Дүйсенбі, 30 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

12.05.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
60
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде елімізде 12-16 мамыр аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы өтетінін мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев репродуктивті денсаулық мәселесіне айрықша мән беріп, отбасы институтын нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасын атап өтуге болады. Бұл бағдарлама репродуктивті денсаулық саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлігіне айналды.

Жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық қатынасқа ерте түсу салдарлары, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы және АИТВ жұқтырған жаңа жағдайлардың көбеюінің алдын алу мақсатында 2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді.

Бұл бастаманың негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия.

Еліміздегі мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды

Еліміздегі мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды

30.03.2026
Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026

Бүгінде бұл мәселелерді ашық, ғылыми негізде және кәсіби деңгейде талқылау бұрынғыдан да маңызды. Өткен жылғы тәжірибе бұл бастаманың қоғам үшін өзекті әрі қажетті екенін көрсетті. Сондықтан біз апталықты жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдадық.

Акция аясында халықтың денсаулығын нығайту, адам ағзасына және болашағына саналы көзқарас қалыптастыру бағытында мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық серіктестердің күш-жігері біріктіріледі.

Кәсіби қауымдастықтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын және қоғамдық пікір көшбасшыларын ақпараттық науқанды қолдауға шақырамыз.

Болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін апталық шеңберінде өтетін іс-шараларды кеңінен жариялап, шынайы әрі пайдалы ақпаратты таратайық!

Апта аясында еліміздің барлық өңіріндегі жастар денсаулық орталықтарында және бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер, тренингтер, интерактивті сессиялар мен мамандардың қатысуымен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда елімізде 10–29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастарға медициналық және профилактикалық көмек, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлер мен заңгерлерден кеңес алуға мүмкіндік беретін 103 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.

Денсаулық – хабардарлықтан басталады. Келіңіздер, репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа бірге айналдырайық!» деп жазды министр.

Сонымен қатар ол іс-шаралар туралы толық ақпаратты алу үшін http://www.rephealth.kz сілтемесін ұсынды.

Апталық хэштегтері: #СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025

#RepHealth2025

#НеделяРепродуктивногоЗдоровья

Таңбалар: Аида Балаева
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді
Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Конституция сөз бостандығына кепілдік береді

10.03.2026
Жаңалықтар

Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды

23.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды

БАӘ-мен 10 құжатқа қол қойылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121903 бөлісті
    Бөлісу 48761 Твитерге 30476
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1603 бөлісті
    Бөлісу 641 Твитерге 401
  • Ораза айт: Еліміздің қалаларындағы айт намазының уақыты

    525 бөлісті
    Бөлісу 210 Твитерге 131
  • Шәууәл айының ораза кестесі (қалалар бойынша)

    447 бөлісті
    Бөлісу 179 Твитерге 112

Соңғы жарияланымдар

Еліміздегі мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды
Жаңалықтар

Еліміздегі мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды

30.03.2026
Білім алмайтын екі адам
Видео

Білім алмайтын екі адам

27.03.2026
Зайырлылық сипаты нақты бекітілді
Видео

Зайырлылық сипаты нақты бекітілді

26.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00