Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Отырар қариялары айтқан екі қарақшы туралы тәмсіл

28.05.2025
- Қоғам
0
28
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ертеде оңтүстік өлкесінде аты шыққан екі қарақшы өмір сүріпті. Олар түн жамылып керуен тонап, жұрттың тынышын кетірген екен. Қайраты қайтпас, алғырлығы мен қатыгездігі жұрттың жүрегін шайлықтырыпты. Бүкіл ел олардың қарадай дақпыртының өзінен дірілдесе де, қайбіреулер жасырын түрде олардың істерін аңыз қылып айтып, балаларына үлгі ететін көрінеді.

Сол аңыздардың жетегінде өскен бір өрімдей бозбала екі қарақшыны өмірінің ұлы қаһармандары санапты. Олар сияқты табысты, олардай атышулы болуды арман еткен жігіт бір күні өздерін іздеп тауып алыпты. «О, ағалар, мен де сіздер сияқты қарақшы болғым келеді. Мені өздеріңізге шәкірт етіп алыңыздаршы!» – деп өтініш айтыпты.

Бұған қарап бірінші қарақшы риза кейіпте күліп жіберіп:

– Әп, жарайсың, жігіт! Бізге дәл сендей алғыр жастар керек! – деп арқасынан қағыпты. Сосын сөзін сабақтап:

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

Ғұмыры ғибратқа толы ел ағасы

22.11.2025
Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

Тұлға – тектілік пен тәрбие жемісі

21.11.2025

– Екі рет өмір сүрмейміз, інім. Қайратың мен жастық жігерің тұрғанда жалғанды жалпағынан басып, қалағаныңды алуың керек. Қолыңнан келсе, тартып ал да, қызығыңа батып жүре бер. Өмірде ең бастысы – артыңа өкінбестей әңгіме қалдыру, – деп бозбаланы қолпаштай түсіпті.

Ал екінші қарақшы үнсіз түнеріп отырыпты. Бозбаланың сөзін естігенде терең күрсініп, ауыр үнмен былай депті:

– Қап, бауырым-ай! Сен бізді ерлік иесі көріп жүрген шығарсың. Бірақ біз жүріп өткен жол – адасу жолы. Қайбір жетіскеннен түзде жортып, керуен торып жүр дейсің? Біз де бір кездері сен сияқты пәк едік. Бірақ жаза басып, пенделіктің тар жолына түстік. Енді бұдан қайта алмаймыз. Сен біздің адасқан сүрлеуімізге түспе. Үйіңе қайт та, ар-намысыңмен адал ғұмыр кеш, – деп бозбаланың жүрегіне ізгі ой салыпты.

Біраз заман өткен соң, қос қарақшы тағы да бір керуенді тонамақ болып қолға түсіпті. Олар ел алдында айыпталып, қазының үкімін күткен екен. Қазылар екеуінің де жасаған қылмысын дәлелдеп, мойындарына қойып, жазаға тартуға кірісіпті. Осы кезде топтың арасынан баяғы бозбала шығыпты да, көпшілікке өз басынан өткен жайды айтып беріпті. Ол екінші қарақшының сөзі мен ақылын тыңдамағанда өзінің де осы сот алдында тұруы мүмкін екенін ашық баяндайды.

Мұны естіген хан орнынан тұрып, қазының үстінен жаңа үкімін жариялапты.

– Бірінші қарақшының әрекеті ауыр ғана емес, пиғылы да жаман екен. Өзі бұзылғанымен қоймай, өзгені де бұзуға тырысты. Сондықтан оны өлім жазасына кесемін. Ал екінші қарақшыға келсек, ол жасаған қылмысы үшін кінәлі болса да, жүрегінің тазалығын сақтай білген. Өзгенің де өзіндей рәсуа болмауын қалаған. Оның жасаған қателігіне өкінетінін ескеріп, жазасын жеңілдетемін. Оған өз кінәсін өтеуге мүмкіндік беріледі, – деп ақырғы шешімін айтыпты.

Сөйтіп, қос қарақшының тағдыры әртүрлі жолмен шешіліпті. Бірінің жаман пиғылы түбіне жетсе, екіншісінің жүрек тазалығы оны құтқарған екен.

Солай, күнәһарлар ішінде де күнаға шақырушылар мен күнәдан сақтандырушының дәрежесі тең емес. Бұған осы хикаят мысал бола алады.

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ

Таңбалар: отырартәмсіл
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Нанжемес
Ғибратты әңгімелер

Нанжемес

24.11.2025
Отырарға барсаң, ақынмын деме!
Ғибратты әңгімелер

Отырарға барсаң, ақынмын деме!

19.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Бас мүфти: Құрбандық малын халыққа оңтайлы бағада ұсынуға шақырамын

Бас мүфти: Құрбандық малын халыққа оңтайлы бағада ұсынуға шақырамын

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды
Жаңалықтар

Қазақстанда 11 жаңа петроглиф табылды

03.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00