Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шындықтың шырағын сөндірмеу – ортақ міндет

30.07.2025
- Ағымдар ақиқаты
0
39
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазіргі таңда деструктивті діни ағымдардың ықпалы – қоғам үшін ең өзекті мәселенің бірі. Олар өздерінің жымысқы идеологиясын тарату үшін түрлі айла-шарғыны қолданады. Басты мақсаттары – халықты өз тамырынан, тарихынан, ата-баба дәстүрінен ажырату. Осылайша, рухани іргесі сөгіле бастаған адамды өздеріне оңай бағындырады.

Бұл ағымдардың ең қауіпті тәсілдерінің бірі – дәстүрлі дін өкілдеріне қарсы шығу. Өйткені исламның төл ілімін жетік меңгерген, ақ-қараны ажырата білетін имамдар мен ұстаздар ғана олардың жалған уағызын әшкерелей алады. Сол себепті радикалдар өз жақтастарын имамдардың сөзіне құлақ аспауға шақырады, оларды «бидғатшы», «сүннет жолымен жүрмейді» деп айыптайды. Осылайша, жастарды мешіттен алыстатып, жалған пәтуаға жетелейді.

Тағы бір алаңдатарлық жайт – бұл ағымдардың халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін жоққа шығаруы. Құдайы ас беру, Құран оқу, ата-бабаны құрметтеу, жеті атаны білу, бата беру, наурыз мерекесін тойлау – мұның бәрі халқымыздың дінімен біте-қайнасқан құндылықтары. Ал радикалды топтар мұның барлығын «дінге жат» деп, халықты өз тарихынан, мәдениетінен қол үздіруге тырысады.

Дәстүрінен, өткенінен, рухани іргесінен ажыраған адам – олардың идеологиясы үшін ең жеңіл олжа. Өйткені тамырынан айырылған жан айтқанға сенгіш, айдағанға көнгіш келеді. Мұндай адамның бойында сындарлы ойлау қабілеті әлсіреп, өзіндік ұстанымы жоғалады.

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Интернет кеңістігіндегі заңсыз миссионерлік

Жалған діни үгіт-насихаттың психологиялық әсері

13.03.2026

Деструктивті ағымдардың бұл қулығы тек жеке тұлғаға емес, бүкіл қоғамға зиян тигізеді. Олар адамдар арасындағы алауыздықты өршітіп, ұлттың бірлігіне сызат түсіреді. Қасиетті дініміздің атын жамылып, халықты адастыру – тек рухани емес, саяси тұрғыдан да қауіпті құбылыс.

Осындай адасулардың алдын алу үшін не істеу керек? Ең әуелі – қоғамда сыни ойлау қабілетін дамыту маңызды. Діни сауаттылықты арттыру, сенімді дереккөздерді ғана пайдалану, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу – бұл бағыттағы ең басты қадамдар.

Бірліктің бастауы – рухани тұтастық. Ал шындықтың шырағын сөндірмей, әділдік пен парасат нұрын жүректерге себу – баршамыздың ортақ борышымыз.

Жасұлан БАҚЫТБЕК

Таңбалар: діни ағымсекта
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Ағымның артында саяси күштер бар
Видео

Ағымның артында саяси күштер бар

13.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Алматыда «Әбу Ханифа» мешіті ашылды

Алматыда «Әбу Ханифа» мешіті ашылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121073 бөлісті
    Бөлісу 48429 Твитерге 30268
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1600 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды
Жаңалықтар

«Қазақ күшінің картасы»: Түркістан облысында «Балуан тас» сапары басталды

18.03.2026
Исламда дін ұстану еркіндігі бар ма?
Ислам

Қазақ қоғамындағы дәстүрлі Ислам ұстанымы

17.03.2026
Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?
Ағымдар ақиқаты

Әлеуметтік желідегі жат ағым: олардан қалай сақтанамыз?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00