды амалын ықыласпен жасайтын, құлшылықта да, қарым-қатынаста да адал құлдарынан етсін.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Таңбалар: Ғибратүш жігіт
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Шөлдегі сынақ
Ғибратты әңгімелер

Шөлдегі сынақ

10.03.2026
Шындықтың панасы
Ғибратты әңгімелер

Шындықтың панасы

04.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120576 бөлісті
    Бөлісу 48230 Твитерге 30144
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    526 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 132

Соңғы жарияланымдар

Рекомендации паломникам, совершающим Хадж-2022
Сұрақ-жауап

Қажылықта «лаббайка» деп жиі айтылатын қандай сөз?

11.03.2026
Алматы қаласының діни ахуалына мониторинг жүргізілді
Жаңалықтар

Алматы қаласының діни ахуалына мониторинг жүргізілді

11.03.2026
Зайырлы елдің іргетасы – заң үстемдігі
Видео

Зайырлы елдің іргетасы – заң үстемдігі

10.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00