Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Орал: Қадыр ақынның 90 жылдығы кең көлемде аталып өтпек

05.01.2025
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
234
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгін — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлидің туған күні.

Қадыр Мырза Әлі атындағы БҚО мәдениет және өнер орталығынан мәлім еткеніндей, ақынның 90 жылдығына орай іс-шараларды «Дәуір дарабозы» атауымен жыл бойы өткізу көзделіп отыр.

Атап айтқанда, ақынның 90 жылдығы 13 қаңтар күні «Қазанаты қазақтың…» атты әдеби-сазды кештен бастау алады. Алдымен Қадыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, содан кейін орталықта өлең оқылып, ән шырқалады.

Наурыз айында Қазақстан композиторларының күйлеріне поэтикалық туындылар жазудан «Күй мен ақын» атты аймақтық байқау ұйымдастырылмақшы.

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025

Сәуірде «Қадыр — қазына» жобасы аясында БҚО-ның асабалары арасында «Қадірлі қазақ» атты ақынның өлеңдері мен қағытпа әзілдерін және афоризмдерін жаттаудан облыстық байқауға кезек келеді. Сондай-ақ «Замана заңғары» атты балалар анимациялық фильмінен облыстық байқау өткізіледі.

Мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай батысқазақстандық майдангер ақын Абдолла Жұмағалиев пен Қадыр Мырза Әлінің Отан, туған жерге сүйіспеншілігін дәріптеу мақсатында майдан әндерінен «Өлмес өмір» атты облыстық ардагерлер байқауының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталады.

Осы айда жұртшылық халық театрлары арасында «Правом жоқ өлуге!» атты республикалық балалар театр фестиваліне куә болады.

Маусым айында ақынның 90 жылдығы мен 2015 жылы ашылған орталықтың 10 жылдығына орай қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт қойылады.

Қыркүйекте Жайықтың қос қыраны Жұбан мен Қадыр шығармаларының тақырыптық, үндес өлеңдерінен «Шың мен заңғар» атты аймақтық-республикалық дуэт-байқауы жоспарланған.

Биыл Қазақстанның халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының иегері Жұбан Молдағалиевтің де туғанына 105 жыл толады.

Қазан айында Қадыр өлеңдерін жатқа оқудан республикалық «Қадыр оқулары» байқауы мәресіне жетеді.

Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген.

Бала Қадыр негізінен Жымпиты кентіндегі интернатта тәрбиеленді. Ол 1949 жылы Жымпиты орта мектебінің жеті класын үздік бітірді.

1953 жылы Алматы қаласындағы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1958 жылы тәмамдаған.

Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.

Тұнғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында жарияланды.

1962–1965 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне екі рет депутат болып сайланды, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

«Ой орманы», «Дала дидары», «Ақ отау», «Домбыра», «Көш», «Жерұйық», «Алақан», «Қорамсақ», «Қызыл кітап», «Күміс қоңырау», «Мәңгі майдан», «Биік баспалдақ», «Үкілі үзінділер», «Алаштың арманы», «Жазмыш», «Еңіреп өткен ерлер-ай», «Иірім», «Шырғалаң», «Алмас жерде қалмас» сынды көптеген кітаптардың авторы. Таңдамалы жинақтары да жарық көрді.

Әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асқан. Олардың көбі халыққа кең тарады, «Күндер-ай» атты жеке кітап болып басылып шықты. Талантты ақын қаламынан халық фольклорының атақты күлдіргі кейіпкері Алдар көсе жайлы «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты өткір сатиралы комедия мен Махамбеттің ең соңғы азапты күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты және «Әмір Темір» кесек драмалық шығармасы жарық көрді.

Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Әлемдік әдебиет ғұламаларының шығармаларын қазақ тіліне аударды. Талантты ақынның өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылып, шетелдіктер тарапынан өте жоғары бағаланды.

Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.

Қадыр Мырза Әлі 2011 жылдың 24 қаңтарында 76 жасында дүниеден өтті.

— Күлетін жерде күлген жөн

Не істеуді дұрыс білген жөн.

Түнеріп тірлік кешкенше,

Жарқылдап өле білген жөн, — деп ақынның өзі жырлағанындай, Қадыр өмірден алмастай жарқылдап өтті.

Артына халқына талай ғасырлар бойы азық болар мол мұрасын қалдырып кетті.

Қайнар көзі: inform.kz
Таңбалар: АқынОрал
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Өмір – өзен: Астанада Мұхтар Шахановтың кеші өтті
Жаңалықтар

Өмір – өзен: Астанада Мұхтар Шахановтың кеші өтті

03.07.2025
Отандық дінтану ғылымындағы жаңа белестер
Жаңалықтар

Отандық дінтану ғылымындағы жаңа белестер

25.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
2024 жылы 702 087 уағыз-насихат айтылды

2024 жылы 702 087 уағыз-насихат айтылды

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Ясауидің алғашқы ұстазы – Ақ Ата
Ислам

Дәстүрлі Исламның дамуына үлес қосқан тұлғалар

22.09.2025
«Қамқорлық» қақпаны
Видео

«Қамқорлық» қақпаны

22.09.2025
Елімізде террористік қылмыс жасаған 12 адам сотталды
Жаңалықтар

Радикалды идеяларды насихаттаған қазақстандық бес жылға сотталды

22.09.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою