Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бір-бірін іздеген Бақыт, Құлшылық, Иман және Адам

11.06.2025
- Ғибратты әңгімелер, Таңдаулы
0
75
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бір күні әрдайым өз жөнімен зымырап жүретін тынымсыз Уақыт көз ұшында кетіп бара жатқан жарқын Бақытты байқап қалады. Бақыттың соңынан дереу ілесе жөнеліп, оған жеткен бойда:

– Бақыт-ау, Бақыт! Сен осылай асығып қайда кетіп барасың? – деп сұрайды.

Сонда Бақыт артына қарамай:

– Мен қайда барайын, Құлшылыққа бара жатырмын, – деп жауап береді де, өз жолымен асыға жөнеледі.

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025

Уақыт Бақыттың соңынан еріп, ілгері баса береді. Ақыры оның жүрісіне шыдамай, артта қалып, адасып қалады. Біршама уақыт өткенде алдынан тыныш кейіпте келе жатқан Құлшылықты көреді. Оған жақындап:

– Құлшылық-ау, Құлшылық! Сен кімге барасың? – деп сұрайды.

Құлшылық сабырмен:

– Мен бе? Мен Иманға барамын, Уақыт, Иманға! – деп жауап береді де, жолын жалғастырады.

Уақыт тағы да алға жылжып, бірге біршама жер жүрген соң, одан да көз жазып қалады. Сөйтіп келе жатқанда бір нәрсені іздеп, жан-жағын қарап жүрген мазасыз Иманды көреді. Жақындап келіп:

– Иман-ау, Иман! Сен осылай асығып кімді іздеп жүрсің? – деп сұрайды.

Сонда Иман әлденеге алаңдап, мазасыз күйде:

– Ой, Уақыт! Сен шынымен-ақ келіп қалғаның ба? Мен Адамды іздеп жүрмін, бірақ әлі таба алмай жатырмын, – деп жауап береді.

Иманның әбігерлігін көрген Уақыт оған іштей түсіністікпен қарайды да, алға аяңдай береді. Біраз жүрген соң, одан да адасады. «Мынау қайда кетті?» деп келе жатып, шаршаңқы кейіпте, көңілі жайсыз біреуді байқайды. Бұл Адам екен. Ол да бір нәрсеге алаңдап, жолынан адасқандай көрінеді. Уақыт оған жақындап:

– Әй, Адам! Сен осы Иманды іздеп жүрген жоқсың ба? – деп сұрайды.

Адам ауыр күрсініп, шаршаңқы дауыспен:

– Иманды қайтейін? Менің іздегенім Бақыт! Бақытты таба алмай жүрмін. Оның қайда кеткенін де білмеймін. Әй, Уақыт, егер Бақытты көрсең, оған менің іздеп жүргенімді айтып жібер, – деп өтінеді.

Уақыт Адамның сөзін құп алып, алға қарай асығады. Ойы Бақыт жүр-ау деген тұс. Есебі дұрыс шығады. Жолдан тағы Бақытты көзі шалып, оған жетіп барып:

– Бақыт! Бақыт деймін, артыңда сені іздеп келе жатқан Адам бар, – дейді.

Сонда Бақыт артына қайырылмастан:

– Маған керегі Құлшылық, – деп ілгері жылжи береді.

Ал Құлшылық өзіне Иманның қажет екенін айтып, ілгері кетеді. Иман болса әлі де Адамды іздеп, мазасыз күйде жүреді. Осылайша Уақыт оларды жағалай береді, ал олар бірінің артынан бірі қуалай береді.

Бірақ уақыт өте Адам байғұс көз ұшындағы Бақытқа жете алмай шаршап, қатты торығады. Бір жерге отырып, көңілі қаяу күйде ұзақ ойға батады. Барға қанағат, жоққа салауат етеді. Сол сәтте, дәл осы тоқтаған жерінде оған Иман келеді. Иман Адамды танып, біліп, оның жанына тұрақтайды. Олардың қуанышын көрген Құлшылық та ұзаққа созбай жетіп келеді. Құлшылық келгеннен кейін көп ұзамай, жарқыраған Бақыттың да төбесі көрінеді.

Міне, осылайша іздегені табылған, көңілі толқып, шаттыққа бөленген Адамның қуанышын көрген Уақыт оның жанына аялдап, осы жолы ұзағырақ тұрақтап қалады. Осылайша, бәрі бір-біріне қол жеткізіп, мән мен мағына табады екен.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: бақытиманқұлшылық
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)
Ғибратты әңгімелер

Бес жүз жылдық амал (ғибрат)

26.11.2025
Можно ли совершать намаз перед зеркалом?
Сұрақ-жауап

Намаздың ішкі, сыртқы парыздары қандай?

26.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Үш дос

Үш дос

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00