Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының XXIII отырысы өтті

16.09.2025
- Жаңалықтар
0
46
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қарсаңында бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Съезд Хатшылығының XXIII отырысы өтті. Онда ортақ миссияға табан тіреген түрлі дін өкілдері алдағы VIII Съезге және Форумның Ізгі ниет елшілерін сайлауға қатысты мәселелерді талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев отырысқа қатысушыларға ілтипат білдіріп, Съезд 20 жылдан астам уақыт бойы жаһандық дінаралық диалогты нығайтуға, маңызды әлемдік проблемаларды шешуге рухани дипломатияны жұмылдыруға, сондай-ақ, толеранттылық пен өзара қолдау идеяларын дәріптеуге ықпал етіп келе жатқанын айтты. Сенат Төрағасы атап өткендей, Съездің бейбітшілікті сақтауға және келісім, өзара құрмет, ынтымақтастық мәдениетін нығайтуға бағытталған тың бастамалар мен ұсыныстар айтылатын бірегей диалог алаңына айналуы – барлық қатысушының ортақ жұмысының нәтижесі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі осы жылдар ішінде өркениетаралық диалогтың маңызды жаһандық форматтарының біріне айналғанын атап өтті. Біздің бүгінгі кездесуіміз халықаралық қатынастар жүйесі өзгерістерге ұшырап, жаңа сын-қатерлер пайда болған және бұрынғылары шиеленісе түскен күрделі кезеңде өтіп отыр. Гуманитарлық дағдарыстардың ушығуы және мәдени мұралардың қирауы да бәрімізді алаңдатады. Халықаралық қауіпсіздік тетіктері дәрменсіздік танытып, протекционизм мен біржақты әрекеттер артуда. Мұндай жағдайда сындарлы және жасампаз күштердің бірлесіп әрекет етуі аса маңызды. Әлемдік діндер көшбасшыларының жұдырықтай жұмылуы жаһандық проблемаларды шешуге, әлемдегі шиеленістерді азайтуға және диалог пен өзара құрмет мәдениетін дәріптеуге ықпал ететінін көріп отырмыз. Бұл ретте орта державалардың күш-жігері мен дін көшбасшыларының моральдық беделінің синергиясы зор мәнге ие. Сондықтан бүгінгі отырысымыз жаңа халықаралық бітімгершілік және гуманитарлық бастамаларға тың серпін беріп, мазмұнды әрі жемісті өтеді деп сенеміз», – деді Съезд Хатшылығының басшысы.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев VIII Съездің күн тәртібіне назар аударып, дінаралық диалогты жолға қою үздіксіз, жүйелі және жоспарлы жұмысты қажет ететінін тілге тиек етті. Бұл ретте тың идеялар мен ұсыныстар және оларды бірлескен жобалар, оның ішінде Съезд аясынан тыс бастамалар арқылы да іске асыру айрықша мәнге ие.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

«VIII Съезд «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналып отыр. Осы орайда синергия тек ынтымақтастық емес, ол күш-жігерді арттыру екенін айрықша атап өткім келеді. Ал, дінаралық диалог – энергия, ашықтық және өзара құрметті қажет ететін тұрақты процесс. Біздің бірлескен жұмысымыз халықаралық жобаларда өзінің логикалық жалғасын табуға тиіс. VII Съезден кейін Иерусалимде, Ватиканда, Меккеде және Сингапурда бірлескен іс-шаралар өткізілді. Біз осы тәжірибені одан әрі жалғастыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз», – деп, Мәулен Әшімбаев БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесіп өткізетін Діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия, Жас діни лидерлердің ІІ форумы, сараптамалық дөңгелек үстел және секциялық отырыстар аясында талқыланатын тақырыптарға да тоқталып өтті.

Хатшылық отырысында Съездің Ізгі ниет елшілері де сайланды. Жұмыс тобының мүшелері кандидатураларды алдын ала талқылап, отырыстың күн тәртібіне енгізген болатын. Олардың қатарында әртүрлі діндердің белсенді өкілдері, сондай-ақ, бірнеше жылдар бойы Съезд Хатшылығымен тығыз ынтымақтастық орнатқан түрлі саланың көрнекті қайраткерлері бар.

Кездесуге қатысушылар Ізгі ниет елшілері институты қазіргі таңда Съездің идеялары мен құндылықтарын дәріптеу жолындағы тиімді тетіктердің бірі екенін айтты. Сондай-ақ дін көшбасшылары жаһандық сын-қатерлерді еңсеруде рухани дипломатия мен саясаттың күш-жігерін біріктіру және геосаяси қақтығыстар мен өзге де қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесу үшін қазақстандық Форумның маңызы зор екенін атап өтті. Одан бөлек, спикерлер Съезд алаңында қозғалатын тақырыптардың өзектілігі мен ауқымдылығына мән беріп, діндер мен мәдениеттер арасындағы бейбітшілікті сақтау және әділетсіздік пен соғысты насихаттаудың алдын алу үшін ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шараның нәтижесінде Съезд Хатшылығының XXIII отырысының хаттамасы қабылданып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі декларациясының ережелері талқыланды. Бейбітшілік пен өзара түсіністік жолындағы ортақ мақсаттың символына айналған қорытынды құжат «Астана бейбітшілік декларациясы 2025» деп аталды.

Мәулен Әшімбаев Хатшылықтың отырысынан кейін Қытай даосистер қауымдастығының төрағасы Ли Гуанфумен екіжақты кездесу өткізді. Онда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі аясында ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің басымдықтары белгіленді. Сондай-ақ тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі көптеген мәселе бойынша Қазақстан мен Қытайдың ұстанымдары сәйкес келетініне назар аударып, бұл барлық бағытта Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын әрі қарай нығайту үшін маңызды артықшылық екенін атап өтті.

Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-ул Ислам Аллашүкір Пашазадемен кездесуде Съезд Хатшылығының басшысы аталған басқарма Форумға ұзақ жылдар бойы қолдау білдіріп, оның мақсаттарына жетуге елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты және сол үшін алғыс айтты. Сұхбат кезінде қазақ-әзірбайжан стратегиялық серіктестігін дамытып, нығайтуда екі елдің Мемлекет басшылары арасындағы сенімді және достық қарым-қатынас үлкен рөл атқарып отырғаны сөз болды.

Бұдан басқа, Мәулен Әшімбаев «Somaiya Vidyavihar» университетінің канцлері және индуизм делегациясының басшысы Самир Шантилал Сомайямен кездесті. Екіжақты кездесуде дінаралық және конфессияаралық диалогты одан әрі ілгерілету, орнықты даму, инклюзивті өсу, сондай-ақ, өңірлік байланыс мәселелері талқыланды.

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпМәулен Әшімбаев
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жайында қызықты деректер

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жайында қызықты деректер

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00