Жексенбі, 15 Наурыз, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам – ынтымақ діні

10.10.2024
- Ислам
0
59
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Ислам – әлемдік діндердің ішінде таралуы бойынша екінші орында тұрған дін. Қазіргі уақытта жер бетіндегі мұсылмандардың саны 2 миллиардтан астам адамды құрап отыр.

Дегенмен, қоғамда «ислам» сөзі кейде «радикализм», «террор», «экстремизм» сынды қауіпті ұғымдармен тіркесіп жүргенін көзіміз шалып жатады. Соның салдарынан, дін туралы жеткілікті дәрежеде ақпараттанбаған адамдардың ойында ислам діні жайлы негативті көзқарас қалыптасады. Ал, шын мәнінде ислам дінінің табиғаты қандай? Осы тақырыпты талдап көрейік.

«Ислам» сөзі араб тіліндегі түбірі «сәләм» деген сөзден шығады. Оның қазақша мағынасы «бейбітшілік, татулық, ынтымақ, қауіпсіздік» дегенді білдіреді. Мұсылманша «әссәләму алейкум» деп амандасудың да мәні «сізге тыныштық, бейбітшілік болсын» деген сөз.

Атауының өзі татулыққа үндейтін діннің қоғамға зиян тигізуі мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Ислам дінінің негізгі қайнар көздері Құран мен хадистерде адамдар арасындағы татулық пен бірлікке қатты мән беріледі.

Зекет – байлықтың қорғаны

15.03.2026

Ашығудың хикметі

05.03.2026

Мәселен, Бақара сүресінің 256-аятында «дінде зорлық жоқ» делінген. Бұл аяттан біз ешқандай адамды мәжбүрлеп, күштеп дінге кіргізуге болмайтындығын түсінеміз. Құдайдың өзі адамға ерік беріп тұрғанда, ол еркіндікті өзге адамның тартып алуына жол берілмейтіндігін ұғамыз.

Осы ұстанымның жарқын көрінісі ретінде ислам тарихында 622 жылы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) мен Мәдина қаласының халқы арасында қабылданған «Медина конституциясы» немесе «Медина декларациясы» деген атаумен белгілі құжатты айтуға болады. Оның ішінде түрлі дін өкілдерінің бір елде қалай бейбіт өмір сүру керектігі көрсетілген. Әрбір дін өкілінің өз сенімін еркін ұстанып, өзгелерге кедергі келтірмей, ынтымақ-бірлікте болуы керектігі айтылған.

Тіпті пайғамбардан жеткен «мұсылмандардың жерінде өмір сүретін басқа дін өкілдеріне қысым жасайтындар менің үмметімнен емес» деген хадистері де кездеседі. Бұдан біз Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі мұсылмандармен де, мұсылман емес кісілермен де бірлікте өмір сүргендігін, олармен өте көркем түрде қарым-қатынас жасағандығын көреміз.

Сондай-ақ, хадистерге үңілер болсақ, Сахих Муслим жинағында «нағыз мұсылман – өзге адамдар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адам» делінген. Яғни, өзін мұсылман санайтын адам айналасындағы адамдарға зиян тигізбеуі керек. Керісінше, қоғамға пайдалы іс істеп, көркем мінезділіктің үлгісін көрсетуі шарт. Себебі, пайғамбар тағы бір хадисінде «сендердің ең жақсыларың – адамдарға пайдалы болғандарың» деген.

Қазақ даласында ислам дінінің шынайылығын түсіндірген Абай Құнанбайұлы өз өлең жолдарында:

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті», деп бекерден-бекер жырламаса керек. Ақынның өлең жолдарынан хақ діннің қашанда адамзатты мейірімділік пен бауырмалдыққа үндейтінін көреміз.

Қорыта айтқанда, ислам дінінің табиғаты тек бейбітшілік пен ынтымақтастыққа құрылғанын анық түсінеміз. Себебі, ислам шариғаты әділеттілік, толеранттылық, сүйіспеншілік принциптеріне негізделген.

Сондықтан әрбір мұсылманның міндеті – адамдар арасында алауыздықты болдыртпай, бейбіт қоғам құру. Міне, осы келтірілген ақпараттардан-ақ шынайы ислам дінінің қоғам арасында іріткі тудыратын түрлі теріс идеологияларға еш қатысы жоқ екендігіне көз жеткіземіз.

Дәулетсейд ЖАРЫЛҚАСЫН,

Қызылорда облысының дін істері

басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу

орталығы» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің дінтанушы маманы

Таңбалар: бейбітшілікисламынтымақ
Бөлісу2Твитерге1БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Сұрақ-жауап

Қазақ жеріне Ислам қашан келді?

07.03.2026
Ислам

Исламның өзге дін өкілдерін құрметтеуі: адамзаттық татулыққа бастар жол

26.02.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Теріс ағымның үш зардабы

Теріс ағымның үш зардабы

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

  • Індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу туралы пәтуа

    120906 бөлісті
    Бөлісу 48362 Твитерге 30227
  • Рамазан-2026: Пітір садақасы – 735 теңге

    1598 бөлісті
    Бөлісу 639 Твитерге 400

Соңғы жарияланымдар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді
Жаңалықтар

Әлеуметтік желілердегі діни контентпен жасалатын манипуляциялар туралы онлайн-семинар өткізді

15.03.2026
Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең
Қоғам

Кемелер кептелісі немесе Ормуз бұғазындағы дүрбелең

15.03.2026
Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді
Жаңалықтар

Референдум: 2 миллоннан астам адам дауыс берді

15.03.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00