Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Дін көшбасшылары съезінің маңызын баяндады

19.02.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
77
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Бахрейн астанасы – Манама қаласында өткен ислам диалогын нығайту жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Палата Спикері Форум алаңында Әл-Азһардың Жоғарғы имамы Шейх Ахмед ат-Тайебпен, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх-ул-ислам Аллахшукюр Пашазадемен және Конференцияға келген басқа да бірқатар қатысушымен екіжақты кездесулер өткізді.

Бахрейнге сапар аясында Сенат Төрағасы осы елдің Королі Хамад бен Иса Әл-Халифамен де кездесті. Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Бахрейн Корольдігі еліміз үшін Парсы шығанағы аймағындағы маңызды серіктестердің бірі екеніне назар аударды. Сондай-ақ ол Қазақстан Корольдікпен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Халықаралық конференцияның пленарлық сессиясында сөз сөйлеген Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда адамзат ішкі қайшылықтар, геосаяси тұрақсыздық, қарулы қақтығыстар, экстремизмнің насихатталуы сияқты жаһандық сын-қатерлерге тап болып отырғанын айтты. Сенат Спикері бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, мұндай халықаралық шиеленіс радикалды идеологияларды тарату, ксенофобия мен жеккөрушілікті қоздыру үшін жиі қолданылатынын тілге тиек етті. Мәулен Әшімбаев осы тұрғыдан келгенде Бахрейндегі конференция бейбітшілік пен бірлікті нығайту және халықтар мен мәдениеттер арасындағы диалогты жүйелі жолға қою бағытында уақтылы қолға алынған маңызды алаң ретінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

«Конференция халықаралық қоғамдастық үшін аса маңызды кезеңде ұйымдастырылып отыр. Дүниежүзі бетпе-бет келген бүгінгі сын-қатерлер мұсылман әлеміне ғана емес, бүкіл жаһандық тәртіптің негіздеріне қауіп төндіруде. Осы орайда ислам диалогын дамытуға арналған бұл конференция дер кезінде қолға алынған іргелі бастама екенін атап өткен жөн. Бахрейннің осы бағыттағы игі істері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бейбітшілік пен диалог мәдениетін ілгерілетуге арналған бастамаларымен үндес. Бейбітшілік мен төзімділік идеяларын ілгерілету жолында Бахрейн Корольдігінің 2017 жылғы декларациясы мен «Шығыс пен Батыстың бейбіт қатар өмір сүруі үшін» ұранымен өткізілген Бахрейн диалог форумы да шешуші рөл атқарды. Сондай-ақ Король Хамадтың Бейбіт қатар өмір сүру жөніндегі жаһандық орталығы да осы прогрессивті ұстанымды белсенді түрде дәріптеп келеді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы конференцияның панельдік сессияларында дін тақырыбымен қатар көтерілген ғылым, білім, әйелдердің рөлі және басқа да тұжырымдамалық аспектілерді қамтитын мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Сенат Спикері Қазақстан халықаралық аренада белсенді дәріптеп келе жатқан бейбітшілікті, келісімді және өзара сенімді нығайтуға арналған негізгі тәсілдерді де атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел ішінде де, әлемдік аренада да бірлік, өзара түсіністік және конфессияаралық диалог мәдениетін дәйекті түрде дәріптеп келеді. Қыркүйек айында Астанада «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбына арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі өтеді. Бұл бастама 20 жылдан астам уақыттың ішінде қазіргі өзекті проблемаларды шешуге рухани көшбасшылардың күш-жігерін жұмылдыратын беделді алаңға айналды. Съезд аясында Жас діни лидерлер форумы да өткізіліп келеді», – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы.

Таңбалар: Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіБахрейнМәулен Әшімбаев
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысы мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға баса мән беріп келеді
Жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев: Мемлекет басшысы мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға баса мән беріп келеді

13.02.2026
Діндер съезінің маңызын атап өтті
Жаңалықтар

Діндер съезінің маңызын атап өтті

05.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Дінаралық достыққа шақырған жүздесулер

Дінаралық достыққа шақырған жүздесулер

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120907 бөлісті
    Бөлісу 48363 Твитерге 30227
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00