Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алғаусыз достықтың алтын көпірі

22.08.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
17
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкек қаласында ІІІ қазақ-қырғыз өнерлі жастар форумы ұйымдастырылды. Биыл форум шығармашыл жастар арасындағы цифрлық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға арналды.

Жиын қос халықтың тарихы мен мәдениетін зерттеудегі Шоқан Уәлихановтың еңбегі туралы «Чокан Валиханов: тарыхтын жарык жылдызы» атты деректі фильмінің тұсаукесерімен басталды.

Бауырлас елдердің достығын дәріптеп, ынтымағы мен бірлігін бекемдеген іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов, сондай-ақ екі елдің мәдениет, ғылым және шығармашылық саласының өкілдері мен зиялы қауым қатысты.

Аида Балаева Шоқан Уәлиханов еңбектерінің қазақ-қырғыз тарихындағы орнын ерекше атап өтті.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

«Әлемге әйгілі «Манас» дастаны қыр­ғыз ұлтының бойтұмары болса, оны алғаш рет қағазға түсіріп, көпке насихаттауда Шоқан Уәлихановтың еңбегі зор. Сондай-ақ оның «Ыстықкөл күнделігі» – қазақ-қыр­ғыз бірлігінің ғылым мен руханияттағы жар­қын көрінісі. Қырғыз бауырларымыз түсірген бүгінгі «Чокан Валиханов: тарых­тын жарык жылдызы» деректі филь­мі тарихи әрі мәдени құндылығы зор, мағы­на­лы туынды болады деп сенемін», деді министр.

Сондай-ақ Аида Балаева фильмнің көрсетілімі – бұл мәдени үндестіктің өз жал­ғасын тапқанын айғақтайтынын атап өтіп, бізді ортақ тарих пен ортақ тағдыр байланыстырып тұрғанына тоқталды.

Қырғыз Республикасының Мемле­кет­тік хатшысы Марат Иманқұлов екі елге ортақ тарихи тұлғалардың маңызына тоқ­талды.

«Қырғызстан мен Қазақстан тарихында Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов сынды ұлы тұлғалар бар. Олар мәде­ни және рухани дәстүрлер арқылы қос ха­лықтың бірлігі мен бауырластығына зор үлес қосты. Дәл осы қайраткерлер бүгін­­гі жастарға шабыт беріп, оларды жа­сам­­­паздық жолын жалғастыруға жетелеп келеді», деді ол.

Форум аясында еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қырғыз Респуб­ликасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбета­лиевпен кездесіп, қоңсы жатқан қос ел арасындағы ынты­мақ­тастықты, мәдени-гуманитарлық әріп­тестікті дамыту мәсе­лелерін талқы­лады.

Соның ішінде мәдениет, ақпарат және жастар саясаты салаларындағы байланыстарға ерекше мән берілді. Кездесу барысында екіжақты ынты­мақтастықтың тұрақ­ты түрде дамып келе жатқаны аталып өтті. Яғни бірлескен форумдар өткізі­ліп, білім беру бағдарламалары жүзеге асы­рылып, мәдени алмасулар мен түрлі жобалар іске қосылып жатқаны, осы бас­та­малар жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасауға, олардың әлеуетін ашуға, дүниетанымын кеңейтуге және екі халықтың мәдени өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етіп жатқаны айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша министр­лер тәжірибе алмасуға арналған тұрақты алаңдар құру, стартаптар мен креативті жобаларды қолдау, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру, түрлі саладағы жас мамандар арасындағы мәдени алмасуды кеңейту сынды бір­лескен бастамаларды жалғастыруға уағда­ласты.

Тараптар форум мен алдағы бастамалар екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін ғана көрсетіп қоймай, жаңа идеяларға, жобаларға және әріптестікке жол ашатынын, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан ара­сын­дағы сенім, құрмет пен достықты нығайтып, жастардың энергия­сы мен бастамашылдығы арқылы одан әрі дами түсетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, форумда кретивті индустрия мен цифрландыру мәселе­ле­ріне назар аударылды. «Жаңа буын AI-стартаптары: жергілікті идея­дан жаһан­дық нарыққа» және «Ed-tech жоба­лары: жаңа сын-қатерлер» атты панельдік сессия­лар өткізілді. Оған жас IT-кәсіпкерлер, стартапшылар, бағ­дар­ламашылар, блогерлер мен медиа мамандар қатысты.

Әсіресе, «AI NEXT» стартап-питчинг сессиясы қатысушылардың ерекше назарын аударды. Онда жас кәсіпкерлер жасанды интеллект, цифрлық тех­но­логиялар, киберқауіпсіздік және білім беру платформалары бойынша ондаған инновациялық жобаны ұсынды. Олардың қатарында қырғыз тіліндегі алғаш­қы AI-ассистент AkylAI, аналарға арналған Mama Space қосымшасы, сондай-ақ Loadex AI B2B SaaS қолданбасы бар.

Аталған іс-шараға да Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиев қатысып, жастар форумы арқылы серіктестік пен достық қатынастарды нығайтып, болашақта да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік туатынына сенім білдірді.

Қырғызстандық министр биылғы форумның тағы бір маңызды оқиғасы – «Алтын көпір» жобасы аясында қос қанатты елдің рухани рәмізі – Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Әуезовке арналған ескерткіштердің ашылуы екенін атап өтті.

«Екі ұлы жазушы тек қазақ-қырғыз халқының ғана емес, бүкіл түркі әлемі­нің үлкен мақтанышы. Олардың мұрасы – біздің ортақ тарихымыздың, досты­ғы­мыздың және мәдени бірлігіміздің алтын көпірі», деді М.Мамбеталиев.

Жастар форумы Қазақстан мен Қырғызстанның 300-ден аса жас IT-кәсіп­керлерін, бағдарламашыларын, стартап жасаушыларын, цифрлық сурет­ші­лерді, блогерлерді, ақындар мен медиа­шығар­машыл жастарды біріктірген бірегей алаң болды.

Мемлекет басшысының Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Бішкекте Қазақстанның мәдениет күндері өткізіліп жатыр. Оның аясында Қазақстан киносы күндері ұйым­дас­тырылып, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерекелік концерт ұсынылды.

Қазақ-қырғыз достығының аясында ұйымдастырылып жатқан мәдени іс-шаралар тағы бір ерекше кешпен то­лықты. Бішкектегі А.Малдыбаев атын­дағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрында Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» атты шығармашылық кеш өтті.

Іс-шараны Алматы облысының әкім­дігі ұйымдастырып, онда өңірдің үздік шығармашылық ұжымдары мен өнер­паз­дары Бішкек қаласының тұрғындары мен қонақтарына жоғары деңгейдегі концерт ұсынды. Сахнада фольклорлық-этнографиялық «Сазген» және «Құлансаз» ансамбльдері, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбек, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, күйші Нүркен Әшіров, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары – Ұлжан Ағлақова, Төлеген Рахымбаев, Мұса Сапарәлі, Ардақ Әмірқұлова, Салтанат Құдайбергенова, Фархат Кубиев, Әділ Ахметжанов сынды таланттар өнер көрсетті.

Кештің ерекше қонағы ретінде ұлы композитордың қызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мем­ле­кеттік фольклорлық-этно­гра­фия­лық оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева да өнерін паш етті.  Қырғызстанның талантты орындаушылары да сахна төріне көтеріліп, Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын тарту етті.

Айта кетсек, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның еске алу даталары күнтізбесіне енгізіліп, халықаралық деңгейде аталып өтіп жатыр. Биыл мамыр айында Алматы облысының әкімдігі композитордың шығар­машылық кешін Бейжің қаласын­­­­­­да ұйымдастырып, толық аншлагпен өткізген. Бішкектегі «Әлқисса» концертін ән әлемі арқылы жүректерді тоғыстырған бұл халықаралық мәдени эстафетаның жалғасы деуге әбден болады.

Қырғыз еліндегі Қазақстан киносы күндері ел астанасы Бішкектегі «Ала-Тоо» кинотеатрында басталды. Алғашқы күні көрермендер атақты режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмін тамашалады.

Қырғыз еліндегі отандық кино күндері бүгін режиссер Рашид Сүлейменовтің «Набат операциясы» және Жандос Құсайыновтың «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмдерінің көрсетілімімен жалғасты.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: ДостықҚазақстанҚырғызстан
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды
Жаңалықтар

Қырғызстан: Абай атындағы көше, музей және ескерткіш ашылды

25.11.2025
Қазақстан хоккей құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды
Жаңалықтар

Қазақстан хоккей құрамасы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды

23.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алаяққа алданбаудың жолы қандай?

Алаяққа алданбаудың жолы қандай?

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00