Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бала құқын қорғау мәселелері талқыланды

01.12.2024
- Жаңалықтар
0
35
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғау: даму жолындағы жетістіктер мен алдағы басымдықтар» атты конференцияға қатысты. Сенат пен ЮНИСЕФ бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына арналды.

Конференцияда депутаттар, мемлекеттік органдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері аталған бағыттағы бірлескен жұмыстың мақсат-міндеттерін белгілеп, бала құқықтарын қорғау жөніндегі бастамаларды одан әрі арттыруды көздейтін ұсынымдар әзірледі.

М.Әшімбаев атап өткендей, БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы – әлем бо­йынша балалардың құқық­тарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған негізгі құжат. Конвен­ция – Қазақстан тәуел­сіз­дік ал­ғаннан кейін ратифика­ция­лаған алғашқы халықаралық шарттардың бірі. Сондықтан ол балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдіру ісінде маңызды рөл атқарды.

«Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қам­та­масыз ету – Қазақстанның мем­­лекеттік саясатының ма­ңыз­ды бағыттарының бірі. Бұл мәселеге Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі баса мән беріп келеді. Бала құқықтары туралы конвенция әлемдік қоғамдастық үшін үлкен маңызға ие және ол біздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастығымызға негіз болды. Осы жылдар ішінде Қазақстан мен ЮНИСЕФ бір­лесіп, түрлі бағдарламалар мен бастамаларды іске асырды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Білім беру сапасын жақсарту және инклюзивті білім беру жүйесін қалыптастыруға арналған реформалар жүзеге асырылып жатыр. ЮНИСЕФ-тің көмегімен елде бала құқықтарының іске асырылуын бағалау және оған мониторинг жүргізу үшін Қазақстан балаларының хал-ахуал индексі енгізілді», деді палата спикері.

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025

Осы орайда М.Әшімбаев елімізде «Ұлттық қор – балаларға» бағ­дарламасы Бала құқықтары жөнін­дегі конвенцияның рати­фика­цияланғанына 30 жыл толған кезеңде қолға алынуының симво­ликалық мәніне назар аударды.

Конференция барысында бала мүддесін қорғауға кедергі келтіретін қазіргі сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары, соның ішінде аталған бағыт­тағы ұлттық құқықтық жүйені жетілдіру мәселелері талқыланды.

Сенат төрағасы өз сөзінде Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастығының негізгі басымдықтарының бірі бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық озық тәжірибелерді интеграциялау мүмкіндігі екенін айтты. Сондай-ақ Парламент Сенатының ЮНИСЕФ-пен бірлескен заңнамалық бастамаларына, оның ішінде балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға, осал санаттағы балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдауға арналған құқықтық тетіктерге назар аударды.

«Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік айрықша маңызға ие. Осыған байланысты биыл сәуір айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел заңнамасына өзгерістер мен толықтыру­лар енгізілді. Сол арқылы балалар­ға қатысты зорлық-зомбылық­тың кез келген түрі үшін жауап­кер­шілік айтарлықтай күшей­ді. Осы және басқа да бастамалар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған реформалардың ажырамас бөлшегі екенін атап өткен жөн. Оның бәрі Әділетті Қазақ­стан қалыптастыруды көздей­ді. Біз алдағы уақытта да ЮНИСЕФ-пен серіктестікті нығай­туды жалғастыра береміз және жаңа идеялар мен жобаларды іске асыруға дайынбыз», деп М.Әшімбаев бала құқықтарын қорғау жолындағы тиімді бірлескен жұмыс үшін ЮНИСЕФ-ке және барлық серік­тестерге ризашылық білдірді.

Іс-шара барысында сарапшылар басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Нақты айтқанда, баланың қалыптасуына ақпа­рат­тық кеңістік пен цифрлық техно­логиялардың әсері кеңінен сөз болды. Форумға қатысушылар мұндай проблемаларды шешу үшін ведомствоаралық кешенді тәсіл қажет екенін айтты.

«Қазақстан балаларға қатыс­ты зорлық-зомбылыққа қар­сы күресте тұрақты ілгері­леп келеді. Бұл бағыттағы цифр­лық әлемге қатысты ахуал да көңіл көншітеді. Биыл сәуірде әйелдердің құқықтары мен бала­лардың қауіпсіздігін қам­тамасыз ету туралы жаңа заң қабылданды және тың заңнамалық бастамалар да қолға алынып жатыр. Осыларды ескере отырып, қазір Қазақстан балаларды қорғау жүйесін нығайтудың маңызды кезеңінде деуге толық негіз бар. ЮНИСЕФ Қазақстанмен ынтымақтастықты және елдің әрбір бала үшін қауіпсіз болашақ қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалайды. Ұйым алдағы уақытта да бұл саладағы реформаларды қолдауға дайын. Біз бірлесіп, жаңа сын-қатерлерді еңсереміз және бала құқықтары толығымен жүзеге асырылатын әлем құра аламыз», деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі Рашед Мустафа Сарвар.

Сонымен қатар конферен­цияда Бала құқықтары жөнін­­­дегі уәкіл Динара Зәкиева, Оқу-ағарту министрі Ғани Бей­сем­баев, ЮНИСЕФ-тің ха­лық­ара­лық консультанты Лидия Галеано, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Психология және коррек­ция­лық педагогика кафедрасының профессоры Ирина Мацкевич және тағы басқа сарапшылар сөз сөйледі.

Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қажымұқанның ұрпағы мықтылығын көрсетті

Қажымұқанның ұрпағы мықтылығын көрсетті

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады
Жаңалықтар

Халықаралық пәтуа форумында баяндама жасады

15.12.2025
Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті
Жаңалықтар

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

15.12.2025
Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды
Жаңалықтар

Қазақ хандығы туралы парсы қолжазбалары таныстырылды

15.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00