Сұрақ: Қабір үстіне бейіт, кесене салуға бола ма?
Жауап: Исламда марқұм болған кісіні арулап шығару – мұсылманған міндет. Дінімізге кейіннен енген құлыптастарға марқұмның бейнесін салу, мүсін қашап қою, қабірдің үстіне кесене орнату, басқа да түрлі құрылыстар салу жағдайлары жиі кездеседі. Исламтанушы ғалымдар қабірде кесене көтеруде байлығын көрсету, мақтану және шектен тыс шығындалып, басқада құрылыс жүргізуде марқұмдарға пайдасы мен сауабы тимейтіндігін, босқа ысырап екендігін ескерткен.
Бей-берекет кесене көтеру ысырапшылдығы мен қабір уақыт өте келе тегістелуін ескерген жөн. Шариғатта қабірді жоғалтып алмау мақсатында үстіне белгі қойып, марқұмның аты-жөнін жазып қоюға рұқсат беріледі. Демек, аты-жөні жазылған кіші құлыптас немесе ағаш қою, тал егуге де болады екен. Бейітке түрлі жануарлар кіріп кетпеу, аяқ-асты болмау үшін қоршалап қойған абзал. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде: «Қабірді гипстеуге, үстіне құрылыс салуға әрі үстіне отыруға тыйым салды» деген.
Икрам АЙТАЕВ