Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Мәулен Әшімбаев: Дін көшбасшыларының күш-жігерін біріктіру аса маңызды

15.04.2025
- Жаңалықтар
0
52
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясына сапары барысында «Дін лидерлері әділетті және қауіпсіз әлем үшін» атты дөңгелек үстелге қатысты. Форумда қатысушылар өзара іс-қимылды нығайту және адамзатты алаңдатып отырған өзекті проблемаларды еңсеру тәсілдерін жетілдіру жөнінде пікір алмасты. Іс-шара аясында Сенат Төрағасы Дүниежүзілік ислам лигасының басшылығымен кездесті.

Мәулен Әшімбаев дөңгелек үстелге қатысушыларға ілтипат білдіре келіп, қазір бүкіл әлем жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол осындай алмағайып кезеңде аталған ауқымды іс-шараны ұйымдастырып отырған Дүниежүзілік ислам лигасы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының миссиясы айрықша мәнге ие екенін, бұл бастама халықтар, мәдениеттер және діндер арасындағы байланысты жолға қоюды көздейтінін айтты. Бүгінде геосаяси шиеленіс, экологиялық және экономикалық тұрақсыздық, пандемия сияқты түрлі проблемалар бүкіл әлемнің дамуына айтарлықтай теріс әсерін тигізуде. Осы ретте әртүрлі конфессиялардың, халықаралық және саяси ұйымдардың өкілдерін біріктіретін дөңгелек үстел өткізу сындарлы диалог құру жолындағы маңызды және уақтылы алаң екені анық.

«Біз қазіргі сын-қатерлердің, ең алдымен, ушыға түскен геосаяси шиеленістің салдарын еңсеру жолында күш-жігерімізді біріктіру үшін қасиетті жерде жиналып отырмыз. Бүгінде Таяу Шығыста, Палестинада, Газада қиын жағдай қалыптасып, бейбіт тұрғындар зардап шегуде. Бұл мәселеде қантөгісті дереу тоқтатып, саяси диалогты жандандыру қажет. Аталған процесте Дүниежүзілік ислам лигасы маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ дінге, нәсілге және сенімге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін айыптайтын Мекке декларациясының маңызы мен мәні зор. Құжат әлем жұртын төзбеушілік пен жеккөрушілікке қарсы бірлесіп әрекет етуге үндейді. Сондықтан бұл Декларацияны бәріміз Сауд Арабиясы мен Дүниежүзілік ислам лигасының жаһандық бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлкен үлесі деп қабылдаймыз», – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев дөңгелек үстелде көтерілген мәселелердің өзектілігіне ерекше назар аударып, әлемде әлеуметтік-экономикалық проблемалар да ушыға түскенін атап өтті. Сондай-ақ қалыптасқан рухани дағдарыс және табиғат пен қоғамға тұтынушылық көзқарас та адамзатқа өз салдарын тигізетіні сөз болды. Мұндай жағдайда жаһандық диалогты дамытудың және өзара сенімді нығайтудың жаңа тәсілдеріне деген қажеттілік арта түсетіні анық.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықаралық қауіпсіздіктің берік жүйесін қалыптастыру мәселелеріне үнемі баса мән беріп келеді. Осы мақсатпен Қазақстан Президенті бейбітшілікке шақыратын жаңа жаһандық қозғалыс құру туралы бастама көтерді. Бұл процесте дін көшбасшылары айрықша рөл атқара алады. Биыл қыркүйек айында Астанада «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналған VIII Съезд өтеді. Қазір діни, саяси және қоғамдық көшбасшылардың бірлескен әрекеттері аса маңызды. Сондай-ақ Съезд аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсымен бірлесіп, діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия ұйымдастырылады. Осы орайда Съезд бен Дүниежүзілік ислам лигасының қызметіндегі негізгі басымдықтар ұқсас екенін атап өткен жөн. Біз алдағы уақытта осы жолда Лигамен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Дүниежүзілік ислам лигасы мен Қазақстанда орналасқан Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, дөңгелек үстелге Сауд Арабиясының мемлекеттік органдарының, академиялық топтардың, азаматтық қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Сонымен қатар бұл күні Мәулен Әшімбаев Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Абдулрахман бен Абдулла Әл-Зайдпен кездесті. Онда тараптар қазіргі сын-қатерлерге назар аударып, оларды еңсеру жолдарын талқылады. Сондай-ақ олар түрлі бағыттарда өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасты.

Өз тарапынан Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның жаһандық дінаралық диалогты дамытуға арналған бастамаларын жоғары бағалады және бірлескен жобаларды іске асыру бағытындағы жұмысты әрі қарай жалғастыруға мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, Астанада Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянына арналған халықаралық көрме ұйымдастыру және Ислам өркениеті мұражайын салу жөніндегі мәселелер сөз болды.

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезібасты тақырыпМәулен Әшімбаев
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

03.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

Семей қаласында жаңа Достық үйі салынады

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00