Жұма, 10 Қазан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Еңбеккер – елдің мерейі

02.07.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
119
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қоршаған ортаны аялау мен таза күйінде ұстау – әркімнің азаматтық парызы, қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы бағыттағы маңызды бастаманың бірі ретінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын атауға болады. Президентіміз бұл игі іс-шара табиғат-ананы қадірлеудің жарқын айғағы екенін айта келе: «Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз» дегені белгілі.

Қыста қары күреліп, жазда шаң-қоқыстан арылып, айнадай жалтыраған көшелерімізді күнде көріп жүргендіктен шығар, бұл тазалықтың артында қандай қыруар еңбек жатқаны жайында көбіне ойлана бермейтініміз рас. Ал шын мәнінде біздің қоғамда жаздың аптабы мен қыстың аязы, күз бен көктемнің жаңбыры мен дауылына қарамай, ала таңнан қолына кетпен-күрегін алып, күн қызарып батқанша көше тазалығын сақтау үшін маңдай терін төгіп жүрген бірқауым ел бар. «Таза Қазақстан» акциясы ең алдымен осы адамдардың қолымен атқарылып жатыр.

Президентіміз биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Соның аясында қаламыздың тазалығы мен абаттануына үлесін қосып жүрген осынау қарапайым жұмысшылар туралы да аз-кем әңгіме қозғауды құп көрдік. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз – «Астана тазалық» серіктестігінің қызметкері, көше тазалайтын көліктің жүргізушісі Қанат Түсіпов. 10 жылдан аса уақыттан бері осы салада еңбек етіп жүрген бұл азаматтың міндеті – жаз кезінде су шашатын көлікпен елорда көшелерін жуу, ал қыста – сыпырып-жинағыш машинамен көшені қардан тазалау. Біз онымен арнайы жолығып, көлігіне отырып, тазалық жұмыстарын көзбен көріп қайттық.

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025

– Күн сайын таңғы сағат 07:00-де міндетті медициналық тексерістен өтеміз, – деп әңгімесін бастады ол. –  Жұмысқа жолдама беру үшін тәртіп қатаң. Өйткені қазір көшеде көлік те, адам да көп. Ығы-жығы нөпірдің арасында жүріп көше тазалау оңай емес. Денсаулығыңда кінәрат болмауға тиіс. Спирттік ішімдікке мүлдем жолауға болмайды. Егер жұмысқа кедергі болатын бір себеп табылса, жолдама берілмейді. Тексерістен сәтті өткендер ғана таңғы сағат 08:00-де іске кірісеміз.

Қанат Базарбайұлы сөз арасында дәрігерлер көлік жүргізушілерінің көзін, қан қысымын, жүрек соғысын тексерумен қатар, арнайы құрылғы арқылы спиртті ішімдіктен сау екенін анықтауға баса мән беретінін жеткізді.

– Біздің мекемеге қарасты көліктердің жартысы қазір қала көшелеріне отырғызылған көшеттер мен ағаштарды суарып жүр. Менің жұмысым осы – көшені жуамын. Кей күндері адам жетіспей жатса, көшет суаруға да жібереді. Қазір астанамыздың тазалығына қатты мән беріліп жатқанын білесіздер. Өйткені елордамызға келетін қонақ пен турист көбейді. Түрлі халықаралық жиындар өтіп жатыр. Шетелдіктер осы қаланың бет-бейнесіне қарау арқылы бүкіл елімізге баға береді. Қала тазалығы мен жинақылығына бірінші кезекте мән берілетіні де сондықтан, – дейді ол.

Елорда аумағы уақыт өткен сайын үлкейіп, көшелер саны да артты. Соған байланысты коммуналдық қызметтерге түсетін жүктеме де көбейген. Қ.Түсіпов ала таңнан басталатын жұмысы кешкі сағат 17:00-ге дейін жалғасып, ал қысты күні жұмыс уақыты одан да ұзаратынын айтады. Сәйкесінше атқаратын шаруа да еселенеді екен.

– Жазға қарағанда қыста жұмыс қиындау. Өзіңіз білесіз, Астанада алты ай қыс жатады, қар көп жауады. Боранды күндер аз емес. Бірақ ауа райы қалай құбылса да, қала көшелерін қар басып, көлік қозғалысы мен халықтың жүріп-тұруына қиындық тумауы керек. Сол үшін бізге жатпай-тұрмай еңбектенуге тура келеді, – дейді ол.

Кейіпкеріміз қыстыгүні астында айналып тұратын щеткасы бар сыпырып-жинағыш көліктің рөліне отырады екен. Көшедегі қарды шетке қарай жинап, жолдың жиегіне үйіп кете береді. Сосын басқа көліктер оны тиеп алып, қала шетіндегі полигонға апарып төгеді.

Қ.Базарбайұлының көлігіне отырып, Жангелдин көшесінен басталған сапарымыз Республика даңғылы арқылы жалғасын тапты. Машинаның алдыңғы жағына орнатылған екі жаққа су шашатын құрылғымен көшені жуып келеміз. Біз әңгімемізді одан әрі жалғап, кейіпкерімізден қазіргі қала тұрғындарының тазалыққа қалай мән беретінін, көшені ұқыпты ұстау мәдениеті қаншалықты қалыптасқанын сұрадық. Оның айтуынша, қазір адамдар заң мен тәртіпке бағынып, бұрынғыдай көшеге көп қоқыс тастамайды. Бірақ соған қарамастан, көпшілік жер болған соң, тазалықшылардың еңбегі болмаса, қазіргі айнадай жалтыраған, қоқыстан ада көшелерді көзге елестету мүмкін емес екенін айтады.

– Жуырда біздің мекеменің бастамасымен қаланың экологиялық ахуалын нақты көрсету үшін шағын, бірақ өте маңызды тәжірибе жүргізілді. Сол жағалаудағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойы әдейі бір күн бойы тазаланбады. Сондағы жағдай қаладағы ұқыптылық мәдениетінің нақты көрінісін паш етті. Бір күннен кейін әлгі көшеден 6112 темекі тұқылы, 658 құты, 78 банан қабығы, 343 қағаз қалдығы, 436 балмұздақ орамасы жиналды. Енді көз алдыңызға елестете беріңіз, егер тазалықшылар болмаса, қаламыз қандай қоқыс орнына айналып кетер еді, – деді ол.

Бұны естіп шынымен бас шайқауға тура келді. Өзімізді қаншалықты мәдениетті, тәртіпті халықпыз десек те, қарапайым көше тазалығына қаншалықты ұқыпсыз қарайтынымызды байқадық. Әсіресе, адам жүретін жерге темекі тұқылын тастап кету – мәдениетсіздіктің көрінісі екенін мойындау керек. Қ.Түсіпов тұрғындардың өз қаласына деген көзқарасы өзгермейінше, коммуналдық қызметтің жүйелі жұмысы да ұзақмерзімді нәтижеге қол жеткізбейтінін айтты.

Ол өз сөзінде зейнет жасына жақындап қалса да, елорда көшелерінің тазалығын сақтау үшін еңбек ете беретінін жеткізді. «Жұмысым өзіме ұнайды. Басшылық тарапынан қызметкерлерге жақсы көңіл бөлінеді. Айлығымыз уақытында беріледі. Қысқы-жазғы киіммен қамтамасыз етілеміз. Ең бастысы, ұжымымыз тату-тәтті. Қажет кезде бір-бірімізге қол ұшын созып тұрамыз. Менің 10 жылдан бері бір жерде табан аудармай еңбектеніп жүргенімнің сыры сол. Ендігі мақсатым – осы жерден зейнетке шығу. Ал оған дейін әлі де қаламыздың ұқыптылығы мен тазалығын сақтауға өз үлесімді қоса бермекпін» деп әңгімесін аяқтады.

Шын мәнінде, бұл жұмысшылар көптің көзіне іліне бермейді, еңбектері де елене бермейтіні рас. Алайда таңмен таласа тұрып білек сыбана іске кірісіп, ел ұйқыға жатқанша тыным таппайтын көше тазалықшыларының еңбегі – ерлікке парапар. Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында осындай қарапайым еңбеккерлер насихатталуы керек. Олардың беделі мен мәртебесі кейінгі ұрпаққа үлгі болуға тиіс.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Астана тазалықЖұмысшы мамандықтар жылы
Бөлісу3Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ислам және жол ережесі

Ислам және жол ережесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады
Қоғам

Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім қашан басталады

09.10.2025
Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды
Жаңалықтар

Ауғанстанда бірқатар әлеуметтік желілерге кіруге шектеу қойылды

09.10.2025
Сұрақ-жауап

Қандай жағдайларда ғұсыл алынады?

09.10.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою