Бейсенбі, 8 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жамбыл АРТЫҚБАЕВ: «Қазақтану» жобасы қайта жаңғырғаны жөн

24.04.2025
- Сұхбат
0
14
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Биыл елдегі этносаралық татулық пен бірліктің берік тұғырына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына – 30 жыл. Осы мерейлі дата қарсаңында белгілі этнограф, ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевты әңгімеге тартып, Ассамблеяның атқарған істеріне, бүгіні мен болашағына үңілуді жөн көрдік.

– Тəуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы қалай туды? Ол кезде басты мақсат не еді?

– Кеңес дəуірінде ел аумағындағы этносаяси үдерістерді басқару тікелей Мəскеудің құзыретінде болғаны белгілі. «Совет халқын жасаймыз» деген ұранмен бір тіл мен мəдениет негізінде жаппай ассимиляция үдерісі жүрді. Ортақ тіл болады деп елімізге түрлі ұлт өкілі қоныстандырылды. Тəуелсіздік алған кезде аяғын тəй- тəй басқан жас мемлекетімізге осы көпэтносты, көпконфессиялы қоғам мұра болып қалды. Алғашқы жылдары елдің түрлі өңірінде сепаратистік ахуал да байқалғаны белгілі.

Міне, мұның бəрін есепке ала келе, əлем елдеріндегі ассамблеялар тəжі- рибесі негізінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Оның басты мақсаты – этносаралық мəселелерді Ассамблея арқылы шешу, көпэтносты қоғамды тиімді басқарудың бір құралы есебінде пайдалану. Бұл қадам сəтті болып, бірлігіміз бекіп, шаңырақтың шайқалмауына өз үлесін қосты.

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

«Ерлік ескерусіз қалмауға тиіс» Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының әлі де ашылмаған сырлары мен қырлары туралы

06.05.2025
Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ: Түркістан – адыраспан, Шымкент – қызғалдақ!

01.05.2025

Өйткені өткен 30 жылда Ассамблея өте көп жұмыс атқарды. Елдегі тұрақ- тылық пен ынтымақтың сақталуына, ішінара орын алған кейбір кикілжің мен жанжалдардың алдын алуға ықпал етті. Сондықтан мен өз миссиясын дұрыс орындады деген ойдамын. Қазір де Ассамблея елдегі бейбітшіліктің тірегі болып келеді.

– ҚХА жанындағы Ғылыми сараптама кеңесінің алғашқы мүшелерінің бірі ретінде осы құрылымның нақты қандай зерттеулері қоғамға пайдалы болды?

– 2008 жылы Астанаға көшіп келгелі Ассамблеяның жұмыстарына тікелей араласып, атсалысып жүрмін. Соның арқасында өз идеяммен «Қазақстан этностары» атты көптомдықтың жарық көруіне себепші болдым. Біз елімізде қандай этностар бар екенін, олардың мəдениеті, əлеуметтік, қауымдық ерек- шеліктерін жете талдап, танып-білуіміз керек. Осы мақсатта аталған еңбекті өзім бастап жазып, əр этносқа бір-бір кітап арналды. Көптомдықты сол кездегі Мемлекеттік басқару академиясының төрағасы Ералы Тоғжановтың қолдауымен, профессор Айгүл Сəдуақасова басқаратын Социологиялық орталық арқылы жарыққа шығардық.

Тағы бір мысал айтсам, өз тарапымнан ұлтаралық мəселелерге арналған сөздік нұсқасын ұсындым. Кез келген мəселені, əсіресе этносаралық қарым-қатынасқа қатысты дүниені ғылыми деңгейде зерт- теу үшін терминология, ұғымдардың дефинициясы айқындалған болуы шарт. Бұл еңбек осы мақсатта дайындалды. Кейін ол этносаяси сөздік ретінде жарық көрді.

Сонымен қатар «Қазақстандағы қазір- гі этникалық қарым-қатынастар» деп аталатын кітап дайындадым. Бірақ ол басылмай қалды. Себебін білмедім. Оны ең болмаса жалпы оқырманға емес, қызметтік пайдалануға арналған кітап етіп шығаруға болар еді.

Жалпы, біз көпэтносты ел болған- дықтан, қоғамда түрлі мəселелер бол- май тұрмайды. Оны ғылымда «этно- конфликтология» деп атайды. Мұндай жанжалға түрлі себеп табылуы мүмкін: тұрмыстық жағдайлар, жер-су мəселесі, тіпті көрші елдердегі ахуал да түрткі бо- луы ғажап емес. Соның алдын алу үшін мəселенің шығу төркінін, түп негізін білуіміз керек. Жоғарыдағы кітап соның бəрін зерттеу арқылы дайындалды. Пайдасы да зор болар еді.

– Кейінгі жылдары ҚХА-ға қандай жаңа міндет жүктеліп отыр?

– Елдегі саяси өзгерістерге байланыс- ты Қазақстан халқы Ассамблеясы да өз жұмысына өзгеріс енгізіп отырады. Енді алдымызда мүлдем жаңа міндет- тер тұр. Қазіргі күні елде қазақ ұлтының үлес салмағы 70 пайыздан асты. Жақын арада 75 пайызға жетеміз. Кез келген мемлекетте негізгі ұлттың үлесі 75 па- йыздан асса, онда өзге этностарды өзінің артынан ертіп, тілі мен мəдениетіне бейімдеу үдерісі жүре бастайды. Біз қазір осындай межеге жетіп отырмыз. Бұл тұрғыда Ассамблеяға артылатын міндет те басқаша болуға тиіс.

Бүгінде елімізде ұлты, тегі басқа бол- са да, қазақ тілінде сөйлейтін, дүние- танымы мен ділі қазақ болып кеткен адамдар көп. Олардың саны да артып келеді. Бұлар қазақ қоғамында өздерін бөтенсімеуі немесе маргинал болып кетпеуіне оларды қазақ этностық қауымдастығына кіргізу жұмыстарын жүргізуіміз керек. Бұл – кез келген ұлттың тарихында бар нəрсе. Мəселен, қазіргі қазақтың ішінде шыққан тегі қал- мақ, қырғыз, тіпті қытай мен орыстар да аз емес. Бірақ олар ғасырлар бойы осы жерді мекен етіп, тіліміз бен ділімізді қабылдау арқылы қазаққа айналды.

Жуырда Қарағанды облысының ақсақалдар кеңесінде өткен жиынға ар- найы қатысып, этнос құраудың тетігі есебінде «Баталасу» институтын енгізуді ұсындым. Ақсақалдар мен Ассамблея осыны бірігіп жүзеге асыруы керек екенін айттым. Менің ойымша, ендігі уақытта Ассамблея жұмыс бағытын қазақтілді өзге ұлт өкілдерін қазақ ұлтының ай- наласына шоғырландыруға түбегейлі бұрғаны жөн. Бұл елдегі татулық пен бірлікті одан əрі нығайтып, бейбіт қоғам іргесін бекіте түсуге ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

– Біздің білуімізше, осы мақсатта бұған дейін «Қазақтану» жобасы болған еді.

– Иə, Ассамблея тарапынан қолға алынған бұл жобаны дайындау мен іске асыруға мен де белсене атсалыстым. Өте маңызды жоба еді. Аты айтып тұрғандай, негізгі мағынасы – «қазақты тану» болғанымен, екінші мағынасы – «қазақ болу». Біз аймақтарда көп жұмыс істедік. Қазір, өкінішке қарай, бұл жұмыс саябырсып қалды.

Қазір елімізде этносаралық қатынас тұрақты. Дегенмен жағдайды жіті бақылап отыру керек. Жан-жақтан ағылған «жұмсақ күштің» жұлмалауына түспес үшін «Қазақтану» секілді жобаның əрі қарай да жалғасқаны аб- зал. Белсенді ғылыми топтар аймақтар- ға барып, көбірек жұмыс істеуі ке- рек. Халықпен кездесіп, ұлтаралық мəселелер туындап жатса, бірлесіп талқылап, шешімін табуға атсалысып отыру қажет. Аталған жоба аясын- да алғашқы кезеңде «қазақты тану» бағытына баса мəн берілсе, енді «қазақ болу» жағын көбірек ойлау керек.

– Əңгімеміздің соңында қазақтың дəстүрлі дүниетанымындағы «бірлік пен келісім» ұғымдарының түп негізін бірауыз сөзбен түйіндесеңіз.

– Қазақтың дəстүрлі дүниетанымын- да бірлік пен келісімді қазіргідей эт- носаяси ынтымақтастық мағынасында емес, ауыз əдебиеті арқылы басқаша түсіндірген. Мəселен, «Алтау ала бол- са, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел бол- са, төбедегі келеді», «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас» деген мақал- мəтелдеріміз аз емес. Осындай фольк- лорлық ұғымдар – біздің бірлік пен ынтымақ туралы дүниетанымымыз- дың көрінісі. Ата-бабамыздың ұрпаққа қалдырған аманаты. Біздің міндет – осы аманатқа берік болу.

– Əңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: басты тақырыпжамбыл артықбаевҚазақстан халқы Ассамблеясы
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
«Батырларға тағзым» порталы толығып келеді
Қоғам

«Батырларға тағзым» порталы толығып келеді

03.05.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қазақ пен мұсылман – бір ұғым

Қазақ пен мұсылман – бір ұғым

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    73456 бөлісті
    Бөлісу 29382 Твитерге 18364
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2454 бөлісті
    Бөлісу 982 Твитерге 614
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    540 бөлісті
    Бөлісу 216 Твитерге 135

Соңғы жарияланымдар

«Бозоқ» музей-қорығында «Уақытпен үндескен өмір» көрмесі ашылды
Жаңалықтар

«Бозоқ» музей-қорығында «Уақытпен үндескен өмір» көрмесі ашылды

08.05.2025
Зейнеткерлер әскери әндер челленджіне қатысты
Жаңалықтар

Зейнеткерлер әскери әндер челленджіне қатысты

08.05.2025
Мұсылман – көпке пайдалы адам
Видео

Мұсылман – көпке пайдалы адам

08.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою