Жұма, 19 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәжіліс терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл нормаларын талқылайды

28.05.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
Коллаж:

Коллаж:

38
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды. Сондай-ақ бірқатар жаңа халықаралық құжатты жұмысқа алады.

Айта кетерлігі, 23 мамырда Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда бүгінгі жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланған болатын.

Сонымен депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарау енгізіледі. Құжат ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға, атап айтқанда Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (FATF) ұсынымдарына сәйкестендіру мақсатымен әзірленген.

Заң жобасы аясында қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімін кеңейту ұсынылады. Олардың қатарына ұялы байланыс операторларын және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын қосу көзделіп отыр.

Періштелер зиярат ететін үй

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025

Сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілерінің уәкілетті органға күмәнді қызмет жөнінде хабарлама жіберу міндетін енгізу ұсынылады. Бұдан бөлек, қолма-қол түрде мәдени құндылықтарды сатып алу немесе сату, оларды әкелу немесе әкету, сондай-ақ цифрлық активтермен жасалатын операциялар бойынша 5 миллион теңгеге тең немесе одан асатын сомаға шекті мән белгіленеді.

Сонымен қатар заң жобасында қаржылық операциялардың ашықтығын арттыруға, қаржылық мониторинг жүйесін нығайтуға және кірістерді заңсыз жолмен заңдастыруға (ақшаны жылыстатуға) әрі терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар басқа норма да қарастырылған.

Екінші оқылымда депутаттарға Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруға қатысты түзетулерді қарау ұсынылып отыр. Заң жобасын Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына жолдауы аясында берілген тапсырмаларын орындау үшін Үкімет әзірлеген. Бұл түзетулер құқық үстемдігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын әділеттілік пен жауапкершіліктің сәйкестік қағидаттарына сай келтіруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары конституциялық құндылықтары мен негізгі қызмет қағидаттарын тиімді қорғауға бағытталған.

Сонымен қатар депутаттар «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» және ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулерді қарайды.

Жалпы отырыста Мәжіліс бірқатар жаңа халықаралық құжатты жұмысқа алуды жоспарлап отыр. Олар:

Ресей Федерациясымен Қостанайдағы Челябі мемлекеттік университетінің филиалының жұмыс істеуі туралы келісім

Түрікменстанмен қылмыспен күресте ынтымақтастық жөніндегі келісім

Қатар мемлекетімен қазақстандық азаматтарды жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісім

2003 жылғы 25 желтоқсанда жасалған Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Мұнан бөлек, күн тәртібінің жобасында Сенат ұсынған «Аквашаруашылық туралы» заңның жекелеген баптарында жаңа редакцияда енгізілген өзгерістер де қаралады.

Өткен аптадағы Мәжілістің жалпы отырысында Түрікменстан және Қырғыз елімен арадағы келісімдерді ратификациялауға қатысты заң жобалары қабылданып, бірқатар жаңа халықаралық келісім жұмысқа алынған еді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы қарым-қатынас тәуелсіздік алған сәттен бастап достық, ынтымақтастық рухында дамып келеді.

– Өткен жылы қазақстандық инвесторлардан Түрікменстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны – 16,1 млн АҚШ доллары. Бұл – 2023 жылмен салыстырғанда 24% жоғары. Ал 2008 жылдан бастап санасақ, біздің Түрікменстанға құйған инвестициямыз көлемі 113 млн АҚШ долларға жетті. Былтыр Түрікменстаннан Қазақстанға 0,4 млн АҚШ доллар көлемінде инвестиция келді. 2008 жылдан бастап есептесек, 24 млн АҚШ доллар инвестиция құйылды. 2024 жылы екіжақты тауар айналымы 1,3%-ға төмендеп, 555 млн АҚШ доллар болды, – дейді ол.

Депутаттар қабылдаған «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы» заң бойынша баяндама жасаған Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, шарттың мақсаты – қазақ-қырғыз ынтымақтастығының кешенді дамуына қосымша серпін беру. Құжатта саяси, әскери, сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, су-энергетика, білім беру, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және екіжақты өзара іс-қимылды кешенді дамыту ескерілген.

– Осы құжат ары қарай барлық бағытта жұмыс істеуге, одақтастықты жан-жақты тереңдетуге арналған. Құжат Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңес аясындағы, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға жәрдемдеседі. Геосаяси тұрақсыздық жағдайында осы шартты ратификациялау – саяси диалогті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды дамыту және екі мемлекеттің орнықты дамуы үшін берік негіз болады. Қырғыз жағы ратификация рәсімдерін аяқтағаны туралы 2024 жылдың 17 желтоқсанында хабарлады. Бұл шарт халықтарымыздың түбегейлі мүдделеріне сай келеді деп баяндаймыз, – деді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

https://kaz.inform.kz/news/mazhls-akshani-zhilistatuga-terrorizmd-karzhilandiruga-karsi-s-kimil-normalarin-karaydi-858ea6/

Таңбалар: мәжілістерроризм
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды

05.09.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Терроризмге, сепаратизмге және діни экстремизмге қарсы күресте күш-жігер біріктіру өте өзекті
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Терроризмге, сепаратизмге және діни экстремизмге қарсы күресте күш-жігер біріктіру өте өзекті

01.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Құбба

Құбба

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Періштелер зиярат ететін үй
Ғибратты әңгімелер

Періштелер зиярат ететін үй

19.09.2025
Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?
Сұрақ-жауап

Дәрет алуда қандай әдептерді сақтағаным дұрыс?

19.09.2025
Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық
Жаңалықтар

Қазақстан-Мысыр: дін саласындағы ынтымақтастық

19.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою