Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұшақтан үрейіңіз ұша ма?

15.01.2025
- Қоғам, Таңдаулы
0
88
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ақтау маңында Әзербайжан әуе жолдарына (AZAL) тиесілі Embraer E190 ұшағының апатқа ұшырауынан кейін көпшілікті «Әуе тасымалы қаншалықты қауіпсіз?» деген сұрақ мазалап жүр. Елімізде ұшақтан бас тартып, билеттерін пойызға ауыс­тырып жатқан адам көп. Жұрттың бұл қорқынышы мен абыржуы қаншалықты орынды? Ұшақ шынымен өмірге қауіпті көлік пе?

Халықаралық әуе көлігі қауым­дастығының (IATA) бағалауынша, 2024 жылы әуе тасымалының қауіпсіздігі кейінгі 5 жылдағы орташа деңгейден сәл жоғары. Дегенмен 2023 жылға қара­ғанда, былтыр апат саны өскен. Алдыңғы жылы әлемде 29 ұшақ апаты болса, былтыр мұның саны 42-ге жеткен.

IATA мәліметінше, әрбір миллион­ әуе рейсіндегі қайғылы жағдайлар коэф­­фициенті орташа есеппен 1,21-ді құрайды, яғни бұл – 830 мың ұшақтың (немесе ұшудың) біреуі құлайды деген сөз. Жыл сайын жолаушылар ұшақ­тары шамамен 40 миллион рет көкке көтеріледі. Соның ішінде былтырғы 42 апат аз ба, көп пе? Басқаша айтқанда, бір адам әуе апатына түсу үшін кемінде 25,2 мың жыл бойы күн сайын ұшаққа отыруы керек екен.

Мамандар салыстырмалы түрде ал­ғанда, ұшақтың автокөлікке қарағанда әлдеқайда қауіпсіз екенін айтады. Жалпы, қазіргі таңда әлем бойынша ұшақтар күн сайын 120 мың рейс жасап, 12 млн-дай адамды тасымалдайды. Яғни әр ұшақта орта есеппен 100 жолаушыдан болады деген сөз. Біз жоғарыда жылына 30-40 ұшақ құлайтынын айттық. Сол апаттарда жыл сайын әлем бойынша мыңға жетер-жетпес адам қаза табады екен.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Ал ІІМ-нің мәліметінше, бір жылдың ішінде біздің елімізде көлік апатынан 2,5-3 мың адам дүние салады. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл жыл сайын кемінде 25-30 ұшақ құлағанмен парапар!

Тағы бір мәселе – Ақтаудағы апаттан кейін жұрт арасында ұшақтың артқы бөлігі қауіпсіз деген пікір қалыптасқаны белгілі. Шын мәнінде солай ма? 2012 жылы АҚШ пен Ұлыбританияның бірнеше телеарнасы қашықтан бас­қарылатын «Boeing 727» ұшағын Сонора шөліндегі кеуіп қалған көлдің орнына құлатып, оның қай бөлігі қауіпсіз екенін арнайы тексерістен өткізген еді. Сонда ұшақ салонының артқы жағында отырғызылған манекендердің мүлдем зақым алмағанына көздері жеткен.

Дегенмен мамандар әр апаттың өз ерекшелігі болатынын ескертеді. Егер ұшақ құлаған кезде құйрық жағы жерге бірінші соғылса, артындағы адамдар көбірек зақым алуы мүмкін. Сондай-ақ апат кезінде ұшақ өртке оранса, жолаушылардың тірі қалу мүмкіндігі әлдеқайда азаяды.

Тағы бір мысалға назар салсақ, әлем­дік авиация тарихында қаза тапқан адамдар саны жағынан ең үлкен әуе апаты 1985 жылы Жапонияда болған. Токиодан ұшып шыққан «Boeing 747» ұшағы көп өтпей тауға соғылып, ішіндегі 524 адамның төртеуі ғана тірі қалған еді. Бір қызығы, олардың бәрі де ұшақтың ең артқы бөлігінде отырған болып шықты. Бұл деректер шын мәнінде ұшақ салонының артқы бөлігі қауіпсіз екенін көрсетсе керек.

Статистика мәліметтері әуе апаттарына негізінен адами фактор себеп болатынын айтады. Дегенмен кейінгі 10 жылда ең көп адам қазасы тіркелген ұшақ апаттары жердегі әуе қорғаны­сы күштерінің атып түсіруі салдарынан болған. Мәселен, 2014 жылы Донбасс аспанында 298 жолаушысы бар малайзиялық Boeing ұшағын ресей­лік «Бук» зымыран-зениттік кешені атып құлатты деп мәлімделсе, 2020 жылы Иран­­­ның әуе күштері Украинаның жолаушылар ұшағын америкалық зымыран деп қателесіп атып түсіргені белгілі. Ақтау маңында құлаған әзербайжандық ұшаққа да Грозный аспанында оқ жарықшақ­тары тигені айтылып жатыр. Дегенмен апаттың ақ-қарасы «қара жәшікті» тексеру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін нақты белгілі болмақ…

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: апатҚауіпсіздік
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мұсылман үшін қоғамда жүріп-тұру ережелері бар ма?
Қоғам

Сана саулығы – қоғам қауіпсіздігі

13.10.2025
Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?
Қоғам

Оқушының оғаш қылығына кім жауапты?

16.09.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Ғұсыл, дәрет алғаннан кейін күмәндана беремін…

Ғұсыл, дәрет алғаннан кейін күмәндана беремін...

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00