Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Наурызнама – ұлт құндылықтарын ұлықтайтын кезең

16.03.2025
- Қоғам
0
24
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында қазақтың төл жаңа жылы – Әз Наурызды естен шығармаған жөн екенін айтып, оны тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы дегені белгілі. «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек» деді Президент.

Мемлекет басшысының бастамасынан кейін былтыр тұңғыш рет төл мерекені Наурызнама онкүндігі ретінде жаңаша сипатта атап өту дәстүрі өмірге келді. Ұлыстың ұлы күнінің жаңа логотипі бекітілді. «Наурыз» бірыңғай логотипіндегі үш қызғалдақ – уақыттың үш кезеңін, яғни еліміздің кешегі тарихын, қазіргі дамуын және келешек бағдарын бейнелейді.

Биыл да кезекті Наурызнама онкүндігі наурыздың 14-і күні Көрісу күні – Амал мерекесінен бастау алмақ. Тарихи тұрғыдан, Наурызнама – мыңжылдықтардан бастау алатын халқымыздың мәдени мұрасы. Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Егер Наурыз Орталық Азияда, Таяу Шығыста, Кавказда, Балқан елдерінде халықаралық деңгейде аталып өтетін мейрам болса, Наурызнама – кемінде 8 күнге созылатын Ұлы даланың халықтық мерекесі. Бұл туралы кезінде Абай Құнанбайұлы, белгілі этнограф-ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған.

Біз бұдан Наурызнаманың жасанды жаңашылдық емес, керісінше, көпкүндік мерекелеу арқылы оның қыр-сырын ашып, дәстүрлі сипатын дамытуға бағытталған қадам екенін түсінеміз.

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

Маятастағы Балуан тас көтеру оқиғасы

16.03.2026

Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, 2024 жылы онкүндік аясында елімізде 800-ден астам іс-шара, соның ішінде көрмелер, фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер, қайырымдылық акциялары, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бірегей мереке әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы тұрғындарды ұлттық дәстүр төңірегіне біріктіріп, өзара түсіністік пен құрмет атмосферасын қалыптастырады. Береке мен бірліктің мерекесі Наурыз – өткен мен бүгіннің, Қазақстанның түрлі мәдениеттері мен дәстүрлерінің арасындағы көпір.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауында оның маңызын ерекше атап өтті. «Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді», – деді Президент.

Наурызнаманың әрбір күні қоғам өмірінің жекелеген аспектіне арналған. Бұл мерекенің мағынасы мен мәнін тереңдетуге мүмкіндік береді. Жаңару жеке қарым-қатынастардан бастап қоғамдық құндылықтарға дейінгі барлық саланы қамтуға тиіс.

Атап айтқанда, «Көрісу – Амал мерекесі» – аман-саулық сұрасып, ағайынмен кездесулер және игі тілектер айтатын күн. «Қайырымдылық» (қайырымды істер күні), «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» (ұлттық салт-дәстүр мен мәдениет күні), «Шаңырақ» (отбасы күні), «Ұлттық киім», «Жаңару», «Ұлттық спорт», «Ынтымақ» (бірлік пен ынтымақ күні), «Жыл басы» және «Тазару» күні сияқты тақырыптық күндер халқымыздың мәдениеті мен құндылықтардың маңызын айшықтайды.

Наурызнама – ел бірлігін нығайтудың маңызды ішкі факторы ғана емес, сонымен қатар еліміздің сыртқы саясаттағы ұстанымын бекітудің маңызды элементі. Бай тарихы бар, жаңару мен бірліктің символына айналған Наурызнама Рио-де-Жанейро карнавалына, Жапониядағы сакура гүлдеуі мерекесіне, Үндістандағы Холи фестиваліне, Германиядағы Октоберфестке, Испаниядағы Сан-Фермин немесе Томатина фестивальдеріне ұқсас біздің елдің де негізгі туристік бренді бола алады.

Мерекенің онкүндік форматы фестиваль циклін құруға мүмкіндік береді. Онда күн сайын туристерге қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын, ойындарын, музыкасын, қолөнері мен заманауи өнерін таныстыратын жаңа қызықты іс-шаралар ұсынуға болады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі биыл Наурызнама онкүндігі аясында еліміз бойынша халықтың дәстүрлерін, мәдениеті мен тарихын насихаттауға бағытталған 1,5 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланғанын хабарлайды. Атап айтқанда, Астана қаласында «Қамажай» флешмобы, Ақмола облысында креативті индустрия өкілдері мен қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен «Наурыз – Арбат» жобасы, Көкшетауда мыңнан астам әйел қатысатын «Кимешектер шеруі», Ақтөбеде «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» атты ұлттық киімдер шеруі, халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын оятуға бағытталған басқа да көптеген ауқымды іс-шаралар өтпек.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: Наурыз мейрамыНаурызнама
БөлісуТвитергеБөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту
Жаңалықтар

Мақсат – конфессияаралық диалогты нығайту

16.03.2026
В Казахстане отмечают Көрісу күні
Жаңалықтар

Бүгін – Көрісу күні

14.03.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ұлттық бірегейлігіміздің нышаны

Ұлттық бірегейлігіміздің нышаны

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    121020 бөлісті
    Бөлісу 48408 Твитерге 30255
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1599 бөлісті
    Бөлісу 640 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Құран хатым дұғасын жасады
Жаңалықтар

Құран хатым дұғасын жасады

17.03.2026
Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды
Жаңалықтар

Орталық референдум комиссиясы: Жаңа Конституция қабылданды

17.03.2026
Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?
Қоғам

Артық тамақтану ағзаға қалай әсер етеді?

17.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00