Жұма, 5 Желтоқсан, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Интернет арқылы таралған діни ақпараттан сақтану

11.11.2024
- Ағымдар ақиқаты, Таңдаулы
0
Фото: lifehacker.ru

Фото: lifehacker.ru

154
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Бүгінде әлем бойынша ақпарат алмасу мүмкіндігі әлеуметтік желілер жүйесінде кеңінен таралған. Оны пайдаланып, адамдар үлкен қашықтықтарды еңсеріп, басқа елдермен және құрлықтармен еркін байланыс орнатады. Алайда мұндай табыс пен интернеттің қолжетімділігі дәстүрлі емес діни ағымдардың мүддесіне де қолданылады.

Экстремистік және террористік ұйымдардың халыққа ақпараттық әсер ету құралдарын кеңінен пайдалануы олардың қызметінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл ұйымдар ең алдымен желі қолданушыларының әлі қалыптаспаған санасына әсер етуге бағытталған. Яғни, олардың негізгі мақсаты — әлеуметтік жағдайы мен дүниетанымы әлі толығымен қалыптаспаған топтар. Азаматтардың діни сауаты төмен адамдардың діни ақпаратты интернеттен іздейтіні белгілі.

Мұндай адам радикалды ұйымдардың ықпалына түсіп кетуі әбден мүмкін, өйткені бұл ұйымдар ақпарат таратуда өте белсенді жұмыс жүргізуде. Экстремистік және террористік ұйымдар өз веб-сайттарын жасаумен қатар, әлеуметтік желілерде, порталдарда, форумдарда да жұмыс істейді. Бүгінде әлеуметтік желілер бүкіл әлем бойынша ең танымал қызмет түрі болып табылады. Статистика бойынша діни бағытта қолданушылардың 90%-ы әлеуметтік желілерді пайдаланады. Деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері: діни түсініктерді бұрмалау, ұлттық дәстүрлерді, тарих пен мәдениет сияқты құндылықтарды жоққа шығару, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын мойындамау, азаматтық міндеттерді орындамау (мектепке бармау, әскери борышын өтемеу), сондай-ақ вакцинация сияқты медициналық процедуралардан бас тарту.

Бүгінгі таңда бұл деструктивті ағымның негізгі уағызшылары өз идеяларын Сауд Арабиясы, БАӘ, Катар сияқты елдерден интернет кеңістігі арқылы таратуда. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының «Діни радикализм мәселесі және онымен күресу жолдары» атты социологиялық зерттеуінің нәтижелері бойынша жастардың діни әдебиетке деген қызығушылығы төмен. Тек 11,4%-ы үнемі діни әдебиеттер оқиды, 21,7%-ы сирек оқиды, ал 66,9%-ы мүлде оқымайды. Жастар дін туралы ақпаратты туыстары, достары мен таныстарынан, интернеттен іздейді. Осы зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандық жастардың тек 18,6%-ы діндер тарихы туралы білімге мұқтаж, ал 34,8%-ы бұл білімге қызығушылық танытады. Қалған 46,6%-ы діндер тарихын оқуды өздеріне қажет емес деп санайды.

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025

Қазақстан Республикасының Дін істері комитеті өңірлерде діни радикализмнің таралуын алдын алу мақсатында білікті мамандар тобын құру арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ «Kazislam.kz» республикалық интернет-порталымен қатар өңірлік деңгейде ақпараттық жұмыс барысында ақпараттық, рухани-ағартушылық және мәдени сипаттағы 18 сайт («Islam-atyrau.kz», «Maturidi.kz», «asyldin.kz», «religioved.net», «e-islam-tarmpu.kz» және т.б.) пайдаланылды. Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде 33 мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды. Интернет-мессенджерлерде («Telegram», «WhatsApp») терроризм мен діни экстремизм белгілері бар контентті пайдаланған қазақстандықтарды анықтау мақсатында соңғы жылдары 1543 экстремистік каналдар мен топтар анықталды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда деструктивті діни идеологиялардың таратушыларының саны сарапшылардың бағалауы бойынша 20 мыңнан астам адамды құрайды. Олардың көпшілігі Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Алматы және Астана қалаларында тіркелген. Олардың көпшілігі – жастар. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы шетелдік интернет-сайттарды пайдаланбағаны дұрыс. Елде рұқсат етілген әлеуметтік сайттар kazislam.kz, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттары, мысалы, muftyat.kz, fatua.kz, azan.kz, muslim.kz, ummet.kz және т.б. сенімді сайттарға жүгінгені жөн. Осылайша, еліміздің ішкі тұрақтылығы мен тұтастығына қарсы бағытталған жағымсыз жағдайлардан сақтай отырып, біз болашақта көздеген жоғары мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Әрбір Қазақстан азаматы діни сауатын арттыруға және рухани әрі ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен мән бере отырып, елдің ішкі тұрақтылығы мен тұтастығына қауіп төндіретін бөтен ағымдарға қарсы тұра алады.

Дінмұхаммәд ӘУБӘКІРҰЛЫ,

«Сапсан» стратегиялық

орталығының теолог маманы

 «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің тапсырысы бойынша

Таңбалар: діни ағыминтернетсекта
Бөлісу4Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Жаңалықтар

ҰҚК: Деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

24.11.2025
Жат ағымның мақсаты – жүйені бұзу
Видео

Жат ағымның мақсаты – жүйені бұзу

18.11.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Гутерриш Пәкістандағы терактіге байланысты көңіл айтты

Гутерриш Пәкістандағы терактіге байланысты көңіл айтты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Жаңалықтар

Аида Балаева Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

05.12.2025
«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

«Үздік имам» интеллектуалды білім сайысының жеңімпаздары марапатталды

05.12.2025
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар
Жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне қатысты түпнұсқа құжаттар

04.12.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00