Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«S.O.S»: Елорда оқушылары нашақорлық қаупін қойылым арқылы сезінді

18.11.2025
- Жаңалықтар
0
8
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Елордада Музыкалық жас көрермен театрында жазушы, драматург Мадина Омарованың «S.O.S» драма жанрындағы қойылымы көрермен назарына ұсынылды.

Спектакль қалада «Заң және тәртіп» қағидасын, «Жас үміт» жобасын, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі «Астана – есірткісіз қала» акциясын іске асыру аясында сахналанды.

Есірткі шырмауына түскен жастардың тағдыры баяндалатын қойылымның басты рөліндегі Айбар жұмыс таба алмай қиналып жүргенде, есірткі сататын жігіттерге жолығады. Сөйтіп, жеңіл ақшаның соңынан кетеді. Осылайша ұйып отырған бір отбасының шаңырағы зардап шегеді. Қойылымда басты кейіпкер Айбар рөлінде Бибол Байғараев, Абзал Арапов, Айбарша рөлін Аружан Бағзат пен Арелана Амангелдиева сомдады. Ал анасының рөлін «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар мен Ақниет Замзат орындады.

Қойылым барысында есірткі тұтынудың жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға әкелетін қаупі көркем тілмен жеткізіліп, жастарға өмірлік дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы көрсетілді.

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

22.01.2026
ҚМДБ: Халал даму мамандарының жиыны

ҚМДБ: Халал даму мамандарының жиыны

21.01.2026

– Спектальде бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі қозғалады. Оқиға бір отбасының айналасында болған мәселемен өрбиді. Олар қиындыққа төтеп беруге тырысады. Алайда амалдың, қаражаттың жоқтығынан қиындыққа тап болады. Басты мақсат – мұндай мәселенің алдын алу, оны болдырмау. Көрерменге арзан ақшаның артында әрқашан қиындық тұратынын жеткізу, – деді спектакльдің қоюшы режиссері, мәдениет саласының үздігі Аман Ғұмаров.

Астана қалалық прокуратурасы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Нұрислам Балтабеков жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтына баулу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін, бұл мақсатты жүзеге асыруда жас буынмен ашық форматтағы диалог өз тиімділігін көрсеткенін айтады. Сондай-ақ нашақорлық мәселесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше мәрте баса назар аударғанын еске салды.

– Осыдан бірнеше ай бұрын Президентіміз Қауіпсіздік кеңесінің отырысында есірткі жастардың болашағына балта шауып, ұлт саулығына қатер төндіретінін атап өтіп, нашақорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді, әсіресе, білім беру мен ақпарат саласында кеңінен жұмыс жүргізуді тапсырған болатын. Ал бүгінгі Музыкалық жас көрермен театрының «S.O.S» қойылымы осы тапсырма үдесінен шыға алған сияқты. Қойылымды тамашалаған 200 оқушыға есірткі қасіретін түсіндіре алсақ, үлкен жетістік болмақ, – деді Нұрислам Балтабеков.

Айта кетейік, «S.O.S» драма жанрындағы қойылымы елорда прокуратурасының, Астана қалалық мәдениет және білім басқармаларының бастамасымен өткізілді. Оны 220-дан астам мектеп оқушы тамашалады.

https://kaz.inform.kz/news/sos-elorda-okushilari-nashakorlik-kaupn-koyilim-arkili-seznd-c46bbc/

Таңбалар: нашақорлық
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Абай, Ислам, Жасмин: Сәбилерге қандай есім көп қойылды?

Абай, Ислам, Жасмин: Сәбилерге қандай есім көп қойылды?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме
Жаңалықтар

Көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме

22.01.2026
Үш ұлы ақиқат
Ғибратты әңгімелер

Үш ұлы ақиқат

21.01.2026
ҚМДБ: Халал даму мамандарының жиыны
Жаңалықтар

ҚМДБ: Халал даму мамандарының жиыны

21.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00