Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мұңсыз адам бола ма?

22.11.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
43
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ерте замандардың бірінде мейманасы тасып, әр сөзі заң болған бір патша өмір сүріпті. Сарайының сәні мен салтанаты Сүлейменмен таласқанымен, оның да көңіліне қаяу түсер күн де келіпті. Сүйікті жары ауыр дертке шалдығады. Ем-шарасы табылмай, күн сайын күйі нашарлай береді.

Патша жер-көктен тәуіп, емші, шипагер, бақсы-балгердің бәрін жинап:

– Кім жұбайымды айықтырса, соған ат басындай алтын беремін. Ал ем қонбаса – бастарыңды аламын, – деп әмір етеді.

Өлімнің демін сезгендей діріл қаққан емшілер ұзақ кеңесіп:

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

22.01.2026

– Тақсыр, бұл дерттің жалғыз емі – мұң-мұқтажы жоқ, жүрегі тыныштыққа толы адамның тері сіңген киімі екен. Сондай мамырайхан жан табылса, киген көйлегін сырқатқа кигізу керек. Одан басқа шара жоқ, – дейді.

Әмірші қуанып, уәзірлерін төрт тарапқа жұмсайды. Әгәрәки, мұңсыз адам таппаса, олардың да басы алынатын болады. «Жарлық қатты, жан тәтті» демекші, шен-шекпенділер жаппай елдің «Осының төрт құбыласы сай-ау» деген байын да, батыры мен биін де аралайды. Бірақ әрқайсысының өз мұңы, өз қайғысы бар болып шығады.

Қанша іздесе де таппаған соң, көңіл суып, үміті сөне бастаған бір топ шабарман жол бойындағы талдың көлеңкесінде жатқан бір қайыршыға кезігеді. Дорбасын жастап, аяқ қолын жайып жіберіп, аузынан су ағып, тыныш қана ұйықтап жатыр екен.

– Мынау бейқам жатыр, бәлкім осы мұңсыз шығар, – деп олар қайыршыны оятып сұрайды.

Қайыршы керіліп қойып:

– Менің не арманым бар? Шөлімді бастым, қарным тоқ. Құдай бергеніне шүкірлік еттім. Енді жайланып жерге жатып, рақат ұйқы құшағына еніп жатқанымда неге оятасыңдар? – дейді.

Мұны естіген шабарман ақтаяқтар өз құлақтарына өздері сенбей, қуанғанынан көздеріне жас алысқан дейді:

– Таптық! Біз іздеген адам – осы!

Олар қайыршыны сүйрелеп жүріп патша сарайына алып келеді.

Падиша сүйінші хабарды ести сала:

– Тез оның үстіндегі көйлегін әкеліңдер! – деп бұйырады.

Уәзірлер қуаныштан естерін білмей, мұңсыз адам жатқан бөлменің есігіне сыймай қала жаздап, таласа-тармаса әрең жетеді. Ондағы ойлары жейде-көйлекті бірінші болып тақ иесіне апару. Әйтсе де кірсе, қайыршының үстінде көйлегі жоқ, иығына ілгені тозған, жыртық шапан ғана. Бір жамауы екіншісін жауып тұра алмайды.

Сол сәтте сарай ішіне үнсіз ой ұялайды: Дүниеде киер киімі жоқ адам мұңсыз бола ма? Мұңсызды іздеген пенде – өз мұңын да көбейтеді.

Жанынан айырылғандай болған патша да, шипа іздеп шаршаған уәзірлер де осы ащы ақиқатты сол күнгі жағдайдың қисынымен түсінген деседі.

Бұл оқиғаға куә болғандар таңданысын жасыра алмай: «Мынау қалай? Бір елдің тағына отырған падишаһ-әмірші дүние жүзінде ешбір мұңсыз пенде болмайтынын түсінбегені несі? Сондай қарапайым шындыққа ақылы жетпегені ме?» – деп бастарын шайқапты.

Өз кезегінде осы әңгімені ілгері кезде Отырардағы Шілікте медресе ұстаған Меңлібай қажы айтқан-дүр.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: қанағатқуанышмұңсыздық
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ихсан – рухани тәрбие өзегі

Ихсан – рухани тәрбие өзегі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Орынсыз сөз сөйлеудің салдары қандай?
Сұрақ-жауап

Орынсыз сөз сөйлеудің салдары қандай?

22.01.2026
О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны

22.01.2026
Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды
Жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00