Бейсенбі, 22 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Киберспортпен шұғылданудың үкімі

18.11.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
9
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.

Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

Киберспорт (ағылш. cybersport, «компьютерлік спорт» немесе «электронды спорт» деп те аталады) – бұл видео ойындарға негізделген командалық немесе жеке жарыс.

Шариғатта тыйым салынған дүниелер қамтылмаса ойын ойнауға, көңіл көтеруге болады[1]. Ал электрондық, компьютерлік ойындарды (киберспорт) ойнаған жағдайда мынадай шарттар сақталуы тиіс[2]:

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

22.01.2026
  • Құлшылыққа кедергі болмауы, ислам сеніміне қайшы келмеуі;
  • Адамның психикасы мен болмысына зиян келтірмеуі және өмірлік қажеттіліктеріне (мысалы, білім алуына, кәсіп етуіне кедергі болып, отбасылық құқықтарынан айырылып қалмауы) тосқауыл болмауы;
  • Құмар араласпауы[3] және құмарлық сипаттағы ойын болмауы; Алла Тағала Құранда былай деген:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

«Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап, құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше бұлардан аулақ болыңдар»[4].

  • Азғындыққа, моральдық құндылықтардан алыстатуға итермелейтін ойын болмауы;
  • Балағат, боғауыз сөзден аулақ болуы[5].

Сонымен қатар, ұрыс-төбелес, соғыс, зорлық-зомбылық, адам өлтіру, өз-өзіне қол жұмсауға, қылмыс жасауды насихаттайтын ойын түрінен барынша алшақ болғаны дұрыс. Оған қоса уақытының барлығын ойынмен өткізбеуі керек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Көптеген адамдар қадірін білмейтін екі нығмет бар. Олар: денсауық пен бос уақыт»[6], – деп айтқан.

Шешім:

  1. Киберспорт құлшылыққа, өмірлік қажеттілікке (білім алуына, еңбек етуіне, отбасылық міндеттеріне) кедергі келтірмесе, психика мен болмысқа зиян тигізбесе, құмар т.б. шариғатқа қайшы элементтерді қамтымаса – рұқсат.
  2. Жүлделі киберспортта ұтысты демеуші не басқа бір тарап қоюы тиіс.
  3. Қатысушылар ақша тігіп, жеңгені жүлде алса, құмарға жатады. Шариғатта құмар ойындарға тыйым салынады.

[1] https://aliftaa.jo/research-fatwas/896

[2] Али Жұма, «Компьютерлік ойынхана ашу үкімі», Мысыр пәтуа комитетінің ресми сайты, №5550, 2003 ж. Шауқи Ибраһим Әлләм, «Электрондық ойын ойнау үкімі», Мысыр пәтуа комитетінің ресми сайты, №5556 пәтуа, 2021 ж.

[3] Егер киберспорт жүлделі болса, онда оны үшінші жақ немесе қатысушы тараптың бірі қоюы керек. Егер жарысқа қатысушы тараптың немесе команданың барлығы ақша тігіп, кейін ұтқан адам қойылған жүлдені алатын болса, бұл құмар саналады (Мәусули, «Әл-Ихтияр», 4/156-157). Шариғатта оған тыйым салынған.

Егер екі жақ қана жүлде тігіп, оған үшінші адам немесе бірнеше команда қатысып, жеңген жағдайда сол жүлдені жүлде тікпеген тарап алса, ал жеңілген жағдайда ешнәрсе бермесе, шариғатта рұқсат. Дегенмен жүлде тікпейтін тарап жеңетіндей мықты болуы керек. Егер әлсіз болып, жай тізім үшін жазылып, жеңіле салса, құмар қатарына кіреді (Мухамад Мәжид Итр, «Әл-Муфассал фи әл-фиқһи әл-Ханафи», 182). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Кім екі аттың арасына үшінші атты жарысқа қосып, ол аттың озуы басым болса, бұл құмарға жатпайды. Ал екі аттың арасына жарысқа қатыстырған үшінші аттың озбайтыны анық болып тұрса, бұл құмар болады», – деген (Әбу Дәуід, №2579. Ибн Мәжә, №2876).

[4] «Мәида» сүресі, 90-аят.

[5] https://www.dar-alifta.org/ar/fatwa/details/17748/%D8%B6%D9%88%D8%A7%D8%A8%D8%B7

[6]  Бұхари, №6412.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: киберспортмүфтиятпәтуа
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа
Видео

Террозимнің бастауы – теріс пәтуа

22.01.2026
2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді
Жаңалықтар

2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді

15.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Коллагенді қолданудың үкімі

Коллагенді қолданудың үкімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Орынсыз сөз сөйлеудің салдары қандай?
Сұрақ-жауап

Орынсыз сөз сөйлеудің салдары қандай?

22.01.2026
О понятии и признаках религиозного экстремизма
Ағымдар ақиқаты

Экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер зияны

22.01.2026
Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды
Жаңалықтар

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

22.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00