Ағылшын тілі деңгейінің EF English Proficiency Index (EF EPI) рейтингі бойынша Қазақстан он жылдан астам уақыт бойы соңғы орындарды иеленіп келеді. EDU Stream халықаралық тіл академиясының сарапшылары бұл рейтингтің стандарты қандай, неге назар аудару керек және елімізде шет тілінің деңгейін көтеру үшін не істеу керегін айтып берді.
EF EPI – бұл адамның шет тілін оқу қабілеті мен естігенде қалай қабылдайтынын көрсететін стандартталған тест. Осыған орай, аталған тест респонденттің сөйлеу немесе жазу деңгейін тексермейді. EF EPI мақсаты – адамның ағылшын тілін меңгеруде 6 деңгейінің (CEFR жіктемесіне сәйкес – Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті) қайсысын білетінін анықтау. Тест нәтижесінде, мемлекет ағылшын тілін білу рейтингінің бірін:
Өте жоғары – 600-ден жоғары индексті
Жоғары – 550-599 индексті
Орташа – 500-549 индексті
Төмен – 450-499 индексті
Өте төмен – 450-ден төмен индексті иеленеді.
Осы рейтингке он үш жыл бойы қатысқанда отандастарымыз 412-447 балл жинады, бұл ағылшын тілін меңгеру деңгейінің төмендігін көрсетеді. Яғни нәтиже аталған тестті тапсырған жерлестеріміз ағылшын тілінде өзі жайлы айтып бере алады (есімі, жасы, елі), қарапайым белгілерді, шетелдік туристтерді түсінеді және оларға бағыт беруге қауқарлы дегенді білдіреді.
– EF EPI халықаралық рейтингі – елдегі ересек топтың ағылшын тілінің деңгейін анықтайтын рейтинг екенін ерекше атап өткім келеді. Мысалы, 2024 жылы осы тестті 18 жастан бастап тапсырған, ал қатысушылардың орташа жасы 26 болған. Аталған рейтингте 13 жылдан бері қатысып келе жатқанымызды ескерсек, тесттен өткендердің орта жасы 26. Сәйкесінше, бұл қазіргі білім беру бағдарламасының емес, бұрынғы жылдардың көрсеткіші. Және бұл мектептің емес, университеттер мен колледждердегі ағылшын тілінің оқыту деңгейі төмен екенін білдіреді. Тағы бір маңыздысы, осы рейтингке қатысқан он үш жылдың нәтижесін алсақ, біз балл жағынан төмен түспедік, бір деңгейде тұрмыз – бұл да жақсы деген сөз, – деп атап өтті EDU Stream халықаралық тіл академиясының бас директоры Наталья Мұхамеджанова.
«Дүниежүзінде тесттің түрі көп, алайда бүгінгі таңда IELTS пен TOEFL көш бастап тұр» дейді ағылшын тілін оқытумен қатар, ағылшын, француз, неміс және орыс тілдерінен отандық мектептерге оқулық әзірлейтін бірнеше жылдық тәжірибесі бар сарапшылар. Бұл тесттер сөйлеу мәнерінің барлық ауқымын: оқу, жазу, сөйлеу және есту қабілетін қамтиды. Сол себепті, тест барлық көрсеткіштің орташа баллын анықтайтынын естен шығармау керек дейді мамандар. Және ағылшын тілін жақсарту үшін, оған мұқиятпен қарауымыз қажет.
– Шет тілін жақсы меңгеру үшін адамды ынталандырған маңызды. Осы мақсатпен біз еліміздегі мектептер ішінде 8 жыл бойы «EDU Stream Zhuldyzdary» конкурсын өткізіп келеміз. Оған оқушылар мен ұстаздар қатысып, ағылшын тілінде сайысқа түседі. Және 2016 жылдан бері – жаңартылған оқу бағдарламасы енгізілгелі – орта білім беру саласында ағылшын тілінің деңгейі артып, сұранысы өскенін көріп отырмыз. Сондықтан қазақстандықтардың халықаралық рейтингтерде ағылшын тілін білу көрсеткіші осы жаңартылған оқу бағдарламасымен оқып жатқан бүгінгі оқушылар мектеп бітіргенде, тесттерге респондент ретінде қатысқанда жақсаруы мүмкін.
Мен үнемі айтып жүрген пікірімді тағы қайталағым келеді: балаларға оқуға кедергі жасамаған маңызды! Олар қол жеткізген көрсеткіштер жақсы. Бүгінгі заман баласының көбі екі шет тілін білетінін байқап жүрміз. Жас ұрпақтың бойындағы қабілеті басқа, EF EPI тестін тапсырған ересектерге қарағанда олар анағұрлым коммуникацияға икемді. Біз өз тарапымыздан қазіргі білім бағдарламасына араласып, сынай беруді доғаруымыз қажет, неге десеңіз, аталған рейтинг біз сияқты ересек топтың ағылшын тілін білу деңгейі «өте төмен» екенін көрсетті. Тағы бір маңызды мәселе, отандық ұстаздар – олар өздерінің ағылшын тілінің, міндетті сауаты мен оқу сауатының деңгейін, сондай-ақ сабақ беру әдіс-тәсілдерін және АКТ-сын шұғыл түрде барынша жауапкершілікпен қарап көтергені абзал. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіштеріміз заманымен етене өскен баланікімен бірдей екенін ашық мойындау керек. Алдымен өзіміз өзгеруіміз қажет, әйтпесе ілесе туындап келе жатқан Жасанды Интеллект мәселесі болашақта бізге қиындық туғызады, – дейді Наталья Мұхамеджанова.
Бүгінгі таңда Оқу-ағарту министрлігі мектептерге ағылшын тілін меңгеруге 5 үздік халықаралық баспа әзірлеген нұсқада ұсынған, ол оқулықтар бойынша дүние жүзі оқып жатыр. 2010-жылмен салыстырғанда бүгінде отандық мектеп ұстаздарының аталған пәнді оқытқанға таңдайтын оқу-әдістемелік кешен түрі мол дейді сарапшылар. Олай болса, еліміздің оқушылары ағылшынды әлемдегі ең үздік әдістермен меңгеріп жатыр деген сөз, ал педагогтар деңгейіне келсек, ол бөлек әңгіме.
EDU Stream – Халықаралық тіл академиясының Алматыда, Астанада, Мәскеуде және Венада кеңсесі бар. Компания 2014 жылы ағылшын тілі мектебі ретінде құрылып, бүгінде көп салалы кластерге айналды. Ағылшын, француз, неміс және орыс тілі пәндерінің оқулығын дайындайды. Үш шет тілі мектебінде жүздеген адамды оқытады, мектеп ұстаздарына тегін семинарлар өткізеді, шетелдік жоғарғы оқу орнына түсуге консалтинг қызметін көрсетеді және кәсіпке бағыттау жөнінде кеңес береді.
EDU Stream британдық Express Publishing баспасының Қазақстандағы эксклюзивті өкілі. Қазақстан мектептерінің 70% ағылшын тілін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасына сәйкес Express Publishing әзірлеген ОӘК бойынша оқиды.
EDU Stream үздік әдіскерлер мен халықаралық авторлардан тұратын өзінің пулын құрып, бүгінде ол әдіскерлер лабораториясына айналды және Қазақстан ұстаздарына арналған бірегей оқу бағдарламасын жазып, түрлі аймақта тегін семинарларлар мен вебинарлар өткізеді.
Кәсіпті адал жүргізгені және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі үшін EDU Stream «Мейірімділік керуені» (2021), «Сала көшбасшысы» (2019, 2020, 2021), «Жыл таңдауы» (2019, 2020, 2021) конкурстарында беделді марапаттарды иеленді.
БАҚ хабарласатын контакт: +7 701 758 5042