Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шейх Әл-Иса: Палестиналықтардың тағдырына саясат ықпал етті

20.09.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
21
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Астанада VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өз жұмысын аяқтады. Екі күнге созылған бұл маңызды халықаралық жиында әлемнің түкпір-түкпірінен келген діни қайраткерлер, саясаткерлер мен сарапшылар бейбітшілік, толеранттылық, өзара құрмет және қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылады. 

Форумға қатысқан беделді тұлғалардың бірі – Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы, шейх Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса. Ол съезд аясында қазіргі әлемдегі дін лидерлерінің жауапкершілігі мен бейбітшілікті ілгерілетудегі рөлі туралы өз пікірін білдірді.

– Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Астанада өткен съезі аяқталды. Осы форумның басты нәтижелерін қалай бағалайсыз?

– Бұл конференция  аса маңызды халықаралық жиын. Ол түрлі өркениеттердің түйіскен жері саналатын Астанада өткізіліп келеді. Конгресс бірнеше жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып жүр және уақыт өткен сайын жаңа тақырыптармен толықтырылып, мазмұны байып келеді. Әр съезд дін лидерлерінің қоғамдағы ықпалын күшейтуге, әлем алдында тұрған ортақ мәселелерді бірге талқылауға жол ашады. Сонымен қатар ол мәдени, өркениеттік, тіпті саяси сипаттағы қақтығыстарды еңсеруге дін қайраткерлерін белсенді атсалысуға ынталандырады.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

– Қазіргі заманда цифрландыру үдерістері мен әлемдегі қақтығыстар санының артуы байқалады. Дін лидерлері осы сын-қатерлерді еңсеруде қандай рөл атқара алады?

– Күмән жоқ, дін лидерлері үлкен жауапкершілік арқалайды. Бүгінде бүкіл әлем бойынша миллиардтаған адам белгілі бір дінді ұстанады. Статистикаға сүйенсек, жер шарындағы халықтың шамамен 80 пайызы өзін бір дінмен байланыстырады. Бұл дегеніміз  діннің сөзі мен үндеуінің күші өте зор. Демек, діни лидерлердің әрбір айтқан ойы, үндеуі, тіпті қарапайым әрекеті миллиондаған, миллиардтаған адамның өміріне ықпал ете алады.

Сондықтан олардың басты міндеті өз жамағаттарының санасын ояту, адамдарға дұрыс бағыт көрсету. Қазіргі әлемде қоғамды жеккөрушілікке, төзімсіздікке, алауыздыққа итермелейтін факторлар аз емес. Осындай жағдайда дін лидерлері осы теріс құбылыстарға қарсы тұруда ерекше рөл атқарады. Олар адамдарды ізгілікке, бейбітшілікке шақырып қана қоймай, жас ұрпаққа, балалар мен жастарға жол көрсететін моральдық бағдар береді. Бұл олардың ең маңызды миссияларының бірі.

Бұл Конгресс жай ғана жиын емес, бүкіл әлемнің дін жетекшілері бас қосатын халықаралық алаң. Ресми мәжілістерден бөлек кездесулерде олардың барлығы ортақ мақсат жолында нақты қадамдарға дайын екендігін аңғаруға болады. Өйткені бүгінгі күнгі көптеген күрделі мәселелер дінге қатысты немесе дінді теріс пайдаланудан туындайды. Мұндай басқосулар сол мәселелерді ашық талқылап, дұрыс шешім табуға жол ашады.

Сондықтан әрбір дін жетекшісінің міндеті – өз қауымында бейбітшілік пен келісімді дәріптеу, адамдарды төзімділікке, өзара құрметке шақыру. Олар өзара бірігіп әрекет еткенде ғана жеккөрушілікке қарсы тұрып, бейбітшілікті ұлттық деңгейде ғана емес, бүкіл әлемде нығайтуға мүмкіндік бар.

– Сіздің ойыңызша, саясат тұйыққа тірелген жерде дін қандай мәселелерді шеше алады? Ал Қазақстан сияқты елдер бұл тұрғыда қандай рөл атқара алады?

– Сөзсіз, палестиналықтардың тағдырына саясат айрықша ықпал етті. Біз БҰҰ-ға жүгінеміз. Бұл ұйым өткен ғасырдағы екі дүниежүзілік соғыстың миллиондаған адамның өмірін қиғанын ескеріп, соғыстарды болдырмау үшін құрылған болатын. Дін лидерлері де діннің атымен жасалған қылмыстардың шынайы сенімді білдірмейтінін көрсетуге міндетті, өйткені барлық діндердің түпкі мәні – бейбітшілікке шақыру.

Әлемдегі халықаралық алаңдар бүгінгі оқиғаларға қарсы батыл үн қатуы тиіс. Дін лидерлерінің миллиондаған ізбасарлары бар, олар өз көшбасшыларының сөзіне құлақ асады. Сондықтан олардың сөзі мен әрекеті өте маңызды, олар адамдардың жақсылық пен жамандықты тануын қалыптастырады. Әлем ақиқат пен әділетке қанық болғанда, ол барлық жерде қылмыс пен әділетсіздікке қарсы бірлесіп тұрады. Бұл  дін лидерлерінің басты миссиясы. Тарих көрсеткендей, саяси және діни күш-жігер біріккенде нақты шешімдерге қол жеткізуге болады.

Әрине, дүниежүзінде көптеген конференциялар өтеді, түрлі мінберлерден әдемі сөздер айтылады. Бірақ бастысы нақты нәтиже. Сол тұрғыдан қарағанда, Астанада өтіп жатқан Конгресс сөзден гөрі іске басымдық беру қажеттігін көрсетіп отыр. Президент Тоқаев та өз сөзінде осыған назар аударды: дін лидерлері бейбітшілік пен келісімді ілгерілету үшін прагматикалық көзқарас танытып, шынайы нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс деді.

Қайнар көзі: egemen.kz
Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіДүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысышейх Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады
Жаңалықтар

БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады

21.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба

Ана мейірімі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00