Жексенбі, 8 Ақпан, 2026
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы
  • Кіру
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
Қазақстандағы Ислам
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ислам энциклопедиясы жарық көрді

18.10.2024
- Жаңалықтар, Таңдаулы
0
93
ҚАРАЛДЫ
Facebook-те бөлісуTwitter-де бөлісу

Қазақ руханияты көптен күткен іргелі еңбекпен толықты. Ол – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген Ислам энциклопедиясы. Кеше мүфтиятта аталған сүбелі еңбектің алғашқы томының тұсаукесері өтті.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, қазір діни мәлімет іздеген адамға интернетте ақпарат жетерлік. Адамдар көбіне керегін уикипедия базасынан іздейді. Алайда ғаламтордағы мәліметтің бәрі шынайы, ақиқат деуге келмейді. Соның ішінде Ислам дініне қатысты деректер аз, бар деректің өзі күмәнді. Сондықтан қазақ тілінде жарық көре бастаған бұл Ислам энциклопедиясы осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Бұйырса, алдағы уақытта энциклодепияның жалпы саны бес томын шығару көзделіп отыр.

Кітаптың таныстырылымында сөз сөйлеген Н.Тағанұлы елімізге белгілі 50-ге жуық ғалымның басын біріктірген жұмыс тобы құрылғанын, Ислам тарихы мен өркениеті, мәдениеті мен әдебиеті, сонымен қатар күллі мұсылман халқына ортақ ұғымдар мен атаулар қамтылғанын атап өтті. Ұлы дала төсіндегі Ислам тарихынан бастап (Қарахан мемлекеті, Алтын Орда, Қазақ хандығы, Алашорда үкіметі, Кеңес заманы және Тәуелсіз Қазақстан), қазақ топырағынан шыққан тарихи тұлғалар, дін қайраткерлері, қасиетті жерлер мен киелі мекендер туралы мағлұматтар да енгізілген. Қазақтың діни-ағартушылық саласында өз ізін қалдырған ахундар, ишандар, қазилар, мүфтилер, имамдар да қамтылды. Бас мүфти энциклопедияда негізінен қазақ халқына қатысы бар ислами мәліметтер топтастырылғанын атап өтті.

«Бұл еңбекте қамтылған және алдағы уақытта қамтылатын барлық материал келісімшарт негізінде халықаралық уикипедия базасына ұсынылады. Жас зерттеушілердің көмекші құралы ретінде осы саладағы іргелі зерттеулерге негіз болады. Сондай-ақ, қазақ тарихы мен мәдениетіндегі Исламның орны шынайы дәйектер мен нақты деректер негізінде толық жүйеленіп, бір ізге түседі» деді Бас мүфти.

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

08.02.2026
Сәлемдесіп сауап ал!

Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы

07.02.2026

Еңбектің танытымына арналған іс-шарада Президент кеңесшісі Бауыржан Омар, академик Ғарифолла Есім, мемлекет қайраткері Оралбай Әбдікәрімұлы, қоғам қайраткері, жазушы Жабал Ерғалиев, «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры Дихан Қамзабекұлы, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова, өзге де есімі елге белгілі қонақтар сөз алып, жаңа еңбекке қатысты ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ

Таңбалар: ҚМДБНаурызбай қажы Тағанұлы
Бөлісу2Твитерге2БөлісуБөлісу

Ұқсас мақалалар

Мүфтият: Діни рәсімдер бөлімі ашылады
Жаңалықтар

Мүфтият: Діни рәсімдер бөлімі ашылады

16.01.2026
2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді
Жаңалықтар

2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді

15.01.2026
Тағы жүктеу
Келесі жазба
Рухани келісім – бейбітшілік пен бірліктің негізі

Рухани келісім – бейбітшілік пен бірліктің негізі

Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жарияланымдар

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті
Жаңалықтар

«Жошы» ансамблі Қатардағы Қазақстан мәдениеті күндерінде өнер көрсетті

08.02.2026
Сәлемдесіп сауап ал!
Ислам

Қайырлы амал – мұсылманның ең үлкен қазынасы

07.02.2026
Имам Ағзам Әбу Ханифаның он екі өсиеті
Сұрақ-жауап

Исламның басты құндылықтары қандай?

07.02.2026
Тағы жүктеу
Қазақстандағы Ислам

Kazislam порталы – мемлекетіміздің дін саласында жүргізіп жатқан жұмыстарын насихаттайтын еліміздегі бірден-бір интернет-ресурс.

Біздің қолдаушыларымыз:

  • Бастапқы бет
  • Жоба туралы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • ҚАЗ
  • РУС
  • Жаңалықтар
  • Мақалалар
    • Мемлекет және дін
    • Ислам
    • Қоғам
    • Ағымдар ақиқаты
    • Исламдық қаржыландыру
    • Ғибратты әңгімелер
  • Сұхбат
  • Сұрақ-жауап
  • Видео
  • Тағы
    • Инфографика
    • Кітапхана
    • Сауалнама
    • Дінтану бұрышы

© 2025 kazIslam.kz Яндекс.Метрика ZERO.kz

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
-
00:00
00:00

Queue

Update Required Flash plugin
-
00:00
00:00