Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлемнің рухани мұрасы: Бірегей көрме

02.08.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
50
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі аясында 2025 жылдың 1 тамызында Бейбітшілік және келісім сарайында «Турин кебіні» және «Қасиетті кітаптар» атты екі халықаралық рухани-мәдени көрме өз жұмысын бастады.

Қос көрменің басты мақсаты – түрлі діни конфессиялардың тарихи және рухани мұрасын кеңінен таныту арқылы қоғамда дінаралық түсіністік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ көрмеге келушілердің рухани-танымдық көкжиегін кеңейту.

Іс-шара барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрмеде ұсынылған артефактілер жай ғана тарихи жәдігер емес, адамзаттың рухани және мәдени мұрасын жеткізуші, ұлы оқиғалардың куәсі екенін атап өтті. Алда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­бас­шыларының съезі – Қазақстанның бейбі­тшілік, келісім мен гуманизм құнды­лықтарын берік ұстанатынын көрсететін маңызды халықаралық оқиғалардың бірі.

«Мұндай бірегей тарихи мұраларды сақтап, оларды терең зерделей отырып, біз өзара түсіністікке, рухани бірлікке және мәдени диалогке негізделген берік болашақтың іргетасын қалай аламыз», деді Аида Балаева.

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Министр Қасым-Жомарт Тоқаевтың дін туралы айтқан пайымын еске алды. Президент халыққа Жолдауында дін әрқашан білім беру қызметін атқарғанын және Құран, Інжіл, Тәурат және басқа да көптеген рухани кітап әрқашан гуманизм мен бейбітшілік идеяларына қанық болғанын атап өтті.

Конфессия өкілдері Қазақстанның бейбітшілік пен келісімді сақтау ісіндегі ерекше рөліне тоқталды.

«Бұл көрменің Қазақстанда, дінаралық келісімге, бейбітшілікті насихаттауға құрметпен қарайтын елде ұйымдастырылғаны өте орынды. Осыған байланысты Қасиетті Тақтың атынан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдауы үшін зор ризашылығымды білдіремін», деді Қазақстандағы Апостол нунцийі, архиепископ Георг Панамтхундила.

«Киелі жәдігерлер көрмесінің ел астанасында және еліміздің өзге де ірі қалаларында ұсынылуы – Қазақстанда діни бостандық бар екенін, түрлі діндер арасында жемісті ынтымақтастық қалыптасқанын, халқымыздың бірлігін нығайтуға деген ұмтылыстың барын көрсетеді. Көрменің сәтті өтуі – Қазақстан халқының руханиятына үлес қосып, мәңгілік құндылықтарға негіз­делген бейбіт даму жолын таңдаған еліміз­ге Құдайдың берекесі болғай», деп толық­тырды Астанадағы Әулие Мария Рим-католик архиепархиясының архие­пис­коп-метрополиті Томаш Бернард Пета.

«Турин кебіні» көрмесі көпшілікті осы атақты археологиялық жәдігердің та­ри­­хы мен ғылыми зерттеулерімен та­ныс­­тырады. Бұл бірегей жәдігер көне за­­ма­ннан бүгінге дейін ғылыми қауым­дас­­тық пен қажылардың назарын ауда­рып келеді», деді Қазақстан Право­слав шір­кеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр.

«Турин кебінін» көбіне «бесінші Інжіл» деп те атайды және христиан әлеміндегі ең қымбат жәдігерлердің бірі саналады. Сонымен қатар бұл – қазіргі уақытта ең көп зерттелген объектілердің бірі. Қазақстанда аталған көрменің өтуіне үлес қосу – біз үшін үлкен мәртебе», деп атап өтті «Kirche in Not» қорының атқарушы президенті Реджина Линч.

«Турин кебіні» көрмесі – христиан әлеміндегі ең бағалы жәдігерлердің бірі. Аңыз бойынша, шамамен 2000 жыл бұрын шегеленіп тұрған Иса Мәсіхті түсіріп алып, денесін осы матамен ораған.

Айта кетейік, бұл экспозиция елімізде алғаш рет көрсетілді. Көрмеде кебіннің дәлме-дәл көшірмесі мен 27 тақырыптық ақпарат­тық панель, сондай-ақ тарихи арте­фактілер, бейнематериалдар мен иллю­с­трациялық брошюралар ұсынылды.

«Қасиетті кітаптар» көрмесі әлемдік діндердің қасиетті жазбалары арқылы әртүрлі діни дәстүрлердің рухани негіздерін көрсетуге бағытталды. Экспозицияда қасиетті жазбалардың және түрлі діндер мен тарихи дәуірлерге қатысты сирек кездесетін қолжазбалардың 50 данасы ұсынылды.

Экспонаттардың ішінде VII ғасырдағы Құран қолжазбасы, XIX ғасырдағы сирек кездесетін Інжіл нұсқалары, Кенесары ханның Құран кітабы, Талмуд, Тора және басқа да киелі кітаптар бар.

Көрме 2025 жылдың 25 қыр­күйегіне дейін жалғасады. Көпшілік түрлі діндердің рухани мұраларымен тереңірек танысып, адамзат тарихындағы діни жазбалардың мәдени, тарихи және рухани мәніне үңілу мүмкіндігіне ие болды.

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезікөрмеқасиетті кітаптар
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі қашан өтеді?
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съездерінің маңызы

25.11.2025
БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады
Жаңалықтар

БҰҰ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі қорытындыларын жоғары бағалады

21.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақ-түрік қарым-қатынасы: Болашағы баянды бауырластық

Қазақ-түрік қарым-қатынасы: Болашағы баянды бауырластық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00