Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады

03.10.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
47
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты СІМ ресми өкілі А.Смадияров журналистерге брифинг өткізді. 

«Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне байланысты терең алаңдаушылық білдіреді. Біз барлық қатысушы тараптарды сабырлылық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасы мен өңірде кең ауқымды соғысқа ұласуы ықтимал жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Осыған байланысты келіспеушіліктерді реттеуді БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттары шеңберінде тек қана саяси-дипломатиялық жолмен жедел шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтеміз» деді ол.

Сонымен қатар А.Смадияров Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстан азаматтарымен жағдай бойынша ақпарат берді.

«Израиль, Иран және Ливандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Осы елдердегі ҚР азаматтарымен байланыс арналары құрылды, олармен тұрақты байланыс сақталуда және қандайда да бір елдегі жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті ұсыныстар беріледі. Елшіліктеріміз әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты елден кету қажеттілігін бірнеше рет жариялаған болатын

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026

Консулдық есепте тұрған азаматтардың тізімі тұрақты негізде өзектендіріледі. Осылайша, бүгінде Израильде консулдық есепте 120, Иранда – 102, Ливанда – 139 Қазақстан азаматы, оның ішінде дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері бар. Көптеген азаматтар консулдық есепке тұрмайтынына назар аударғымыз келеді. Осыған байланысты байланыс орнату және Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біраз уақытты алады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның барлық азаматтарын болу елдерде консулдық есепке тұруға шақырамыз» деді ол.

СІМ өкілі қазіргі уақытта Израильде, Иранда және Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен аталған елдердегі Қазақстанның елшіліктерімен байланыста болуын сұрайды.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде және Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы шетелдік мекемелерінде жедел желілер ашылды, бұл туралы ақпарат Сыртқы істер министрлігінің және елшіліктердің ресми ресурстары мен әлеуметтік желілерінде осы брифингтен кейін бірден жарияланатын болады. Сонымен қатар СІМ-де арнайы штаб құрылып, ол қазақстандықтарға қажетті көмекті ұйымдастыру бойынша барлық жұмысты жедел түрде үйлестіреді. Қазақстанның Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы елшіліктері де осы елдердің уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының зардап шеккен немесе қаза тапқан азаматтары туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Күрделі әскери-саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар Министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп репатриациялық рейстерді пысықтау үшін ахуалға мониторинг жүргізіп жатқанын атап өткім келеді. Израиль халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді, Иранда 3 қазанның таңына дейін барлық рейстер тоқтатылды. Ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін Ливандағы жүзден астам шетелдік елшіліктердің ешқайсысы өз азаматтарын эвакуациялаған жоқ. Бұл тұрғыда Ливанның билігі тарапынан да тиісті нұсқама болған жоқ.

Сондықтан біздің азаматтарды эвакуациялау мәселесі әзірге пысықталуда және Министрліктің ерекше бақылауында.

Бұған дейін айтқанымдай, біз отандастарымызды қиын жағдайда қалдырмаймыз, Қазақстан Республикасының шетелдегі әрбір азаматына қамқорлық жасау сыртқы саясат ведомствосының негізгі міндеті» деді ол.

Таңбалар: ИзраильИранСыртқы істер министрлігі
Бөлісу1Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Иран үш күндік ұлттық аза тұту жариялады
Жаңалықтар

Иран үш күндік ұлттық аза тұту жариялады

12.01.2026
Иран 12 сағаттан бері интернетсіз отыр
Жаңалықтар

Иран 12 сағаттан бері интернетсіз отыр

09.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Мемлекет мүлкіне адалдық

Мемлекет мүлкіне адалдық

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?
Сұрақ-жауап

Дем салғанда айтылатын «куф-шуф» деген сөздердің мағынасы қандай?

27.01.2026
Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Нәресте өлімі екі жылда 13%-ға төмендеді

27.01.2026
Сұрақ-жауап

Сұрақ: Уаһабизм ағымының шынайы мақсаты қандай?

26.01.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00