Жұма, 29 Тамыз, 2025
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Ұлы дала жорығы» жалғасын табады

11.10.2024
- Сұхбат, Таңдаулы
0
323
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының қарсаңында, 3–5 қыркүйек аралығында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Жылқы тұқымының «ертеден шапса кешке озған» төзімдісін анықтайтын далалық лабораторияға айналған ат спортының жаңа түрі әлемнің 10 мемлекетінен қатысқан шабандоздарды біріктірді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған дүбірлі дода туралы республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан ТҰРЛЫБЕКОВТЕН сұрадық.

– Апта бойы ат үстінен түс­пеген шабандоздардың сайысы туралы кеңірек айтып берсеңіз.

– Жорыққа тоқталмас бұрын V Дүниежүзілік көш­пелілер ойындары тура­лы айтып өтейін. Көш­пе­лілер ойындары әлем қы­зы­ғушылығын тудырған мәдени, идеологиялық ма­ңызы жо­ғары халықаралық дода болды. Мемлекет бас­шысының халық­аралық қауымдастық алдында елі­міздің Алтын Орда мұ­ра­гері, көшпелілер өрке­ниетінің ізін жалғаушы екенін әйгілейтін идеясы жүзеге асты. Көшпелілер Олимпиадасы шетелдік қатысу­шылар тарапынан жоғары баға ие болды. Ал «Ұлы дала жорығы» мара­фон-бәйгесі туралы айтсақ, ат спор­тының қатарына тағы бір сайыс түрі қосылды. Бұл бір күнде ойлап табылған жоба емес. Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы біз, бірнеше жігіт, кезіндегі Кенесары хан­ның жортқан ізімен, Торғай өңірі­нен Созаққа дейін 900 шақырымнан астам қашықтықты салт атпен жүріп өткен едік. Кейін жорық идеясын жоба ретінде әзірлеп, тиісті орындарға ұсындық. Осы орайда «Ұлы дала жорығы» жобасына қолдау көрсетіп келе жатқан Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановқа алғысымыз шек­сіз. Игі бастамаға Туризм және спорт министрлігін басқарған Дәу­рен Абаев, Асхат Оралов, Ермек Мар­жықпаев сынды азаматтар зор сер­пін берді. Бүгінде осы салаға жауапты министр Ербол Мырзабосы­нов та үлкен қолдау көрсетіп келеді. Жалпы, Республикалық «Joryq» ат спорты федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығына қарай­ты­­ны мәлім. Қауымдастықты басқа­ра­тын Исламбек Салжанов 2022 жылдан бері бізге үздіксіз қол­дау көрсетіп келеді. Тұң­ғыш рет ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі­нің халықаралық деңгейде сәтті өтуіне зор үлес қосқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовке рахмет айтамыз.

– «Ұлы дала жорығын» Дүние­жүзілік көшпелілер ойын­да­ры­ның қарсаңында өткізудің өзіндік мәні бар ма?

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды

Умрадан оралды

28.08.2025

– Осы жоба арқылы әлемнің 10 мемлекетін көшпелілер туының астына біріктірдік. Түркия, Иран, Оңтүстік Африка, Мажарстан, Қыр­ғыз Республикасы мен Ресей Фе­дерациясының Қабардин-Бал­қар, Қарашай-Шеркеш, Татар­стан елдері команда қосты. Жүзден ас­там спортшы 5 күн бойы 500 шақы­рым қашықтықты еңсеріп қана қойған жоқ, оларға көшпелілер өркениеті, тұрмысы мен болмысы, өнері мен дәстүрі, тарихы мен өмірі таныс­тырылды. Шетелдік қатысушылар өзінің төл мәдениетімен бөлісіп те үлгерді. Мәселен, ирандықтар ұлттық билерін билеп, мажарлар әндерін шырқаса, татарлар салт-дәстүрлерімен бөлісіп, көпшілікті тәнті етті. Шетелдік командалар өз ұлтының дәстүрлі музыкасымен қатар, түрлі ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынды. Осылайша, «Ұлы дала жорығы» жобасы түрлі ұлт пен мәдениеттің тоғысқан алаңына айналды, көшпелілер ойындарының бастамашысы әрі жаршысы болды.

– Жобаның бағыты Ботай мен Астана арасын жалғады. Не­ліктен бұл бағыт таңдалды? Күз­дің қо­ңыр салқыны әлі де дендеп ене қоймаған жайма­шуақ оңтүстік өңірде неге өткіз­бедіңіздер? Солтүстікті таң­дау­дың себебін айтсаңыз.

– Әрине, басқа өңірде ұйым­дастыру бізге де жеңіл болатын еді. Бес күн нөсерлетіп, суық жел соғып, спортшыларымызды да, аттарды да титықтатып, қиын­дық туғаны рас. Ұйымдастырушы­лар­ға да оңай соқпады. Жалпы, осы жорыққа 300-ден астам адам қатысты десек, олардың күнделік­ті тамақтануы, жатын орны сияқ­ты қажетті шаруаны ұйымдас­ты­ру жеңіл болған жоқ. Оның үстіне, күніне 100 шақырым жүргенде құдды бір ауылдың көші керуен тартқандай әсер қалдырды. Бұл бағыттың мән-мағынасы, тарихи мазмұны тереңде жатыр. Жоба­ның бағыты өркениеттің тал бесігі – Ботай қонысынан баста­­лып, оның бес мың жылдық тари­хын жаңғырта отырып, елордамызда мәресіне жетті.

Адам баласы жылқы түлігін ал­ғаш қолға үйреткен Ботай мәде­ниеті шетелдік спортшылардың риясыз таңданысын тудырып қана қоймай, ежелгі өркениеттің тереңіне бойлатты. Жорық кезін­де қонақтар­ға Ботай мәдениеті­мен қатар, Сол­түстік Қазақстан облысындағы тәуелсіздігіміздің мызғымас шекарасындай болған Абылай хан резиденциясының жәдігерлері де таныстырылды.

Келген қонақтарымызға кәде­сый ретінде қазақтың тұмары мен арнайы қыштан жасалған құмы­ра әзірленді. Тұмардың ішінде жыл­қының бақайшығы формасында жасалған тиын «Botaidan Amanat» сөзімен әрленді. Ал құмыра кезінде ботайлықтардың қымыз ішкен ыдысының үлгісінде жасалды.

– «Жорық» сөзі әдетте ұрыс сипа­тында қолданылып келді. Бү­гінде еліміздегі жаңа ат спор­тының түрі ретінде қолданысқа енді.

– «Жорық» сөзі бұған дейін бел­гілі мақсатта топтасып шыққан жауынгерлердің іс-қимылын біл­дірсе, бүгінгі бейбіт күнде салт атты­лардың сапарына, «мәдени жорыққа» ұласып отыр. Шетелдік спортшылар осы жоба негізінде 3-4 мың жыл бұрынғы Ұлы Жібек жолын басып, тарихи ізбен жүріп өтті. Ілгеріректегі қазақ даласы соғыс пен шиеленіс мекені емес, керісінше, сауда-саттықпен қатар, әлемдік өркениеттің, ғылым мен білімнің таралуына ықпал еткен негізгі артерия екендігі көпшілік­ке түсіндірілді. Халықаралық дең­гейде ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы», кей елдердегі геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, еліміздің әлемге ашықтығы мен бірлігін көрсете білді. Осылайша, еліміз бейбітшілік пен достықтың нағыз мекені екендігі іс жүзінде көрсетілді.

– Елімізден қандай жылқы тұқымдарының төзімділігі сыналды?

– «Ұлы дала жорығы» жобасына халықтың жадынан алыс­та­ған Адай, Әулиеата, Найман, Жетісу арғымағы, Қостанай, Кө­шім жыл­қы тұқымдары қосыл­ды. Тарихи әділетсіздікке душар болып, ұмыт қалған қазақы жыл­қы тұқымдарының халықара­лық деңгейде танымалдылығын арттыруға мүмкіндік туды. Қазақ жылқылары жарысқа қатысқан араб, ағылшын, қарашай, татар, қырғыз сынды жылқы тұқым­да­ры­мен бәсекелес бола алатыны дәлелденді.

Халықаралық «Ұлы дала жо­рығы» марафон-бәйгесіне қа­зақ тұлпарларын баптап, дайын­дау қажырлы еңбекті қажет етеді. Осы ретте республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының өңір­лердегі басшылардың орасан шаруа атқарды. Себебі 500 шақырымға ат баптау оңай жұмыс емес екені анық. Әріптестеріміз ұмыт қалған қазақ жылқыларының тұқымын қайта жаңғыртуға лепті үлес қосып келеді. Жоба аясында ат баптап жүрген отандық мамандар шетелден келген атбегілермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алып, халықаралық талаптардың қыр-сырымен жақын танысты.

– Дегенмен бас бәйгені ше­телдік команда жеңіп алды. Біздің отандық командалардың күш-қуаты кем соқты ма?

– Халықаралық «Ұлы дала жо­рығында» Ресей Феде­ра­­ция­сы Қабардин-Балқар Рес­пуб­ли­касынан келген команданың же­ңімпаз атануы еліміздің спорт­тағы әділеттілік пен ашықтық ба­ғытын ұстанатынын айқындады. Сонымен қатар шетелдік командалар «Ұлы дала жорығы» жобасына жоғары баға беріп, елдер арасындағы мәдени, гуманитар­лық әріптестікті орнатудағы маңыз­ды рөлін атап өтіп, келесі жылы өткізілетін жобаға қатысуға ықылас танытты. Мәселен, Ресейдің өзінен келесі жылы 20-дан астам команда қатысуға ниет білдіріп отыр.

– Дүбірлі дода өтіп жат­қанда әлеуметтік желіде кей­бір жаңалықтардың астында шетелдік жанкүйерлердің қалдырған пікірлерін көзіміз шалды. Қазақ даласында өткен марафон-бәйге шетелдіктердің де қызығушылығын арттырып отыр деуге бола ма?

– «Ұлы дала жорығы» жобасы аясында жүргізілген жүйелі ақпараттық жұмыстың негізінде ұлттық спорт жанкүйерлерінің қатары арта түсті. Бір айда БАҚ, әлеуметтік желіде 12 мыңнан астам материал жарыққа шығып, ресми әлеуметтік желіге жүктелген контентте (Instagram, Tik-Tok, Facebook, You Tube) 21 миллионнан астам қаралым болды.

Жоба туралы арнайы де­ректі фильм түсіруге АҚШ-тан Жеронимо Виллар есімді ре­жис­серді шақырттық. Өткен жылы жорық туралы отандық ре­жис­серлердің тамаша деректі фильмі көрермендерге жол тартып, көп­шіліктің жоғары бағасын алды. Ал биыл атқарған жұмысымызға сырт көздің бағасын алу маңызды болды, екіншіден ат спортының жаңа түрі, жорық туралы фильмді шетелдік аудиторияға да таны­мал етуді мақсат тұттық. «Ұлы дала жорығы» жобасының ел ішінде, шетелде тұрақты көрермені мен жанкүйерінің шоғырын молайту барысында әлі де талай жоба іске асады.

– Халықаралық марафон-бәйге жалғасын таба ма?

– Марафон-бәйге танымал жобаға, елдік брендке айналғанын ескеріп, халықаралық деңгейде жыл сайын өткізу маңызды деп есептейміз. Сондай-ақ болашақта Ботай қонысының аймағында халықаралық талаптарға сай 80, 100, 120, 160 шақырымға есептелген әлемдік ат жарысын ұйым­дастыруға ниеттіміз. Тіпті осы бағытта жұмысты бастап та кет­тік. Ботай қонысын келешекте ат спортының алтын қазығына айнал­дырсақ дейміз.

Әңгімелескен –

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Таңбалар: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыұлттық спортұлы дала жорығы
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мақсат ШОТАЕВ: Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы
Сұхбат

Мақсат ШОТАЕВ: Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы

18.08.2025
Батыс өңірде ұлттық спорт дамып келеді
Жаңалықтар

Батыс өңірде ұлттық спорт дамып келеді

18.04.2025
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Қостанай облысында өрттен бір үйдің 5 баласы қаза тапты

Қостанай облысында өрттен бір үйдің 5 баласы қаза тапты

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»
Сұхбат

«Абай арқылы ішкі әлемімізді тазарту маңызды»

28.08.2025
Умрадан оралды
Жаңалықтар

Умрадан оралды

28.08.2025
Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады
Жаңалықтар

Ақтөбе мешіттері 1134 оқушыны мектепке дайындады

28.08.2025
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

      Update Required Flash plugin
      -
      00:00
      00:00
        Сұрақ қою
        Сұрақ қою