Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әбу Ханифа және Ханафи ғалымдары мен олардың еңбектері

15.11.2025
- Ислам, Таңдаулы
0
16
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам – адамдарды өзара ынтымақ пен татулыққа, бірлік пен сүйіспеншілікке шақыратын дін. Алла Тағала қасиетті Құранда:

إِنَّ هَذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاعْبُدُونِ     

«Міне барлығың (сенімі ортақ) бір үмбетсіңдер. Ал Мен Раббыларыңмын. Ендеше Маған ғана құлшылық етіңдер», – деген («Әнбия» сүресі, 92-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

لاَ تَبَاغَضُوا وَلَا تَحَاسَدُوا وَلاَ تَدَابَرُوا وَكُونُوا عِبَادَ اللهِ إِخْوَانًا

«Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңе көреалмаушылық қылмаңдар, бір-біріңнен теріс айналмаңдар! Уа, Алланың құлдары! Бір-біріңе бауыр болыңдар!» – деп мұсылмандарды бауырмалдыққа шақырған (имам Бұхари).

Мұсылман жамағатының бірлікте болуына ықпал ететін негізгі себеп – мәзһаб ұстану. «Мәзһаб» сөзі «жол, бағыт, көзқарас» деген мағынаны білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығына «мәзһаб» делінеді.

Мәзһабты бөліну ретінде емес, керісінше шариғат үкімдерін әркім өз бетінше үкім шығармау үшін, бір жолды ұстану деп түсінуіміз қажет. Қазіргі таңда бүкіл ислам әлемі мойындайтын төрт мәзһаб бар. Олар: Ханафи, Мәлики, Шафиғи және Ханбали мәзһабтары. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы Ханафи мәзһабын ұстанып келді. Осы себепті халқымыз дін мәселесінде алауыздыққа жол бермей, бірлік пен ынтымақта болды.

Ыбырай Алтынсарин бабамыз «Мұсылманманшылықтың тұтқасы» деген еңбегінде: «Мужтаһид ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиғи, имам Ахмад ибн Ханбал. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа түсіндіріп берді. Біз ол төрт имамның ішінде имам Ағзам мәзһабында боламыз, яғни имам Ағзамның үйреткен шариғаты бойынша іс етеміз», – деп жазған.

Ислам ғылымдарының қай саласын алып қарасақ та, ондағы еңбектер мен деректерде алдыңғы буын ғұламалардың аты аталып, олардың көзқарастарына сүйену дәстүрге айналған. Әсіресе фиқһ пен пәтуа саласындағы көлемді еңбектерде бұл үрдіс айрықша байқалады. Мұндай кітаптарды толық әрі терең түсіну үшін, ғалымдар жайында нақтырақ мәлімет білу аса маңызды. Себебі ғалымның өмір жолы мен оның еңбегінің мазмұнын тану сол кітаптағы көзқарастардың мәнін дұрыс ұғынуға көмектеседі.

Әбу Ханифа мәзһабында кеңінен танылған «Әл-Һидая», «әл-Ихтияр», «Мултақа», «Фатху әл-Қадир» сынды классикалық туындылармен қатар, «әл-Мабсут», «әл-Фатау әл-Һиндия», сондай-ақ Ибн Абидиннің әйгілі «Радду әл-мухтар» еңбектері ерекше орын алады. Бұл еңбектер ислам құқықтану ғылымының тереңдігін, сондай-ақ ғұламалардың ой-пікір жүйесінің кеңдігін көрсететін мәңгілік мұра болып саналады.

Бірінші: имам Әбу Ханифаның өмір жолы

Әбу Ханифа һижри жыл санауы бойынша 80 жылы (милади 699 жылы) Куфа қаласында Омеядтар (Әмәуи) халифасы Абдул Мәлік ибн Маруанның халифалық тұсында дүниеге келген. Ата-бабасы Кабулдан қоныс аударған. Өмірінің елу екі жылын Әмауилер кезеңінде, ал қалған он сегіз жылын Аббасидтер кезеңінде өткізді. Әбу Ханифаның әкесінің аты – Сәбит, атасының есімі – Зәута. Әбу Ханифаның ұлтын араб, набатей, түркі, т.б. дегендер кездескенімен, Әбу Заһра оның дәулетті парсы әулетінен шықты деген көзқарасты көпшілік ғалымдар қолдайтынын айтады.

Әбу Ханифаның атасы Зәута Куфада төртінші халифа хазіреті Алимен (Алла оған разы болсын) жолығып, Наурыз мейрамында оған мухаллаба (тәтті) сыйлағандығы жайында деректер де бар. Ол кездері халифаға тек байлар ғана мухаллаба сыйлай алатын еді. Осы жиында хазіреті Али (Алла оған разы болсын) Зәутаның қасындағы баласы Сәбитке ізгі ұрпақ нәсіп болуын тілеп, «Алла Тағала балаңызға және оның болашақ ұрпақтарына мол береке берсін!» деп дұға еткендігін имам Әбу Абдулла Хусәйн ибн Али әс-Сәймиәри өзінің «Ахбару Әби Ханифа уә асхабихи» атты еңбегінде жазады. Әйгілі Ибн Халикан өзінің «Уәфәяту әл-Ағян уә әнбәи әбнәи әз-Зәмән» еңбегінде Имам Ағзамның немересі Исмаил ибн Хаммадтың «Біз осы дұғаның қабыл болғанына сенеміз» деп айтқан сөздерін келтіреді.

Қисса

Имам Әбу Ханифа былай баяндайды: бір күні имам әш-Шағбидің жанынан өтіп бара жатқан едім. Мені қасына шақырып алып:

– Қайда барып жүрсің? – деді.

– Базарға, – дедім.

– Оны сұрап тұрғаным жоқ, қай ұстаздан ілім үйреніп жүрсің?

– Ешқайсысының сабағына тұрақты барып жүрген жоқпын. Сонда әш-Шағби:

– Білім алуды және білімді кісілермен жолығуды еш уақытта тастама. Сен зерек, ақылды да, ерік-жігері мол жігітсің, – деді.

Оның бұл сөзі маған айрықша әсер етті. Содан бастап, көп уақытымды ілім алуға бөлдім. Алла Тағалаға мың да бір шүкір, Шағбидің ақылы менің ілімге терең бойлауыма себепкер болды», – дейді.

Осылайша, Әбу Ханифа ілімге біржолата ден қояды. Алайда саудадан да қол үзбейді. Өмірінің соңына дейін өзінің сенімді серіктестері арқылы кәсібін жалғастыра берді.

Екінші: Әбу Ханифаның ілім жолы

Әбу Ханифаның ұстаздарын тану оның ғасырлар бойы нұр шашып, көңілдерді шуаққа бөлеген ілім қайнарының бастауының қайда жатқанын көрсетеді. Бұл жайында имам Әбу Зәһра «Әбу Ханифа» атты еңбегінде Имам Ағзамның: «Мен ілім мен фиқһтың қайнаған ортасында өстім. Ғұламалармен бірге жүріп-тұрдым. Фиқһта ең білгір деген ғалымнан білім алдым» деген сөзін келтіреді. Әбу Ханифаның бұл сөзі оның нағыз ілім ордасында өскенін көрсетеді. Көптеген ғалымдармен жолығып, белгілі бір салада тереңдеп, танымал болғандарынан сабақ алған. Солардың арасында Ирактағы фиқһ саласының көрнекті ұстаздарының бірі Хаммад ибн Әбу Сүлейменге шәкірт болып, одан ілім үйренген. Әрине, ол Хаммадтан ғана сабақ алумен шектелмеген.

Әбу Ханифаның ілімінің қайнар бұлағы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жарық дүниеден өткеннен кейін, Куфаға қоныс аударған Али ибн Әбу Тәліп пен Абдулла ибн Мәсғудқа барып тіреледі. Өйткені осы сахабалардан Мәсрук ибн Әжда (қ. 63 һ.ж.), Алқама ибн Қайс (қ. 62һ.ж.) және Шурәйх ибн әл-Харистан (қ. 80 ж) Әмир ибн Шәрәхил әш-Шағби (қ. 104 ж.) мен Ибраһим ән-Нәхәи (қ. 96 ж) сынды табиғиндер ілім үйренді. Ал осы атақты табиғиндерден Әбу Ханифаның ұстазы Хаммад ибн Әбу Сүлеймен (қ. 120 һ.ж.) ілім алған. Сонымен қатар, Әбу Ханифаның ілім шежіресі Абдулла ибн Аббастың құлы Икрима (қ. 105 һ.ж.) мен Абдулла ибн Омардың азат етілген құлы Нафиғ (қ. 117 һ.ж.) сынды ғалымдарға да негізделеді.

Сондай-ақ Әбу Ханифа Меккенің атақты фақиһы, табиғин Ата ибн Әби Рабахтан (қ. 114 һ.ж.) ұзақ жылдар бойы сабақ алған. Мұны имам Зәһаби өзінің «Тәзкирату әл-Хуффаз» кітабында, имам Ибн Хажар асқалани «Тәхзибу Тәхзиб» еңбегінде, имам Әбу Заһра өзінің «Әбу Ханифа» еңбегінде келтіреді.

Демек, Әбу Ханифа өзінің ұстазы Хаммадпен бірге басқа да фиқһ және хадис ұстаздарынан сабақ алуды тоқтатпаған. Кейбір кітаптарда оның ұстаздарының саны төрт мың деп беріледі.

Қисса

Әбу Ханифа бір күні Халифа Мансұрдың жанына барады. Халифаның жанында өте тақуа, сопы Иса ибн Мұса да бар еді. Иса ибн Мұса халифа Мансұрға бүгінгі әлемнің бірегей ғалымы осы деп, Имам Ағзам Әбу Ханифаны көрсетеді. Сонда халифа Мансұр:

– Әй, Нұғман! Ілімді кімнен үйрендің? – деп сұрайды.

Сонда Әбу Ханифа:

– Хазірет Омардан білім алғандар арқылы Омардың, хазірет Алиден сабақ алғандар арқылы Алидің, Абдулла ибн Масғудтан ілім үйренгендер арқылы Абдулла ибн Мәсғудтың білім кәусарынан сусындадым. Иә, өз кезеңінде Ибн Аббастан асқан ғалым жоқ еді, – деп жауап береді.

Оны тыңдап тұрған халифа Мансұр:

– Сен өте дұрыс істепсің, білімді түп-тамырынан алған екенсің», – деп мақтайды.

Осы жерден байқағанымыздай, Әбу Ханифа ілімінің бастауын әлемге танымал, атақты осы төрт сахабаға негіздейді.

Үшінші: имам Әбу Ханифаның сабақ беруі және шәкірт тәрбиелеуі

Әбу Ханифа жиырма екі жасынан бастап, он сегіз жыл бойы Хаммадқа шәкірт болды. Ол қырыққа аяқ басқанда Куфа елінің атақты ғалымы, ұстазы Хаммад дүниеден озды. Оның жолдастары ұстаздыққа ұлы Исмаилді өткізуді ұйғарды. Шәкірттерінің арасында Әбу Ханифадан басқа да үміткерлер бар еді. Алайда сол кезге дейінгі Әбу Ханифаның өзін көрсетуі мен дарындылығына қанық достары бұл ойларынан бас тартып, ұстаздыққа Хаммадтың ең қабілетті шәкірті Имам Ағзамды бір ауыздан лайық деп тапты. Ибн Абдулбәр өзінің «әл-Интиқа» еңбегінде Имам Ағзамның ілімнің абыройын бәрінен жоғары қойып: «Мен ілімнің жоғалып кеткенін қаламаймын» деп, ол ұсынысты қабыл алғандығын жазады. Шын мәнінде, ол ұстазының ілімін терең меңгерген, ұстаздық етуге нағыз лайық тұлға еді. Уақыт өте келе оның атағы шартарапқа жайыла бастады. Шәкірттерінің саны көбейіп, мешіттегі дәріс алқасы сол кездегі ең үлкен алқаға айналды.

Әбу Ханифаның сабақ беру тәсілінің ең негізгі ерекшелігі – кез келген мәселені шәкірттерімен терең талқылап, көзқарастарын ашық айтуына мүмкіндік беруінде еді. Муаффақ әл-Мекки бұл жайлы: «Әбу Ханифа мәзһабын шәкірттерімен кеңесуге негіздеген. Олармен ақылдаспай, өз бетімен діни ижтиһад (үкім) жасамаған. Алла үшін, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үшін және мұсылмандар үшін насихат айтқан кезде шектен шықпайтын. Ол кез келген мәселені әуелі ортаға салып, шәкірттерін тыңдайтын. Мәселенің түйінін шешу үшін кейде бір ай, тіпті одан да ұзақ уақыт өзара ой бөлісетін. Осы мәселелерге қатысты қай көзқарас басым бола бастаса, Әбу Юсуф оны бір негіз ретінде белгілейтін. Мәзһаб осы негіздерге сүйене отырып құрылды. Ең дұрысы және шындыққа ең жақыны да осы тәсіл болса керек. Бұл – адамдар үшін қанағаттанарлық жол. Жалғыз өзі ижтиһад жасап, тек өз көзқарасын ғана дұрыс деушілердің мәзһабынан әлдеқайда абзал», –деген.

Әбу Ханифа шәкірттерімен мәселелерді талқылай отырып, оларды да фиқһ іліміне етене араластырып, пәтуа беруге үйрететін. Уақыты келгенде ұстаздыққа жіберетін. Міне, осының арқасында олар тек тыңдаушы ғана емес, ханафи фиқһының құрылуына мол үлес қосқан тұлғаларға айналды.

Имам Ағзам Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтан кейін шамамен отыз жылдай Куфа секілді ілім орталықтарында сабақ берді. Оның сұхбаттары мен сабақтарына қатысып, ілім алған шәкірттерінің саны төрт мыңнан жетіп асты. Мұндай Ұлы ұстаз бен шәкірттерінің саны жағынан фиқһ саласындағы ешбір ғалым иық теңестіре алмаған. Кейінгі дәуірде келген хадис имамдары Имам Ағзамнан сабақ алып, ілімін жетілдірген 800-ге жуық шәкіртінің болғанын, қырық шәкіртінің ижтиһад жасайтындай дәрежеге жеткендігін айтады.

Имам Бәззәзи өзінің «Мәнақибу әл-имам әл-Ағзам» еңбегінде Әбу Ханифа өз шәкірттерін де жақсы көргендігін, әрі: «Сендер менің жүрегімнің қуанышы, көңілімнің жұбанышысыңдар», – деп оларға жүрек жарды сөздерін арнайтын. Әрі имам Ағзамның: «36 шәкіртімнің білім-білігі жоғары, 28-і қазылыққа қабілетті. Олардың арасында 6-уының пәтуа беруге білім-білігі толық жетеді, ал Әбу Юсуф пен Имам Зуфар әрі қазылыққа, әрі пәтуа айтуға лайықты» деп шәкірттерін бағалағандығын дерек ретінде келтіреді.

Имам Ағзам Әбу Ханифаның мәзһабын жайған, өздерінің ижтиһадтары мен көзқарастары арқылы кеңінен түсіндіріп «ханафи» мәзһабының қалыптасуына өте зор үлес қосқан Әбу Юсуф, имам Мұхаммед, Зуфар, ибн Зайд сынды шәкірттерін атауға болады.

Имам Мұхаммедтің кітаптары ханафи фиқһының ең басты қайнар көзі болып табылады. Имам Мұхаммедтің мутауатир жолмен, яғни сенімді шежіремен жеткен кітаптары: «Мабсут», «Зиядат», «Жамиу ас-сағир», «Жамиу әл-кабир», «Сияру әл-кабир», «Сияру ас-сағир». Аталмыш еңбектер Имам Мұхаммедтен сенімді ғалымдар арқылы жеткен және бұл еңбектерді «Заһиру ар-риуая» деп атайды. «Китабу әл-асар» еңбегі де осы топқа кіреді. Бұл кітапта Әбу Ханифаның дәлелдері мен келтірген хадистері жазылған. Ханафи фиқһы осы бірінші жолмен жеткен «Заһиру ар-риуая» кітаптарында қамтылған деуге болады.

Қисса

Бір жолы Имам Ағзамның алдына бірнеше адам келеді. Имамға дауыс көтеріп, анадайдан айқайлайды. Әбу Ханифа имам намазда «Фатиха» сүресін оқыса, артында имамға ұйыған жамағат оқымайды деп пәтуасын берген еді. Сөздің төркінін түсінбеген жамағат Имам Ағзамға қарсы шығады.

Мынау келген адамдар да сол дауды айтып, имам Әбу ханифа қате үкім берді деп, наразы болып келген екен. Имам Ағзам қаптаған адамдарға қарап:

– Мен қазір сіздердің барлықтарыңызбен қалайша бір уақытта сөйлесемін. Араларыңыздан бір өкіл тағайындаңыздар, сол маған барлық мән-жайды түсіндіріп берсін, әйтпесе мен түкке түсініп тұрған жоқпын, – дейді.

Олар имам Ағзамға араларынан біреуін таңдап көрсетеді де, мына кісі бәріміздің атымыздан сөйлейді деп бір адамды алға шығарады. Сонда Имам Ағзам:

– Мен осы кісімен сөйлессем, баршаңызбен сөйлескен боламын ғой, солай ма? – дейді.

– Иә, бәріміздің сөзімізді осы кісі жеткізеді, – дейді.

Имам Ағзамға да керегі осы болатын. Сөйтіп, Әбу Ханифа:

– Өз сөздеріңізге өздеріңіз қайшы келіп тұрсыздар. Дәл қазір мына кісі сіздердің орындарыңызға барлығын маған айтады. Намазда да дәл осылай емес пе? Имамның оқуы жамағаттың оқығанымен тең, – дейді.

Әлгі дау көтеріп келген жамағат мұндай салыстыру тәсіліне таңырқап, Имам Ағзамның пәтуасының дұрыс екенін мойындап, тарқаған екен.

Төртінші: Әбу Ханифаның еңбектері:

  1. әл-Фиқһул-әкбар

Ең үлкен фиқһ деген мағынаға саятын бұл кітап – әһлу-суннаның ақидасын қамтыған сан салалы еңбек.

  1. әл-Фиқһул-әбсат.

Әбу Ханифаның өз кіндігінен тараған ұлы Хаммад, шәкірттері Әбу Юсуф пен Әбул-Мутғи әл-Хәкәмның риуаяттарымен жеткен ақидаға қатысты кітап.

  1. әл-Алим уәл-мутааллим

Әһлу-сунна ақидасын түсіндіріп, қорғау мақсатында сұрақ-жауап түрінде жазылған кітап. Оны шәкірті Әбу Муқатил Хафс ибн Сәләм әс-Самарқанди жеткізген.

  1. әр-Рисәлә

Бұл еңбек Басраның қазысы Осман әл-Баттиға арнап жазылған. Бұл еңбекте ақидаға қатысты мәселелерде өзіне айтылған сыни пікірлерге жауап берген.

  1. әл-Уәсыя

Әбу Ханифаның баласы Хаммадқа, шәкірттері ӘбуЮсуф және Юсуф ибн Халид әс-Сәмтимен достарына арнап жазған рисәлалары (шағын кітапшалар) бар.

Бесінші: қазақ даласынан шыққан ортағасырлық ханафи ғалымдары

Қазақ даласынан тек қана фиқһ ілімінің ғалымдары ғана емес, сонымен қатар Хусам ад-Дин ас-Сығанақи, Һибатулла ат-Тарази сынды ақида ілімінің, әл-Женди сынды араб тілі ілімдерінің ғалымдары да шыққан. Сондай-ақ, олардың көбісі ілімнің сан алуан саласын меңгеріп, жан-жақты болған.

Орта ғасырда Тараз шаһарында мешіттер, медреселер, кітапханалар мол болды. Сол уақытта көптеген ғұламалар көрініс тапты.

Хусам әд-Дин ас-Сығанақи (1314 жылы дүниеден өткен) исламтану, фиһқ, усул-фиһқ, ақида саласында жемісті, мол еңбек сіңірген үлкен дін оқымыстысы болумен қатар, араб тілі жайлы қалам тартқан линвгист болған.

Сығанақ қаласында туған. Бағдат, Басра, Дамаск, Халаб қалаларына сапар шеккен. Мұхаммед ибн Омар әл-Ахсикентидің (т. ж. б. 1246) «Китаб әл-мунтаһиб фи усул әд-Дин» («Діннің түп тамыры жайлы таңдаулы кітап») аталатын шығармасына түсіндірме жасаған. Ол қолжазба қазір Париж бен Каир кітапханаларында сақтаулы. К.Броккельмен «Араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінің 2-томында Хусам әд-дин әл-Хусейн ас-Сығанақидың «ән Насафи кітабының кіріспесіне түсіндірме нысана» және «Дәлелді өнертапқыш пен дұрыс келе жатқанның көмекшісі» аталатын 2 еңбегін де атап көрсетеді. Хусам әд-дин әл-Хусейн ас-Сығанақи Әбу Ханифа мектебінің ілімін қолдаған.

Имам әл-Курайши әл- Ханафи (1293-1373) «Әл-Жауаһир әл-мудия фи табақат әл-Ханафия» атты атақты туындысында ас-Сығанақи туралы айта келіп: «оның әл-Макхулидің «Тамһидіне» шархы бар, бұл – үлкен еңбек. Оған «Тамһидті» имам Хафиз ад-Дин жеткізген деп, кітаптың автордан ас-Сығанақиге жету тізбегін көрсетеді.

Һибатулла ат-Тарази. Ислам сенім мәселелерін қамтыған Тахауи ақидасына шарх жазды. Бұл еңбекте сол замандағы халықты алауыздықтан, басқа пікірдегі топтарға тосқауыл болудан, Ханафи мәзһабын ұстанды. Бұл кісінің еңбектері өте құнды, себебі қазіргі таңда елімізде ата-баба жолынан ауытқып, түрлі ағымдарды халқымыз ажырата алмауда, сондықтан өз жерімізден шыққан әр тұлғалардың еңбектерін зерттесек бұндай жайт орын алмайтыны сөзсіз.

Бұл еңбектер кітапханаларда, қолжазба түрінде кездеседі: «Әл-Муғни фи әл-усули фиқһ», «Хашияту әл-Һидая», «Хади фу усул әд-Дин» сынды еңбектері бар. Усул фиқһтағы әйгілі «Манар» кітабына түсіндірмесі, «Китабу Рашад», «Китабу Мисал» атты еңбектері бар.

Ахмад ибн-Махмуд ибн-Умар әл-Женди (Тадж әд-Дин әл-Женди) орта ғасырда сыр еліндегі Женд елді мекенінен шыққан, бұл кісі жайында ибн-Хажар әл-Әсқаләни, әл-Қурайш әбул-Фида, ибн-Хаукал, басқа да ислам ғұламалары оған қоса Европа ғалымдары деректер қалдырған.

Женд қаласын кішкентай қала деп айтқан, тарихшы Хаукал бұл қаладан білімді ғалымдар шыққаны жайында деректер көп деген. Ханафи мәзһабын ұстанған. Али Абукта әд-Даруши бұл ғалымға былай деп жағымды сөздер айтқан «ол тақуа, діндар кісі, себебі «Иқлид» кітабының алғы сөзінде Құдай Тағаланың сөзін түсінуде ағаттық жіберетіндерге өкініш болсын деген», яғни дін ілімдеріне терең үңілген ғалым екендігін айта аламыз.

Ахмад әл-Женди төңірегінде қай жылы дүниеге келді, қай уақытта дүниеден озды деген нақты деректер өте аз, әйгілі тіл білгірі Замахшаридың шәкірті Муттарриз деген үлкен ғұламаның «шамшырақ» деген еңбегіне шарх жазды, ол еңбек тіл ережелерінің терминдеріне қатысты болатын.

Али ибн Мухаммад әл-Испижаби. Толық аты-жөні: Али ибн Мұхаммед ибн Исмағил ибн Али ибн Ахмад ибн Мұхаммед Исхақ әл-Испижаби, шейхул ислам және самарқандтық деген ныспысы бар. Сол жерде муфти болған.

Дүйсенбі күні дүниеге келгені, төртжүз елу төртінші жылы, «Һидая» еңбегінің авторы осы кісінің қолынан фиқһ ілімін алған. Мәуаранаһрде өз заманында мәзһабын сақтап, осы ғалым тәріздес жақсы білетін адам болмаған.

Оның көп шәкірттері болды, ілім таратуда хадис тындауда өмірлерін сарп етті. Пәтуаларды «Зиядат» кітабынан алды, кей пәтуаларды «Мабсут» кітабынан қарады, «Жамиғ ас-Сағир» және «Жамиғ әл-кәбир» еңбектерін де тыс қалдырмады. Осылардың барлығынан пәтуа жинақтады, сол пәтуаларды жинақтап жеткілікті боларлықтай, түсінікті етіп кітап жазды, бірақ мен ижаза ала алмадым деп бір шәкірті баяндайды.

Самарқантта дүниеден озды, дүйсенбі күні, зүлқағда айының жиырма үшінші жұлдызында бес жүз отыз бесінші жылы қайтыс болды.

Амир Кәтиб ибн Амир Омар әл-Итқани. Әмір Кәтиб ибн Әмір Омар, әл-Амид ибн әл-Амид Әмір Ғази, фарабтық Абу Ханифа, әл-Итқани.

Бағдадта имамдық беделімен сабақ беру жағын басқарды. Дамаскіге екі мәрте барған болатын:

Бірінші сапарында сұлтандықтың орынбасары Елбұға әмірмен бас қосты, арнайы сол үшін барды.

Екінші сапары ережеп айының оныншы жұлдызында, жеті жүз қырық жетінші жылы орын алды.

Сосын Мысырға сапар айында елу бірінші жылы барды, ғалымды сол жердің әмірі Сырғатмаш ән-Насири жоғары дәрежеде құрметтеп, Мардани жәмиғында (мешітінде) дәріс оқыды, Сырғатмаш әмір ибн Тулун мешітінің  жанынан көршілес медресе соғады да сол жерге ұстаз етіп сабақ бергіздіреді.

Ибн Хубайб: «Ханафи мәзһабының алды еді, араб тілімен фиқһ ілімін жетік меңгерген, өзіне халықты қатты таң қалдырушы еді, ілімде жазып қалдырған қатарларына қарсы пікірдегілермен аса қатты тойтарыс беретін», – деп айтқан.

Құрметті жамағат!

Имам Ағзам Әбу Ханифа бастаған ұлы ғалымдар мұсылман үмбетінің бірлігі мен татулығын сақтау жолында өз өмірін сарп етті. Олардың даналығы мен ілімі – шариғаттың шамшырағы, адамзатқа тура жол нұсқаған мәңгі мұра. Біздің де борышымыз – ата-бабамыз жүрген Ханафи мәзһабының сара жолын берік ұстанып, ілім мен иманды ұштастырып, бірлік пен бауырмалдықты өміріміздің өзегіне айналдыру.

Алла Тағала баршамызды шынайы іліммен нұрландырып, ғалымдарымыздың сара жолымен жүруді нәсіп еткей!

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: әбу ханифадін ғалымдарыханафи мәзһабы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Ислам

Шынайы бол…

25.11.2025
Имам Ағзам Әбу Ханифаның өсиеті
Ғибратты әңгімелер

Имам Ағзам Әбу Ханифаның өсиеті

22.10.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Діни басқарманың 35 жылдығына арналған кітаптың тұсауы кесілді

Діни басқарманың 35 жылдығына арналған кітаптың тұсауы кесілді

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00