Дүйсенбі, 12 Мамыр, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Олжас НАРЫМБЕТОВ: Олар үшін сауатсыз мың адамды тартқаннан сауатты бір адамды арбаған артық

28.02.2025
- Сұхбат, Таңдаулы
0
36
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Дін – қоғамдағы әлеуметтік-мәдени саланың бірі. Сондықтан діни сауаттылық пен діни танымды дамыту әрбіріміз үшін өте маңызды. Әсіресе  жастардың деструктивті ағымдар жетегінде кетпеуі үшін  не істеуге болады? Алдын алудың қандай алғы шарттары бар? Осы тақырып төңірегінде Қызылорда облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Олжас Нарымбетовпен сұхбаттасқан едік.

 – Олжас Жақыпбекұлы, өзіңіз білесіз, діни сауаты жоқ кез келген адам жат ағымдардың жетегінде кетуі мүмкін. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Оны алдын алу үшін не істей аламыз?

– Иә, дұрыс айтасыз. Әуелгі мәселе сауаттылықпен байланысты болған соң, кез келген мектеп оқушысына әуелі әліппенің үйретілгені секілді балаларға алғашқы негізгі діни негіздер мен мағлұматтардың қысқаша болса да үйретілгені маңызды деп есептеймін. Ислам діні болсын және өзге діндер болсын жастардың ақпараттандырылуы қажет. Себебі әр саланың лайықты маманы болу үшін сол саланы шығу тарихынан және негізгі деректерінен бастап зерттеу қажет. Діни мәселе де сол секілді. Қоғамда адамдардың жат ағымға еріп кетпесі үшін әуелі діни ақпараттарды өзінің ақыл тұрғысынан сүзгіден өткізе алуы қажет. Дін тек әр түрлі саладан ғана қамтылмаған. Дін ол адамдардың өмір сүру салты, мәдениеті, қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасы т.б. өмірлік қажеттіліктерді қамтып жатқан дүние. Дін – ол өте нәзік. Сол себепті діни мәселеде өте жауапкершілікпен қарау маңызды. Діни проблеманың алдын алуда осы жауапкершілікті тек дін саласының мамандарымен емес жалпы қоғам болып атқаруда.

 – Жат ағым өкілдерінің негізгі белгілері қандай?

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы

12.05.2025
Мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

Мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

12.05.2025

–  Жат ағым өкілдерінің бірнеше белгісі бар. Әуелі сыртқы бейнесінен, яғни киім кию үлгісі және түр сипатынан аңғаруға болады. Ер азаматтардың ұзын сақалды және шолақ балақты болуы. Әйел азаматшалардың толықтай қара жамылып киінуі секілді сипаттарынан білеміз.

Екіншіден, қоғамда тек өздерін ғана ақиқат жолындамыз деп есептейді. Басқаларға адасқандар деп үкім шығарады. Қоғамдағы дінбасыларға және имамдарға бағынбайды. Оларды да адасқан және білімсіз деп санайды. Еліміздің дәстүрлі сенімі мен мәзһабтарды жоққа шығарады. Адамдарды «тура жолдағылар» мен «адасқандар» деп екі топқа бөліп қарастырады. Ұлттық құндылықтарымызды, жалпыға тән салт-дәстүрлерді мойындамайды. Зайырлы тұрғыдағы мерекелер мен шараларды тойлаудан бас тартады. Мемлекетіміздің заңдарын, басқару құрылымдары мен билік органдарын мойындамайды, бағынбайды. Азаматтық міндет болып саналатын әскерге бару немесе вакцина қабылдаудан  бас тартады. Ең көп көзге түсетін белгілердің бірі де қоғамдағы әйелдердің құқығын таптауы. Оларға құдды бір бұйым немесе пайдаланатын зат секілді қарауы. Некелесіп, ұзақ уақыт өтпестен ажырасып абыройына нұқсан келтіру сияқты себептерін айтсақ болады. Соңғы уақыттарда жат ағым өкілдерінің белгілері жаңаша сипатқа ие боп жатқандығы байқалуда. Оған мысал ретінде әлеуметтік желілерде психологиялық дайындықтарын қолдана отырып адамдарды адастыруын айтуға болады.

– Деструктивті діни ағым ұстанушылары көзі ашық, оқыған адамдарды да өздеріне ілестіріп, топтарына қосып алады. Мұның сыры неде? Арбау сәтінде олар неге мән береді?

–  Ол рас. Тіпті діни сауаты бар адамдардың да жат ағымға кетіп жатқандары жоқ емес. Олардың қатарында жоғары ғылыми дәрежесі бар немесе бұрын мемлекеттік құзырлы органдарда лауазымды қызмет атқарған азаматтар да жетерлік. Жалпы білімге, ғылымға құштар адамның әділдік пен тұрақтылық ұстанымының жоғары болатыны мәлім. Осы сипатқа ие адамның жат ағымның идеологиясына алдануы және сол сенімін салыстырмалы түрде барлығынан «дұрыс» деп есептеуі жат ағым арбаушыларының басты мақсаты десек болады. Шенді әскери адамның адасқан сәттегі өзгеруін мысал ретінде келтірсек болады. Яғни, әсери адам жат ағымның құрығына түскен күннен бастап нағыз «қарулы джихад» жолында өз жанын құрбан ете алатын, қару-жарақтың сырын толықтай түсінетін таптырмас соғыс құралына айналары сөзсіз. Бұның себебі де арбаушының психологиялық тұрғыдан дайындығының көрсеткіші.

Ғылым жолында тер төгіп, еңбек етіп, түрлі кітаптар жазып, көпшіліктің алдында өзінің насихатын жүргізіп жүрген бір ғалымның осыншама еңбегі еленбей қалса, оның қоғамға деген өкпе-реніші жат ағым өкілдерінің назарына ілінетін қайталанбас мүмкіндік десек болады. Себебі қоғамда еленбей қалған ғалым жат діни ағымның құрығына түскен сәтте нағыз дайын радикалды уағызшыға айналары сөзсіз. Радикалдардың көздеген мақсаты да осы. Олар үшін қарапайым халыққа қарағанда, қоғамда беделді орны бар азаматты құрығына түсіру пайдалы қазба тапқанмен тең. Сауатсыз мың адамды тартқаннан, сауатты да білімді бір адамды арбауы сауаптырақ іспетті. Себебі радикалды ғалым сол сауатсыз мыңдаған адамды өз идеологиясына тартып насихаттай алатын бірден-бір адам. Бұл деген олардың миссиясының айқын жеңісі секілді.

–  Діни білім алуға ұмтылған жастарға не айтасыз?

– Қазіргі кезде жастардың дінге қызығушылығының артуы қуантарлық жағдай. Дегенмен әр жақсы көрінген нәрсенің жанында жаман нәрсенің де тепе-тең жүретіні ақиқат. Егер дінді радикалдар емес, тек қана сенімді дін мамандары насихаттайтын болса діни проблема мен адасушылық мүлде болмаушы еді…Діни білім алғысы келетін немесе дін маманы болғысы келетін жастарға айтқым келетіні, қазақта керемет айтылған дүние бар «тауық сойса да, қасапшы сойсын»-деген. Дінді үйренерде ең алдымен діни мағлұматтарды білікті маманынан алыңыз. Өмірлік бағыт-бағдар беретін сенімді имам немесе ұстазыңыз болсын. Соңғы кездерде шет мемлекеттерде білім алғысы келетін жастардың қатары көбеюде. Діни білім алуға ниеттеніп шетел асып жатқан жастар да аз емес. Жалпы кез келген саланың лайықты маманы болу үшін шет елдерде өз тәжірибесін арттыру жақсы мүмкіндік. Десек те, «әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» демекші өзге елдің ішіндегі діни тұрақтылық пен ұстану ережелері өзге бір елдің ұстанымына, дәстүріне сәйкес келе бермейтінін ұмытпаған жөн. Дінге қызығып жүрген жастарға айтарым, ең әуелі қазақтың әдебиеті мен тарихын, ондағы діннің орны және сал-дәстүрмен сабақтастығын жақсылап зерттеңіз. Себебі, жат ағымдарға ілесіп кетудегі себептердің бірі де ұлттық салт-дәстүр мен тарихты ұмыту болып табылады. Елімізде діни білім алатын оқу орындары жоқ десеңіз қателесесіз. Өз кезегінде шетелде діни білім алғысы келетін жастарға діннің негіздері мен қағидаттарын әуелі еліміздегі отандық діни білім беру орындарында үйренгені абзал. Келесі кезекте сол алған діни білімін шыңдау мақсатында шет елдердегі мемлекеттік университеттерде жалғастыруға кеңес берер едім.

– Мазмұнды сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Балауса ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ,

журналист

Таңбалар: Діни сауатсыздықжат ағымОлжас Нарымбетов
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Бас мүфти: Жастарды діни ағым идеологиясынан сақтандыру – аса маңызды жұмыс
Ислам

Бас мүфти: Жастарды діни ағым идеологиясынан сақтандыру – аса маңызды жұмыс

18.04.2025
Жат ағымның пәрмені
Видео

Жат ағымның пәрмені

16.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рамадан-2022: Расписание времени поста и намаза по городам Казахстана

Қазақстан қалаларындағы ораза ұстау кестесі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Көп қаралғаны

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    74317 бөлісті
    Бөлісу 29727 Твитерге 18579
  • Сәби шағында қайтыс болған бала ата-анасына шапағатшы бола ма?

    2464 бөлісті
    Бөлісу 986 Твитерге 616
  • Баланы қай жаста сүндеттеген дұрыс?

    544 бөлісті
    Бөлісу 218 Твитерге 136

Соңғы жарияланымдар

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы
Мемлекет және дін

Дін тақырыбын зайырлылық тұрғыда қозғаушы журналистің саяси жағынан өзін-өзі қадағалауы

12.05.2025
Мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді
Жаңалықтар

Мешіт қызметкеріне қажылыққа жолдама берілді

12.05.2025
Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды
Жаңалықтар

Ақын Темірхан Медетбек өмірден озды

10.05.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2024 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою