Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қоғамдағы зиянды дерттер (құмар ойындар, ішімдік, алаяқтық, нашақорлық)

20.09.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
20
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қоғамға үлкен зиян келтіретін, рухани және әлеуметтік тұрғыдан адамдарға зардап шектіретін ауыр дерттер бар. Бұл дерттер – құмар ойын, ішімдік ішу, алаяқтық және нашақорлық. Бұл індеттер тек жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның тыныштығы мен болашағына қауіп төндіріп отыр. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда бұл жаман әдеттер кең таралып, адамгершілік пен имандылық құндылықтарына қауіп төндіруде.

Адам баласына берілген ең үлкен нығмет – ақыл мен денсаулық, оларды дұрыс пайдаланып, жолымызды нұрландыру – әрбіріміздің міндетіміз. Ал бұл міндетті орындамау, яғни өзімізге және өзгелерге зиян келтіретін осындай дерттерге бой алдыру – үлкен күнә әрі қасірет. Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті бізге осы зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстауды, адалдық пен әділеттілікті жолға қоюды бұйырады.

Бүгінгі уағызымызда осы мәселелердің дініміздегі орны, зияндылығы мен зардабы туралы сөз қозғаймыз.

Бірінші: құмар және ішімдік

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Адам баласын екі дүниеде де бақытсыздыққа душар ететін рухани дерттер аз емес. Соның ең үлкендерінің бірі – құмар мен ішімдік. Бұл екеуі – адам ақылын тұмшалап, жүрегін қарайтатын, нәпсіні аздыртып, иманды әлсірететін ең қауіпті күнәлі іс. Қасиетті Құранда және ардақты Пайғамбарымыздың өсиетінде бұл екеуіне ерекше тоқталып, мұсылман қауымына ескерту жасаған. Алла Тағала қасиетті Құранда:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالأَنصَابُ وَالأَزْلاَمُ رِجْسٌ مِّنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ*  إِنَّمَا يُرِيدُ الشَّيْطَانُ أَن يُوقِعَ بَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةَ وَالْبَغْضَاء فِي الْخَمْرِ وَالْمَيْسِرِ وَيَصُدَّكُمْ عَن ذِكْرِ اللّهِ وَعَنِ الصَّلاَةِ فَهَلْ أَنتُم مُّنتَهُونَ * وَأَطِيعُواْ اللّهَ وَأَطِيعُواْ الرَّسُولَ وَاحْذَرُواْ فَإِن تَوَلَّيْتُمْ فَاعْلَمُواْ أَنَّمَا عَلَى رَسُولِنَا الْبَلاَغُ الْمُبِينُ

«Уа, иман келтіргендер! Шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер – шайтанның істерінен. Сондықтан да олардан аулақ болыңдар, сонда құтыласыңдар! Шындығында шайтан арақ пен құмар ойындар арқылы сендердің араларыңа от салып, дұшпандық пен жеккөрушілікті орнатуды, сендерді Алланың зікірінен, намаздан алыстатуды қалайды, сонда да тоқтатпайсыңдар ма?! Аллаға мойынсұныңдар әрі Оның елшісіне мойынсұныңдар, сақтаныңдар! Ал егер кері кетсеңдер, біліңдер, Елшіміздің бар міндеті анық жеткізу ғана», ­– деген («Мәидә» сүресі, 90-92-аяттар).

Аятта «арақ» пен «құмар» «рижс», яғни лас, жиіркенішті, күнәлі іс деп аталады. Бұл тегін емес. Себебі олар – тек тәнге емес, жанға да у. Шайтан осы лас істермен адамды азғырып, тура жолдан тайдырады. Жаратушы Иеміз бұл істерге тіпті «жақындамаңдар» деп бұйырды. Бұл – жай ғана «жасама» деген сөз емес, оған қарама, қызықпа, бастама, ойнама – бәрі күнә іс деп баяндап тұр.

Арақ – ақылды алып, арды өшіретін у. Құмар – қалтаны қағып, қайғыға салатын қақпан. Бірі іштен жейді, бірі – сырттан. Бірақ екеуінің де түбі – өкініш, опық жегізу, азапқа салу. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құмар туралы бір хадисінде былай дейді:

ومَن قال لصاحِبِه: تَعالَ أقامِرْك، فليَتَصَدَّقْ

«Кімде-кім досына: «Жүр, құмар ойнайық» – десе, садақа берсін», – деген (Имам Бұхари).

Бұл хадиске мән берсек, құмар ойнамақ түгілі, ойнауға шақырудың өзі – күнә. Демек, мұсылман адам ниеті мен сөзіне де жауапты. Құмар ойынына жоламау – жүректі де, жанды да, мал-мүлкін де сақтайды.

Ал ішімдік, ол жай ғана сусын емес. Ол – ақыл-ойды ұрлап, естен тандыратын жиіркенішті сұйықтық. Хадистерде ішімдік – бүкіл жамандықтың кілті деп сипатталады. Өйткені адам ішімдік ішсе, нәпсісіне ерік беріп, ар-ұятты ұмытады. Өтірік айтып, зина жасап, ұрлық істеп, тіпті адам өлтіруге дейін барады. Сондықтан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

اجتنِبوا الخمرَ ؛ فإنَّها مِفتاحُ كلِّ شرٍّ

«Ішкіліктен сақ болыңдар! Өйткені ол – барлық жамандықтың кілті», – деген (имам Термизи).

Қазақ даналығы да осыны меңзеп: «Арақ ішкен – ардан безер, құмар ойнаған – сордан безер» деп айтқан. Арақ – тілсіз жау, құмар – қайырсыз қауымның сорақы ісі. Екеуі де шайтанның айласы, азғындықтың жолы. Алла Тағала аят соңында: «Мүмкін құтыларсыңдар», – дейді. Бұл – үміт. Бұл – мұсылманға мүмкіндік. Демек, кімде-кім осы лас істерден бас тартса, екі дүниенің де бақытын табады.

Мұсылманның мұраты – дүние мен ақыретте жеңіске жету. Егер бір нәрсе осы мақсатқа бөгет болса, одан аулақ болу – міндет. Ішімдік пен құмар – жеңістің емес, жеңілістің жолы.

Екінші: есірткі – сананы улайтын індет

Қазіргі таңда қоғамға қатер төндіріп тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – адамды рухани да, тән жағынан да әлсірететін зиянды әдеттерге тәуелділік. Олардың қатарында темекі тарту, ішімдік ішу және есірткіге бой алдыру сынды келеңсіз әрекеттер тұр. Бұлар жеке адамның өміріне ғана емес, бүтіндей отбасы мен қоғамның тыныштығына, тұтастығына зиян келтіреді.

Есірткіге тәуелді адам – шын мәнінде еркіндігін жоғалтқан адам. Ол Жаратушының бұйрығына құлақ аспай, ақылы мен жүрегін улайтын, рухын әлсірететін жолға түседі. Ондай жан өзіне аманат етілген денесін қор қылып, құлшылықтан, ізгі істен алыстайды, жүрегі қарайып, иманнан ажырай бастайды.

Адам баласына берілген ең үлкен нығметтердің бірі – денсаулық. Онымен қатар бос уақыт та – Жаратушының аманаты. Бұл екеуі туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

نعمتانِ مغبونٌ فيهما كثيرٌ منَ النَّاسِ الصِّحَّةُ والفراغُ

«Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар, ол – денсаулық және бос уақыт», – деген (имам Бұхари).

Алайда қазіргі қоғамда бұл екі нығметке немқұрайлы қарайтындар аз емес. Әсіресе жастардың арасында зиянды әдеттерге бейімделу, соның ішінде есірткіге тәуелді болу – тек жеке тұлғаның емес, бүтін бір қоғамның дертіне айналған.

Есірткіге үйір болған адам Алла Тағаланың бұйрықтарына мойынсұнбайды, парыздарын орындаудан алыстайды, күнәдан қорықпай, күнделікті өмірінде тәртіп пен шектеуден мүлде ажырайды. Мұндай адамның санасы тұманданып, жүрегі қатайып, жүрісі бейберекет болады. Бұл ақыр соңында иманның әлсіреуіне, діннен алыстауға, барлық жақсылықтан құр қалып, ақыретте Алланың жазасына душар болуға итермелейді.

Есірткіге тәуелді болған адам – өзін-өзі жоғалтып алған адам. Оның өмірі біртіндеп күйрейді: отбасымен байланысы үзіледі, жұмысынан, қоғамнан шеттетіледі, тіпті қылмысқа да баруы мүмкін. Жан мен тән азабын тартып жүрген мұндай адамның көзіне дүние мәнсіз, өмір бос көрінеді. Ақырында бұл үмітсіздік өлімге апарады. Алла Тағала қасиетті Құранда:

… وَلَا تَقْتُلُوا أَنفُسَكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا

«Өз-өздеріңді өлтірмеңдер, шын мәнінде Алла сендерге ерекше мейірімді», – деген («Ниса» сүресі, 29-аят).

Ислам діні денсаулықты тек тәннің емес, иманның да бір бөлігі ретінде қарастырады. Құлшылық жасау, жақсы істер орындау – бәрі де деннің саулығына тәуелді. Ораза ұстау, намаз оқу, қажылыққа бару – мұның бәрі физикалық дайындықты қажет етеді. Хакім Абайдың: «Ауруды жаратқан Құдай, бірақ ауыртқан Құдай емес», – деген сөзі осыны меңзейді. Яғни, аурудың бір себебі адамның өз қателігі мен бейқамдығынан туындайды.

Үшінші: алаяқтық – үлкен күнә

Баршамызға мәлім, Ислам – әділет пен адалдықтың діні. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты шынайылық пен сенімге негіздейтін асыл дініміз барлық алдау мен арбаудан, қулық пен арамдықтан тыйым салады. Өйткені қоғамда сенімді жоғалту – оның тамырына балта шабумен тең. Ал бүгінгі таңда біздің қоғамда жиі кездесетін, әсіресе жастар мен интернет пайдаланушылар арасында кең тараған алаяқтық – Исламда қатаң түрде харам етілген күнәлі амалдардың бірі.

Алаяқтық – біреуді әдейі алдап, арбау арқылы оның мал-мүлкін заңсыз иемдену. Бұл – ұрлықтың бір түрі. Алайда ол күшпен емес, алдау арқылы жүзеге асады. Алаяқ адам – адамдардың сенімін пайдаланып, өз пайдасына шешетін зұлым жан. Алла Тағала қасиетті Құранда:

أَوْفُوا الْكَيْلَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُخْسِرِينَ وَزِنُوا بِالْقِسْطَاسِ الْمُسْتَقِيمِ وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

«Өлшеуішті дәл тартыңдар және таразыдан жеп, елге зиян тигізушілердің қатарына қосылмаңдар. Дәл өлшейтін таразымен тартыңдар. Ел-жұртқа тиесілі дүниені жымқырып, елдің обалына -қалмаңдар. Жер бетінде бүлік шығармаңдар», – деген («Шұғара» сүресі, 181-183-аяттар)

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

مَنْ غَشَّنَا فَلَيْسَ مِنَّا

«Кім (көзбояушылық жасаса) алдаса, бізден емес», – деген (имам Табарани).

Бұл хадис дініміздегі шынайылық пен тазалықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Алаяқ адам – мұсылман қауымынан емес деген сөз, ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолынан ауытқыған, үмметтің қатарынан алыстаған адам болып саналады.

Қисса

Бір күні Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) базардан өтіп бара жатты. Кенет көзі үйіліп жатқан астыққа түсті. Сырттай бәрі таза, сапалы көрінеді. Бірақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тоқтап, қолын сол үйіндінің ішіне салды. Саусақтары күтпеген жерден ылғалды сезді.

– Бұл не? – деп сұрады.

Сатушы іркіліп:

– Уа, Алланың Елшісі! Бұл астыққа жаңбыр тиген еді, – деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл көріністен разы болмады, әрі бірден ескерту жасап:

– Неге бұл дымқыл бөлікті адамдар көретіндей етіп астықтың үстіне қоймадың? Кім бізді алдаса – ол бізден емес, – деді.

Бұл сөздің салмағы ауыр еді. Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үні арқылы Алла Тағаланың үкімі естілгендей болды.

Бұл – саудагер үшін ескерту ғана емес, күллі үмбетке адалдықтың мәңгілік ұранына айналған сөз еді: «Кім бізді алдаса – ол бізден емес».

Алаяқтықтың түрлері:

Қазіргі заманда алаяқтықтың түрлері көбейіп кетті. Соның кейбіреулері

  1. Интернет және телефон арқылы алдау

Цифрлы технология дамыған сайын, адамдарды алдаудың жолдары да «ақылдырақ» бола бастады. Алаяқтар бөтен нөмірден хабарласып, банк қызметкері не полиция қызметкері болып өзін таныстырады. Қорқыту немесе сенімге кіру арқылы адамның жеке мәліметтерін иемденіп, қаржысын қолды етеді. Бұл – зұлымдықтың ең жаманы, себебі алыстан тұрып, ешқандай күш қолданбай үлкен зиян келтіреді. Мұсылман адам ешқашан сенімді теріс пайдаланбауы керек. Алдауға жол беру де, алданып тұрып үндемеу де – жауапкершілік. Абай болу – діннің талабы, сақтану – иманның белгісі.

  1. Жалған хабарландыру беріп ақша жинау

Кейбір алаяқтар шынайы мұқтаждығы жоқ бола тұра, жалған ақпаратпен елден ақша жинайды. Әсіресе, интернеттегі хабарландыру, әлеуметтік желілердегі посттар осының алаңына айналған. Көбінесе балалар, ауру немесе шет елге шұғыл кететін болу секілді сылтаулар айтылады. Бұл – сауапты істі пайдаланған ауыр күнә. Шын мұқтаждарға сенім азаяды, ал нағыз қайырымдылықтың қадірі кетеді. «Кім бізді алдаса – ол бізден емес», – деген Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сөзі мұндай әрекетке ашық тыйым. Адамдардан сұраған әр тиын – үлкен жауапкершілік.

  1. Төлем жүйелері арқылы ақша ұрлау

Заманауи алаяқтардың ең жиі қолданатын тәсілі – QR-код, жалған сайттар немесе аударым сілтемелері арқылы ақша ұрлау. Адам өзінің карта мәліметін бермесе де, бір батырма арқылы бар қаржысынан айырылып қалуы мүмкін. Мұндай тәсілдер – ұрлықтың заманауи түрі, ал шариғатта ұрлық – ауыр күнә. Тіпті бір тиынды рұқсатсыз алудың өзі жауапқа тартылады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

كُلُّ المُسْلِمِ عَلَى المُسْلِمِ حَرَامٌ مَالُهُ وَعِرْضُهُ وَدَمُهُ

«Мұсылманның қаны, дүние-мүлкі және ар-намысы өзге мұсылмандарға – харам», – деп мұсылмандарға бір-бірінің жеке құқықтарына құрметпен қарау керектігін баяндаған (имам Әбу Дәуід). Төлем жүйесінде де адалдық пен жауапкершілік – иманның көрінісі.

  1. Сатып жатқан заттың кем-кетігін жасыру

Тауар сатушы кейде бұйымның ақауын, жарамсыз бөлігін әдейі жасырып қояды. Сырты жылтыр, іші шірік. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйілген астықтың ішінен дымқыл жерін көріп, «Кім алдаса – ол бізден емес» деп қатаң ескерту жасаған. Саудада адалдық – берекенің кілті. Бір күндік пайда үшін адамның сенімін сатып алу ұзақ мерзімге зиян алып келеді. Адал саудагер – Қияметте пайғамбарлармен бірге болады. Ал алдаушы – есеп күні ауыр сұраққа тап болады.

  1. Қайырымдылықтың атын жамылып адамдарды алдау

«Садақа жинап жатырмыз» деген желеумен халықтың мейірімін өз пайдасына пайдаланатындар көбейіп кетті. Бұл екі есе ауыр күнә: біріншіден – алдау, екіншіден – дінді, сауапты іске деген сенімді жою. Мұндай адам мұқтажға емес, өз нәпсісіне қызмет етеді. Қайырымдылық – жүрек ісі, ал мұны алдаудың құралы ету – жүректегі қатігездіктің айқын белгісі. Шынайы ниетпен берілген садақадан ешкім ұтылмайды, ал өтірікпен алынған садақадан ешкім ұтпайды. Өйткені әр садақа Алланың есебіне жазылады – алған да, берген де жауапты.

Осылардың барлығы – Алла алдында ауыр күнә, әрі заң алдында да қылмыс.

Құрметті жамағат!

Алла Тағаланың Құран Кәрімдегі аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннет жолы осы дерттерден аулақ болуды, тазалық пен адалдықты сақтауды бұйырады. Өйткені құмар ойынынан, арақ ішуден, есірткіге бой алдырудан және алаяқтықтан сақтанбау – өз-өзімізге, отбасымызға, қоғамымызға жасалған үлкен қиянат.

Ар-ұятымызды сақтап, ақыл мен денсаулығымызды қорғау – баршамыздың асыл міндетіміз. Өйткені имандылық пен тазалық – тек ішкі рухани байлық емес, сонымен қатар сыртқы әрекеттеріміздің, қоғамдағы қарым-қатынастарымыздың негізі.

Қадірлі бауырлар, әрбіріміз үміт және сеніммен, Алланың шексіз мейіріміне жүгініп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық. Себебі тазалық пен адалдық – мұсылман адамның өміріндегі ең басты міндеті, әрі қоғамымыздың берекесі.

Қайнар көзі: muftyat.kz
Таңбалар: алаяқтықішімдікқұмар ойындар
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қостанай облысы: 17 ауыл ішімдіктен бас тартты
Жаңалықтар

Қостанай облысы: 17 ауыл ішімдіктен бас тартты

06.08.2025
Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты
Жаңалықтар

Қосшы қаласының кәсіпкерлері алкоголь сатудан бас тартты

28.07.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
На VII Съезде лидеров мировых и традиционных религий утвердили Итоговую декларацию

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі: адамзаттың рухани диалог алаңы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00